А деңгейі. Дәптеріңе О нүктесін белгілеп ал. Осы нүкте арқылы циркульдің көмегімен шеңбер сызып шық. Шеңбердің радиусын өлшеп ал да жаз. Оның диаметрінің ұзындығы қанша болады?
В деңгейі. Берілген суретте қанша дөңгелек секторлары бар? Оларды ата.
С деңгейі. Д өңгелек үш секторға бөлінген. Егер дөңгелектің екі секторының бұрыштары: а) 80° және 70°; ә) 74° және 56°; б) 150° және 40°
болса, үшінші сектордың бұрышы қандай?
Дескриптор: А – циркульдің көмегімен шеңберді салады, шеңбердің радиусы мен диаметрінің ұзындығы анықтайды.
В – дөңгелек секторларын анықтап, жазып шығады.
С – дөңгелек секторына арналған есепті шығарады және оның бұрыш өлшемдері бойынша тұжырым жасайды.
Қaлыптaстырушы бaғaлaу: Жaрaйсың (толық және дұрыс орындалған жағдайда).
Жaқсы (толық және аздаған қателіктер бар жағдайда).
Әлi де тырысу керек (дұрыс емес орындалған жағдайда).
Саралау тәсілдері: Тапсырма бойынша (А деңгейінен бастап әрі қарай ілгерлеуге арналған тапсырмалар беріледі), қарқын (алдыңғы деңгей тапсырмасын жылдам орындаған оқушы келесі деңгейге өтеді), диалог және қолдау көрсету (оқушылардың қажеттіліктеріне қарай – анықтамаларды еске түсіру).