Сабаққа арналған ескертпелер Кіріспе тапсырма. Оқушыларға топта жұмыс істеуді ұсыныңыз (қыздар мен ұлдарды араластырып топқа бөліңіз). Оларға қағаз бетіне бір сызықтың бойына сыныпта қанша ұл болса, сонша көк шаршыларды және қанша қыздар болса, сонша қызыл шаршыларды орналастыруды ұсыныңыз. Шаршыларды желімдетіңіз. Қанша шаршы шыққанын санатыңыз. Оқушыларға өз тобын график түрінде көрсетуді сұраңыз (оқушылардың орнына шаршыларды пайдалансын). Оларға ұзындығы барлық көк түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолақты кесуді және оны парақтың төменгі жағына желімдеуді сұраңыз. Оқушыларға жолақтың қанша шаршы құрайтынын санап (бұл — ұлдардың саны), үстіне жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылардан ұзындығы барлық қызыл түсті шаршылардың жалпы ұзындығына тең қағаз жолағын кесуді сұраңыз. Қызыл жолақты көк жолақтан кейін желімдеуді ұсыныңыз. Оқушыларға қызыл жолақтың үстіне шаршылардың, яғни қыздардың санын жазуды, сосын топта қанша қыз, қанша ұл бар екенін сұраңыз. Оқушыларға мәтін есептің моделі шыққанын айтыңыз. Олардан мәтін есептің моделінде сұрақты қалай қоюға болатынын сұраңыз (мүмкін, біреу дөңгелектерді қосуды ұсы нады). Оқушыларға сұрақты көрсету үшін шаршы лардың жоғарғы жағын доғамен сызып, жалпы санын көрсету және үстіне сұрақты жазудың қолайлы болатынын айтыңыз. Үлгіні тақтада көрсетіңіз және оқушылардан модельді бояуды өтініңіз. Оқушыларға қолайлы болу үшін дәптерге жолақ емес, кесінді сызу керектігін айтыңыз.
Есептің келесі шартын топта талдатыңыз. Есептің мазмұнына қарай оқушыларға сұрақ қойыңыз және оны топта шығартыңыз.
Үшінші есепті оқушыларға жұппен талдатыңыз. Есептің мазмұнына қарай оларға сұрақ қойыңыз және оны жұпта шығартыңыз.
Оқушылардан осы есептердің және олардың сызбаларының ұқсастығы мен айырмашылығын сұраңыз.
Жауабы:
8 құс; 18 құс; 17 құс.
Сызба бойынша есеп құрастыр. Есептің моделі бойынша оқушыларға сұрақ қойыңыз: не белгілі? Есепте қандай сұрақ болуы тиіс?
Оқушыларға топпен жұмыс істетіңіз және өз есе бін құрғызыңыз. Содан кейін өздері ойластырған есебін оқытыңыз. Қалған топтарға есептің дұрыстығын тексеруді ұсыныңыз.
Шығарып көр. Берілген модельдің алдыңғы модельден немен ерекшеленетінін сұраңыз. Сызбада неше жеміс белгіленген? Осы сұрақтарға жауап беру үшін не істеу керек? Оқушыларға өз бетінше есептеп, есептің сұрақтарына жауап беру керектігін айтыңыз.
Жауабы:
9 жеміс.
Орындап көр. Оқушыларға берілген тапсыр мадағы сурет пен сызбаны қарап шығуды ұсыныңыз. Оларға иллюстрацияда не салынғанын және сызба ға қарап нені анықтауға болатынын талдатыңыз.
Оқушылардың сурет пен сызбаның өзара байланысы туралы не ойлайтынын нақтылаңыз. Оларға берілген сурет пен сызба бойынша есеп құруды ұсыныңыз.