Сабақ тақырыбы: радиоактивті изотоптар және олардан қОРҒану. Радиоактивті сәулелерден қОРҒану мәселелері. Нармағамбетова айгүл дүйсембайқызы. Физика пәні мұҒалімі. №1мектеп атырау облысы. ҚҰлсары қаласы. Мақсаты
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: РАДИОАКТИВТІ ИЗОТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН ҚОРҒАНУ. РАДИОАКТИВТІ СӘУЛЕЛЕРДЕН ҚОРҒАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. НАРМАҒАМБЕТОВА АЙГҮЛ ДҮЙСЕМБАЙҚЫЗЫ. ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ. №1МЕКТЕП АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫ.
Мақсаты : - радиоактивті изотоптарға анықтама бере отырып, оларды алу, қорғану жолдары туралы түсінік беру.
- Қазақстанда арзан,жеңіл, қоршаған ортаға зиянсыз радиоактивті изотоптарды өнеркәсіпке қолдану мәселелерін қарастыру.
Көрнекілігі: 9- физика оқулығы (Башарұлы)
11- физика оқулығы (Мякишев)
Д.И.Менделеевтің химиялық әлементтер периодтық кестесі. Интерактивті тақта. «Жасыл пакет» дискісі
4) Радиоактивті сәулелер – радиациялық сәулелердің биологиялық әсері, олардан қорғану.
5) Изотоптардың активтілігі – секундына ыдырайтын ядролар санын көрсетеді.
6) Сәулелену дозасы . D= E/m1 (жұтылған доза) жұтылған доза греймен (Гр) өлшенеді. Бір жылғы шекті доза – 0,05 Гр.
7) Радиацияны анықтау үшін – дозиметр құралы қолданылады.
III. ЖАТТЫҒУ БӨЛІМІ. (ЕСЕПТЕР,ТЕҢДЕУЛЕР,РЕАКЦИЯ).
Азоттың (714N), көміртегі(612C), уран изотоптарының 92235U, 92238U ядролық құрамын анықтау.
Римкеевич №118,5 . Радиоактивті (2554Mn) марганец 2 түрлі тәсілмен алу реакцияларын жазу.
№1202 Р. Рентген қондырғысында жұмыс істейтін сәуле жұтылуының орташа мөлшері 1 сағатта 7 мкГр-ға тең. Егер бір жылға рұхсат етілген сәулелердің шектік мөлшері 50 мГр-ге тең болса, бір жылда күніне 6 сағаттан, 200 жұмыс күніне қызметкер денсаулылығына сәулелену қаупін есептеңіз?
IV. БІЛІМДІ БЕКІТУ. ТЕСТІЛЕУ.(«ЖАСЫЛ ПАКЕТ» ҚОЛАЙСЫЗ ӘСЕРЛЕР - РАДИОАКТИВТІЛІК).
1)Құйрыққойма дегеніміз не?
а) Құйрықша пішіндес тұрмыстық қалдықтар қоқысы.
б) өздігінен құйрықша түтіндеп жанатын кез-келген қалдықтар қоқысы
г) ауыл шаруашылығы қалдықтарын және құралдарын сақтайтын арнайы орын
2) Орталық Азия аймағында радиациялық қалдықтардың үйінділерінің пайда болуының негізгі себебі ?
а)Басқа елдерден қалдықтардың әкелінуі б)Кеңес уақытында уранды өндіру және байыту жұмыстарының нәтижесі в)геологиялық орындардағы тектоникалық, вулкандық процесстер. г)Чернобыль АЭС-дегі тәрізді техногендік апаттар.
3 Алғаш кеңестік ядролық полигон Орталық Азияның қай елінде ашылды?
а) Қазақстан б) Қырғызстан в)Тәжікістан г)Түркменістан д)Өзбекстан