Сабақ тақырыбы Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу



бет2/5
Дата16.11.2022
өлшемі351,17 Kb.
#158563
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
17.10 6с
18.10 6с, циклограмма 21-22ж[1]печать
Сабақтың мақсаты: координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту.(Слайд 3)
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту (Слайд 4):
1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;
2. Координаталық түзудіпайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»



http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab



Сабақтың ортасы

Тақырып бойынша есептер (жұптық жұмыс) шығару. Есепті шығару жолын талқылау және оқушылар өздерін тақтадан тексеріп бағалау үшін тақтаға оқушы шығару.
Есептерге дискриптор:
1.Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қосу ережесін біледі;
2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;
3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

№1. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+5, а+(-3), а-1, а-4 сандарын кескіндеңіз.


№2. Түсте ауа температурасы -2°С болды. Кешке ауаның температурасы -3°С-қа, ал түн ортасында -5°С-қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?


№3. Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін -42 метрге өзгертті, сонан соң тағы да -27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?


Сонда үш санды координаталық түзуде қалай қосады екенбіз?сұрағын қою арқылыоқушыларға бірнеше санды қосуүшін орындалатын амалдар тізбегін құрғызу (оқушылар жауабын талқылаймыз, қорытынды жасаймыз: координаталық түзуде үш санды қосу үшін алғашқы екеуін қосып алып нәтижесіне үшінші санды қосамыз. Үштен де көп сандар үшін қосындыны дәл осындай жолмен табамыз)


Келесі есепте жұптағы оқушылардың біріне а) нұсқасын екіншісіне ә) нұсқасын есептеп өзара салыстыруға кеңес беру. Нәтижелерін талқылап, қорытынды жасайтынын ескертіп айту:

№4. Келесі сандарды координаталық түзуді пайдаланып қосыңыз: а) 3, -4, 5; ә) -6, -2, 1.




Қосылғыштардың орнын ауыстыруға болады ма? Есептеп көріңіздер. Қандай тұжырымға келдіңіздер?

№5. Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5 млн. тг, екінші айда -3 млн. тг, ал үшінші айда +1 млн. тг болды. Фирманың үшінші айдағы ақша есебінің өзгерісі неше теңге? Фирма зиян шеккен ба, әлде пайда тапқан ба?




Қосымша есептер:
№6. Ұялы телефон бағасы алғашқыда 4500, келер айда тағы 3000 теңгеге арзандатылды. Ұялы телефонның алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?

№7. Ауа шары Жер бетінен 400м биіктікке көтеріліп алған соң, өзінің ұшу биіктігін -70 метрге өзгертті. Сонан соң тағы да -130 метрге өзгертіп, қайтадан +100 метрге өзгертті. Ауа шары соңғы ретте Жер бетінен неше метр биіктікте болды?


№1. Рационал сандарды салыстыру ережелерін пайдаланып, дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз:
а) –1 > –2.5;
б) – 2,5 > – 4,5;
в) –1 >– 4,5.
№2. Сөйлемді аяқтап, қорытынды шығарыңыз:
Екі теріс таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі кіші сан артық болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет