Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
|
Мектеп: Семей қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Шеңбердің теңдеуі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.3.19
түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ;
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
түзудің жалпы теңдеуі және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдана алу.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар
біледі:
көлбеу арқылы түзудің теңдеуін жаза алу керек;
екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жаза алу керек;
түзу теңдеуі берілсе, оның координата остьерін қандай нүктелерді қиып өтетінін көрсете алу керек.
қолдана алады:
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
түзудің теңдеуін құру қадамдарын сипаттайды;
түзудің координата жазықтығында орналасуы бұрыштық коэффициентке тәуелділігі туралы талқылайды.
Пәндік лексика мен терминология
түзудің теңдеуі;
түзудің бұрыштық коэффициенті.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
... нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін құрамыз;
нүкте түзуде жатыр, яғни оның координаталары ... теңдеуін қанағаттандырады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұптық жұмыс арқылы өзгені құрметтеуге баулу. Топтық жұмыс ұйымшылдыққа, топта жұмыс жасай алушылыққа тәрбиелейді.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Алгебра пәні. Арифметика. Сызу сабағы.
|
Бастапқы білім
|
- жазықтықтағы тікбұрышты (декарттық) координаталар жүйесі;
- кесінді ұштарының координаталары бойынша оның ортасының координаталарын табу;
|
|