Оқушылардың әрекеттерін бақылап, бағыт беріп отырыңыз. Оқушылар тиісті өрнектерді тақтада жазу үшін сұрақтар қойыңыз:
— “Жемсауыттың” жанына қанша құс жиналды? (Мысалы, 20.)
— Бес торғай ұшып кетті. Жемсауыттың жанында неше құс қалды?
— Біз қандай сызбаның көмегімен есептің шарты мен сұрағын нақтылап жазып қоя аламыз?
— Берілген есепте не белгісіз? (Бөлік.)
— Біз қандай амалдың көмегімен есептің сұра ғына жауап бере аламыз? (Азайту амалының көме гімен.)
Белгісіз бөлікті қалай табу керектігін оқушыларға талдауды ұсыныңыз. Егер қажет болған жағдайда торғайларға байланысты сахналық қойылымды қай талаңыз. Оқушылар белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайту керек деген қорытынды жасай алады. Сызбаны қолданып есептеу жолының мына тәсілін тағы да бір рет көрсетіңіз: сызбада азайтатын бөлікті қысқа сызықтармен белгілеп қоюға болады. Бұл тәсіл оқушыларға белгісіз бөлікті табу тәсілін жоспарлауға көмектеседі.
Азайту амалының компоненттерін қайталатыңыз. Өрнекті оқуға мысал келтіріңіз: 25 пен 5-тің
айырмасының мәні 20-ға тең.
Қалған “құстардан” кептер, сауысқан мен суықторғайларды азайта отырып, ойынды берілген сценарий бойынша оқушылардың барлығы өз орнына жайғасқанша жалғастырыңыз. Оқушылардың назарын тақтаға аудартыңыз. Онда қандай өрнек жазылып тұрғанын сұраңыз.
Белгісіз бөлікті қалай табатыны туралы қорытынды жасатыңыз. Белгісіз бөлікті табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайту керек.
Қысқы бақтағы құстар.
Сынып оқушыларына мынадай сұрақтар қойыңыз:
— Сурет бойынша қандай есеп құрастыруға болады?
— Берілген есепті қандай амалдың көмегімен шығаруға болады?
|