Сабақ есепті талдау мен шешуге бағытталған. Бұл сабақта оқушылардың есептің құрамдас бөліктерін, яғни шарты, сұрағы, шешуі және жауабы түсінігін бекітеді. Есепті шешу тәсілдері сызбалар негізін де құрылады. Оқушылар бүтінді табу үшін қажет бөліктерді тауып, оларды қосады.
Оқушыларға өз есептеріне сәйкес келетін сызба ны таңдауды тапсырыңыз. Ол үшін сызбаны рәсімдеу нұсқаларын үстелге жайып қойыңыз. Әр жұптағы оқушының қолындағы сан әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан сызбаларда дәл сандар болмауы керек. Оларды оқушылар сызбамен жұмыс барысында тізімге кіргізеді. Әр жұп үстеліге келіп, есепке қажет сызбаны таңдай алады.
Оқушылардың өз есебіне сызбаны қалай таң дайтынын бақылаңыз. Бақылау нәтижесін бағалау кезінде пайдаланыңыз.
Оқушылардың сандық мәндерді сызбада қалай жазатынына назар аударыңыз.
Олардан есепке қандай сұрақ қойғанын, оны сызбада белгілеуін сұраңыз.
Әрі қарай оқушылар есепті шығарады. Есеп шығару дағдысын игерген жұптарға тапсырманы өз бетінше орындау мүмкіндігін беріңіз. Қиналып отырған оқушыларға сұрақтар қойыңыз:
— Бірінші топтағы фотосурет саны нені білдіреді? (Бөлік.)
— Екінші топтағы фотосурет саны нені білдіреді? (Бөлік.)
— Есепте нені білу керек? (Барлық фотосурет санын.)
— Ізделіп отырған шама нені білдіреді? (Бүтінді.)
— Белгісіз бүтінді қалай табуға болады? (Бөлік терді қосу керек.)
— Қосу кезінде қандай таңбаны қолданамыз? (Қосу таңбасын.)
— Санды өрнекті жазып, оның мәнін табыңдар.
— Есепке жауап жазыңдар.
|