Қажетті материалдар: дөңгелек пішінді қағаз қималары.
Сипаттамасы: Алдымен оқушыларға дөңгелек пішінді қағаз қималары үлестіріліп беріледі.
1-тапсырма. Осы дөңгелек қиманы дәл ортасынан бүктеңдер. Енді осы бүктелген қиманы дәл ортасынан тағы да бүктеңдер.
– Қағаз қиындысында қандай фигура берілген?
– Бүктелген бөлікте қандай бұрыш пайда болды?
Енді қиманы жазып қараңдар. Қиманың бүктелген сызықтарын сызғыштың көмегімен сызып шығамыз.
– Қиманың бүктелген сызықтары қай нүктеде қиылысады?
– Не байқадыңдар?
Барлық оқушылар:
қағаз қимасында шеңбер салынғанын айтады;
қиманың бүктелген сызықтарының қиылысу нүктесінің шеңбердің центрі екенін айтады.
шеңбердің бүктелген бөлігі тік бұрыш екенін тұжырымдайды .
Басым көпшілігі:
шеңбердің центрі мен шеңбердің шетін қосатын кесіндіні шеңбердің радиусы деп айтады;
шеңбердің орталығы арқылы өтетін және шеңбердің екі шетін қосатын кесіндіні шеңбердің диаметрі екенін біледі.
Кейбір оқушылар:
шеңбердің ішкі бөлігі дөңгелек екенін айтады.
Мақсаты: түйін сөздер арқылы өткен сабақтарды тұжырымдарды еске түсіріп, жаңа тақырыпқа бағыт алу.