Сабақ тақырыбы Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу



бет4/5
Дата16.11.2022
өлшемі351,17 Kb.
#158563
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
17.10 6с

Қандай қорытындыға келдіңіздер? Сөйлемді аяқтаңыз:
1) Кез келген санға оң санды қоссақ ...
2) Кез келген санға теріс санды қоссақ ...
3) Кез келген санға нөлді қоссақ ...
4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ ...

1 және №2 есептер нәтижелерін оқушылар Слайд 10, 11 арқылы өз-өздерін тексереді. Қорытындылар талқыланады (Слайд 12).




Келесі есеп нәтижелерін оқушылар бірін-бірі тақтада жазып қойылған нәтижелер бойынша тексереді. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тақтаға оқушы шығаруға болады.

№3. Теңіз деңгейінен -24 метрдегі ойпаттан тереңдігі 74 метр шахта қазылған. Шахта түбіндегі зат теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатады?


№4. Сүңгуір қайық -310 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін +36 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық қандай тереңдікте жүзді?




Қосымша тапсырмалар:

№5. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+3, а+(-4), а-2, а-7 сандарын кескіндеңіз.


№6. Тауар бағасы 1500 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?




Сабақ барысында қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға қосымша есептер ұсынуға болады

Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
1-10 баллдық жүйеде бағаланады.



6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
Әбілқасымов А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., 2018ж «Мектеп» баспасы
https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E



Сабақтың соңы

Координаталық түзудің көмегімен – 4 және 3 сандарының қосындысын табайық:
1) А (–4) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз;
2) оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжымыз;
3) В (–1) нүктесін қоямыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет