3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.
Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату
4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.
Мұғалім: Балалар, М. Жұмабаевтың ақындық өнері туралы өте тамаша баяндадыңдар. М.Жұмабаевтың ақындығы, суретшілігі туралы Ж. Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім айтып жібереді?
5 – оқушы: «Мағжанның ақындық» күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі – «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс.
Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.
1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»
(М.Әуезов)
2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
(Ғ.Ибрагимов)
3. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»
(С.Мұқанов)
Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.
М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?
6 – оқушы: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.
М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.
Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.
«Сағындым» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.
Мағжан бойындағы бүкіл қасиет – оның поэзиясында. Ендеше Еркеш Ибрагимнің мына өлең шумағы арқылы ойымызды түйіндейміз.
Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірену,
Ақын болу дегенің – анадайын емірену.
Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмау,
Ақын болу дегенің – жүректерді тұтқындау.
Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |