Сабақ тақырыбы: Ұшу аппараттары туралы не білемін? Дара және күрделі сын есім



бет2/2
Дата19.05.2020
өлшемі415,76 Kb.
#69847
түріСабақ
1   2
Байланысты:
30.04 2
30.04 2, 30.04 2, 30.04 2, 30.04 2
Бағалау критерийлері:

тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжайды.

мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды.

дара және күрделі сын есімдерді ажыратады.

суреттегі артық затты табады.

өлең бойынша пікірін дәлелдейді.


Құндылықтар:

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

Бастапқы білім

Дара және күрделі сын есім туралы біледі.

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Ресурс

Сабақтың басы

5 минут

(МК; Ұ;ҚБ)

Оқушылармен амандасу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ашық аспан болсын!

Әр күніміз біздің

Сәттілікке толсын!

Қазақ тілі пәнінен

Білмегенді білейік

Үйренейік, күлейік.

Ұ. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

оқушыларға сұрақтар қоямын. Өткен сабақтарға шолу.

1.Сөз таптарын ата.

2.Сан есім дегеніміз не?

3.Етістік дегеніміз не?

4.Сын есім дегеніміз не?

5. Сын есім нешеге бөлінеді?

6.Дара сын есім дегеніміз не?



7.Күрделі сын есім дегеніміз не?


https://imektep.kz/kz/dara-zhane-kurdeli-sin-esimder




Негізгі бөлім

25минут

Соңы

10 минут



Бейне жазба

Ұшу аппараттары туралы мәлімет.

-Бейне жазба не туралы?

-Қандай ұшу аппараттары болады екен?

-Қандай ұшақ түрлерін білесіңдер?

(МК; Т; ҚБ) Оқылым.

7-жаттығу. Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді түсініп оқы.

Әділдің арманы

Әділ терең ой құшағында отыр. Оның бар арманы – өскенде ұшқыш болу. Бірде құс болып ұшып кеткісі келеді. Енді бірде «Шіркін, мен де темір құстың моторын өзіме бағындырсам» деп ойлайды. «Ол үшін, - дейді апайы, - сабақты жақсы оқу керек және спортпен шынығу міндеті шарт». Әділге бәрінен де қиын тигені – сабақ оқу. Сабағын оқиын десе, қызықты ойынды кім ойнамақ?

«Балдырған» журналынан

-Балалар, мәтін не туралы деп ойлайсыңдар?

Әділдің бала кездегі арманы туралы.

Әділдің арманына қалай жеткені жайлы...



1-топ. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

-Әділдің арманы қандай?

-Әділге апайы не дейді?

-Әділге бәрінен де не қиын болды?



2-топ. Мәтінді әрі қарай өздерің жалғастырып көріңдер.

Әділ күнде апайының айтқан сөзін ойланып, арманына жету үшін сабағын оқып, спортпен шынығады. Арасында қызықты ойындарын да ойнап үлгереді.



3-топ. Мәтіннен сын есімдерді тап. Дара, күрделі екенін айт.

Дара сын есімдер: терең, қызықты.

Күрделі сын есімдер: темір құстың.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі
(МК; Ө; ҚБ) Жазылым.

8-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Нөсер жауып басылды,



Күннің көзі ашылды.

Қызыл-жасыл киімді

Кемпірқосақ иілді.

«Жыл он екі ай» кітабынан

-Сын есімнің астын сыз, олардың дара, күрделі екенін айт.

Қызыл-жасыл – күрделі сын есім.

-Қарамен берілген сөздің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Күн- түбірі, нің- қосымша; көз- түбірі, і- қосымша.


9-жаттығу. Суреттегі артық затты тауып, өз ойыңды түсіндір.

Артық зат – балық. Себебі балық ұшпайды, суда жүзеді.


10-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.

Ала таңнан тұрып ап,

Құба жонға барамын.

Ақ боз атқа мініп ап,

Жұлдыздайын ағамын.

Тұрысбек Еділбаев


-Күрделі сын есімнің астын сыз.

-Өлеңдегі ақ боз ат ұшу аппаратына жата ма?

Ақ боз ат ұшу аппаратына жатпайды. Ол төрт түлік мал.

(МК; Т; ҚБ)

11-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, саяхатшылардың ғарыш кемесі қайда ұшып баратынын білесің. Ол жұлдыз қалай аталады?





Жауабы: Жетіқарақшы

ҚБ: «От шашу» әдісі
Бекіту тапсырмасы.

Тест. Сілтеме арқылы кіріп электронды тест тапсырмасын орында.

Қорытынды сұрақтар:

-Бүгін сабақта не туралы айттық?

-Дара сын есімге мысал келтір.

-Күрделі сын есімге мысал келтір.

-Бүгінгі сабақта не қызықты/қиын болды?

-Не түсіндіңдер?

-Не үйрендіңдер

Рефлексия: Оқушылардың сабақтан алған көңіл- күйін алмаларды бояу арқылы анықтаймыз.

-Жасыл түсті алма «түсіндім»

-Сары түсті алма «түсініп келемін»

-Қызыл түсті алма «түсінбедім»



Үй жұмысы: Жетіқарақшы туралы хабарлама жазып кел.




https://youtu.be/GmhkCeaAJLo

Оқулық

Дәптермен жұмыс


Оқулық


Дәптермен жұмыс

https://imektep.kz/kz/game#quiz-1008




Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

  • Жеке және топтық жұмыстарды жүргізу.

  • Жаратылыстану пәнімен байланыс жүргізілді.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?



Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.


Сын есімнің дара және күрделі түрлерін қайталады.

Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжай алды.



Жоспарлаған саралау жеке, топтық жұмыс кезінде жүргізілді.

Тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды.


Уақытты тиімді пайдаландым.


Сабақ барысы жоспар бойынша өтті.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:Өткен сабаққа шолуды «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткізу.

2:Дара және күрделі сын есімдерді ажырата алды.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Ойын элементтерін қолдану.

2: АКТ-ны тиімді пайдалану.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Сабақтың мазмұнын қашықтан оқуға лайықтап құруды.

2: Шығармашылық жұмыстар орындату.



Іс-тәжірибе жетекшісі:__________ Сахариева З.Д.

Сынып жетекшісі:____________ Оразғалива С.С.

Машықкер: ____________ Мұратбекова А.Б



Баға: _____________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет