Ұмытпаңыз:
Килограмм- бұл массаның өлшем бірлігі, массаны m әрпімен белгілейді.
Метр куб – бұл көлемнің өлшем бірлігі, көлеммді V әрпімен белгілейді.
Килограмм/метр куб – бұл тығыздықтың өлшем бірлігі, тығыздықты ρ әрпімен белгілейді.
(G) 1. Бөлім. Сапалық есептер шығару.
Тығыздық түсінігін нығайту және кестемен жұмыс жасау дағдыларын дамыту мақсатында бұл тапсырмалар ауызша орындалады. Оқушы ауызша жауап береді, сыныптастары оны толықтыра алады. Бұл оқушылардың бойында жауапкершілік және толеранттылық сезімдерін дамытады.
Сапалық есептерді шығару
Темір және қорғасын білеушелердің массасы бірдей. Қай білеушенің көлемі үлкен?
Темірдің көлемі үлкен, себебі темірдің тығыздығы қорғасыннан аз.
Су мен керосиннің көлемдері бірдей. Қай сұйықтың массасы көп? Неге?
Су, оның тығыздығы керосиндікінен көп.
Металл детальді пеште қыздырады. Сонда металдың массасы, көлемі, тығыздығы қалай өзгереді?
Детальдің көлемі артады, тығыздығы кемиді, ал массасы өзгермейді.
|
21-35 мин.
|
(G) 2. Сандық есептер шығару.
Мұғалім әрбір оқушының жұмысын қадағалайды, бір оқушы тақтада орындайды. Мұғалім есеп шартының қысқаша жазылуын, бақылайды, шығару барысында қиындық туындаса сұрақтар қою арқылы есептің шартын түсінуге ықпал жасайды, сөйтіп олардың есеп шартына талдау жасау дағдыларын дамытады.
1. Көртышқан – алақандары үлкен сыртқа иілген кішкентай аң. Ұзындығы 10 – 15 см және массасы 100 г, ол жылына 1 га қайыңды орманның 10 т топырағын қазып шығарады. Ол жылына тығыздығы 2000 кг/м3 топырақтың қанша көлемін өңдейді?
Берілгені:
m = 10 т = 10000 кг
= 2 000 кг/м3
V – ?
|
Шешуі:
V = m /
V = 10000кг / 2 000 кг/м3 = 5м3
|
Жауабы: 5м3
2. Кәдімгі сиыр жылына 3–5 мың литр сүт береді, ал сүтті сиырлар 20 мың литрге дейін сүт береді. 1941 жылы тәулігіне 82,15 л сүт берген сиыр рекордқа енді. Осы сиырдың бір тәулікте берген сүтінің массасын анықтаңыз. Сүттің тығыздығы 1 028 кг/м3.
Берілгені:
V = 82,15 л = 0,08215 м3
= 1 028 кг/м3
m – ?
|
Шешуі:
m = · V
m = 1 028 кг/м3 · 0,08215 м3 = 84,45 кг
|
Жауабы: 84,45 кг
3. Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |