Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»



бет10/41
Дата04.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#189798
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
aza-tl-sabayna-arnalan-saba-zhospary

ІІІ. Жаңа сабақ.
Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – ақынның «Түркістан» өлеңі.
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -
Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -
Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп
Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.
1. Ой қозғау



«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.


Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.
Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған.
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?


Түрікке адамзатта ер жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Өлеңге жоспар құру.

  1. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.

  2. Тұран жері – түркілер елі.

  3. Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.

  4. Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.

  5. Туған жер – тұғырың.

Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.


Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер.

Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,


Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны – Абылай ері.

Тұранның билері бар Тарағайдай,


Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Асқақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.

Түріктің кім кеміткен музыкасын,


Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!

Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,


Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейтін.
(Суреттердің жанына жазып қою)

Оқыта отырып, түсінік беру


Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
«Түркістан» өлеңін 4 оқушыға мәнерлетіп оқыту, 1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.
3 4 4
Шер батса// кім іздемес//туған елін,
3 4 4
Тұлпар да // көксемей ме // туған жерін?
3 4 4
Арқаның // ардагері – // қалың алаш,
3 4 4
Тұран да // біле білсең, // сенің жерің!

Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.



Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет