Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ.
Заманында “Ақындар атасы” атанған.
Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау.
Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті.