Сабақ тақырыбы Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу



бет3/5
Дата16.11.2022
өлшемі351,17 Kb.
#158563
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
17.10 6с
18.10 6с, циклограмма 21-22ж[1]печать
Алған білімдерін жүйелеу.
1) Координаталық түзуде -5 және 3 сандары нөлге
қатысты қалай орналасады?
2) -5 санның модулі нешеге тең?
3 санның модулі нешеге тең?
3) Санның модулі дегеніміз не?
4) -5 саны қандай бүтін сандар арасында орналасады?
3 саны қандай бүтін сандар арасында орналасады?
5) Қандай сандарды бүтін сандар деп атаймыз?
6) -5 санына қарама-қарсы санды атаңыз;
3 санына қарама-қарсы санды атаңыз.
7) Қандай сандарды қарама-қарсы деп атайды?
8) -5 және 3; -5 және0; 3және 0 сандардын салыстырыңыз. Ойын ұсыныңыз: Екі оқушыға координаталық түзудің макетін горизонталь қалыпта ұстап тұруды және осы түзудегі мәселен, А(-3) және В(4) «нүктелері» болуды сұраңыз.
Жүргізуші таңдалынады. Сынып мысалдар ұсынады, мәселен, - 3 + 2 және 4 + 2; –3 + (-2) және 4 + (-2); -3 + 5 және 4 + 5; –3 + (-6) және 4 + (-6)). Жүргізуші «нүктелерді» оң (сол) бағытта 2 бірлікке жылжытады, ал оқушылар жауаптарды тақтаға және дәптерге жазады.

Сыныппен талқылаңыз және жалпы қорытындыны жазыңыз.





Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
1. Қалай есептеп таптыңыздар?
2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?
3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?
4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?
5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар.


Оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізу. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11. (Слайд 6)

Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. (Слайд 7)


Осы жерде оқушыларда түсінбеушілік тудырмау үшін азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын түсіндіру, мысал келтіру (Слайд 8):
а +(- в) = а - в
Мысалы: 8-3=8+(-3)
9-6=9+(-6)
-5-7=-5+(-7)
-11-4=-11+(-4)


Берілген тапсырма бойынша оқушылар қандай ереже құрғандарын айтып өтеді және оқушылардың берген дұрыс жауаптарының негізінде координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу алгоритмін құрамыз.
Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені оңға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.

Координаталық түзуде а санына терісв санын қосу ережесі:


1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және айырма осы нүктенің координатына тең.


Осы жұмыстың қорытындысы ретінде мұғалім азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын ескере отырып айтылып өткен екі ережені біріктіріп координаталық түзінің көмегімен сандарды қосу үшін келесі алгоритмді ұсыну (Слайд 9):
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтінв санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені
- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;
- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.


Тақырып бойынша жұптық жұмыс.
Жұптық жұмыс нәтижесінде сандарды координаталық түзуде қосуға және азайтуға байланысты бірнеше қорытынды жасайтындарын ескертіп айту. Оқушылардың қателесуінің алдын алу үшін есеп мәтініне назар аударту. (қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыт береді. Есептерге ұсынылған дискриптор:
1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қосу ережесін біледі;
2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;
3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

№1. Қосу амалы арқылы жаз:


1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.
3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.

№2. а) Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;


ә) Бірінші қосылғыш пен қосындыны салыстырыңыз.

1) 6 және 3;


2) 2 және 5;
3) -2 және 5;
4) -4 және -3;
5) 6 және 0;
6) -5 және 0;
7) -3 және 3;
8) 1 және -1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет