Сабақ тақырыбы: Шамалар. Уақытты бағдарлау Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру Мектеп



бет55/57
Дата01.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130437
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
null-1

Кіріспе тапсырма. “...артық”, “...кем” ұғымдарын­ қайталау үшін оқушыларға “Артық — кем” ойынын ойнауды ұсыныңыз:

Оқушылардан бір жаққа екі, ал екінші жағына одан екеуі кем қарындаш; бір жаққа төрт, ал екінші жағына, одан біреуі кем қарындаш және т.с.с. қоюды ұсыныңыз.

Тақтаға алдын ала бірінші ережедегі есепті шыға­ ру сызбасын көрсетіп қойыңыз. Оқушыларды­ есептің шартымен таныстырыңыз. Есептің шартын­ сызбамен­ сәйкестендіріңіз. Ол үшін оқушыларға­ жетелеуші­ сұрақтар қойыңыз:— Есепте кімдер туралы айтылып тұр? (Үлкендер мен балалар.)

— Бұл сызбада қалай көрсетілген?

— Үлкендер мен балалардың саны ненің көмегі­­ мен көрсетілген?

— Саябаққа неше үлкен адам барды? (Үш.)

— Бұл сызбада қай жерде көрсетілген?

— Балалар туралы не айтылған? (2-ге артық.)

— Бұл сызбада қалай көрсетілген?

— Есепте нені сұрап тұр? (Саябаққа неше бала барды?).

— Сызбада есептің сұрағы қайда жазылған?

— Балалар санының артық екенін көрсететін­ кесінді үлкендер санын көрсететін кесіндіден неге артық? (Өйткені есепте 2 бала артық деп айтылған.)



Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа есеп ойлас­ тыруды ұсыныңыз. Топ мүшелеріне ойлаған есеп­ терін айтып беруіне мүмкіндік беріңіз. Содан соң оқушыларға есепті өз бетінше шығаруды ұсыныңыз­. Бұл үшін қағазға есептің шешулері мен жауаптарын­ жазып, кейін топта тексеруді­ қадағалаңыз. Жауаптары сәйкес келген оқушы­лардан­ қолдарын­ көтеруді сұраңыз. Келіспе­ген­ жағдайда қателерін сараптап көрсетіңіз.

Жауабы:


4 + 3 = 7 (сөмке).

Ұжымдық талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылар­ дан есепте не туралы айтылатынын­ сұраңыз. Саябақта 6 бала велосипед тепті, ал скейтборд тепкен балалар саны 4-ке кем. Қанша бала скейтборд тепті?

Сызбаға қарап есеп құрастыр және оны шығар. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқу­ шылар­ға­ сызбаны талдауды және олардан барлық көргенін айтып беруді, өз қалауы бойынша сызбаны сипаттап беруін, есепте не туралы сөз болатынын сұраңыз­. Не белгілі, не белгісіз? Есепте не туралы сұрайды?­ Оқушыларға есепті жұппен шығаруды және шешуі мен жауабын қағазға жазуды ұсыныңыз. Содан соң жұпты ауыстырып, өзара тексеруді ұйымдас­ты­­ рыңыз.

Жауабы:


10 – 6 = 4 мәшине.

Оқушылардың назарын тақтадағы екі сызбаға аударыңыз­ және олардың ұқсастықтары мен айырма­­ шылықтарын­ айтып беруді, есептің шешуі неге оның сұрағына байла­нысты­ екенін сұраңыз.

Шығарып көр. А) Оқушыларды есептің шарты­мен­ таныстырыңыз. Тақтаға “Шарты”, “Сұрағы”, “Шешуі”, “Жауабы” деген сөздер жазылған парақшаларды іліп қойыңыз. Оқушылар­ есептің шарты мен сұрағын оқиды, ал шешуі мен жауабын өз бетінше табады (шешімін қағазға жазу керек). Содан соң бірнеше балаға өз шешулерін көрсетіп және есептің жауабын айтып беруін, есепті неге осылай шығарғанын түсіндіріп беруді сұраңыз.

Ә) Бұл тапсырмамен де осы тәріздес жұмыс жүргізіңіз.

Жауабы:

а) 7 + 2 = 9 (бұта); ә) 8 – 4 = 4 (тас).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет