Мұғалім: Берілген киіз үйдің центрі қайда орналасқан? Киіз үйдің керегесі центрден қанша қашықтықта орналас-қан? Не байқадың?
Оқушыдан күтілетін нәтиже: киіз үйдің центрінен керегенің кез келген нүктесіне дейінгі қашықтық бірдей екенін айтады.
Мұғалім: Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы неде?
Киіз үйдің диаметрі оны қанша секторға бөледі?
Оқушыдан күтілетін нәтиже: өз ойларын қорытындылау (шеңбер мен дөңгелекті ажыратады).
Нәтиже бойынша саралау:
Оқушылардың көпшілігі: шеңбер мен дөңгелекті ажыратады және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын біледі.
Кейбір оқушылар: дөңгелек сектор ұғымын біледі.
Дескриптор: