Есептегі белгілі компонентті ата.
Жаңа есепте ол белгісіз болсын.
Есептегі белгісіз компонентті ата.
Жаңа есепте ол белгілі болсын.
Жаңа есепке сұрақ ойластыр.
Есепті сараптауда оқушыларға есептің құрамдас бөліктерін, яғни “Шартын”, “Сұрағын”, “Шешуін”, “Жауабын” атауды және “...-еуі артық”, “... -еуі кем” сөз тіркестерін дұрыс қолдануды, оларды “+” және “–” математикалық амалдармен байланыстыруды үйрету керек.
|
Кері есептер. Оқушыларға кері есептермен жұмыс істеу алгоритмін қайталауды және бірінші есептің шартымен танысуды ұсыныңыз. Содан соң оқушыларға оны өз бетінше шығаруды және жауабын жазуды ескертіңіз. Бірнеше оқушыға есептің шешуін айтуға мүмкіндік беріңіз. Басқа оқушылардың осы есепті қалай шығарғанын білу үшін кері байланысты қолданыңыз (бас бармақ әді сін қолдану). Кейін оқушыларға жұпта жұмыс істеуді және екінші есептегі бос орындарға біріншіге кері болатындай етіп мәндерді қарындашпен жазып толтыруды ұсыныңыз. Бірнеше жұптан есептерді оқып беруді сұраңыз. Жауаптары әртүрлі болған жағдайда қателеріне талдау жасаңыз. Оқушыларға есептерді шығаруға уақыт беріп, жауабын айтуды сұраңыз. Содан соң оқушыларға есептердің шешуін салыстырып, шығарылуын ұсыныңыз, бұл есептердің шешуінде қандай айырмашылықтар барын сұраңыз. Жақсы жұмыс істеген жұптарға тағы да кері есептер құрастыруды ұсыныңыз.
Жауабы:
5 + 3 = 8 (мәшине);
8 – 3 = 5 (мәшине).
|
Бағалау
|
Оқушылар сабақ соңында:
бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуге арналған есептерді шығаруды;
есептерді сызба бойынша шығаруды;
кері есептер құрастыруды меңгереді.
Оқушыларға мына тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:
1) есепке сұрақтар ойластыр:
Айдынның топтамасында 8 марка бар, ал Әселде одан 2 марка кем;
2) егер есеп 6 + 4 = 10 (ашықхат) түрінде шығарылса, есепте қай сөз түсіп қалған?
Мәриям саяхат кезінде үйіне 6 ашықхат, ал Нұрай 4 ашықхат жолдады. Нұрай неше ашықхат жіберді?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын ша өзін-өзі бағалатыңыз.
|