Бейне жазба
Ұшу аппараттары туралы мәлімет.
-Бейне жазба не туралы?
-Қандай ұшу аппараттары болады екен?
-Қандай ұшақ түрлерін білесіңдер?
(МК; Т; ҚБ) Оқылым.
7-жаттығу. Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді түсініп оқы.
Әділдің арманы
Әділ терең ой құшағында отыр. Оның бар арманы – өскенде ұшқыш болу. Бірде құс болып ұшып кеткісі келеді. Енді бірде «Шіркін, мен де темір құстың моторын өзіме бағындырсам» деп ойлайды. «Ол үшін, - дейді апайы, - сабақты жақсы оқу керек және спортпен шынығу міндеті шарт». Әділге бәрінен де қиын тигені – сабақ оқу. Сабағын оқиын десе, қызықты ойынды кім ойнамақ?
«Балдырған» журналынан
-Балалар, мәтін не туралы деп ойлайсыңдар?
Әділдің бала кездегі арманы туралы.
Әділдің арманына қалай жеткені жайлы...
1-топ. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
-Әділдің арманы қандай?
-Әділге апайы не дейді?
-Әділге бәрінен де не қиын болды?
2-топ. Мәтінді әрі қарай өздерің жалғастырып көріңдер.
Әділ күнде апайының айтқан сөзін ойланып, арманына жету үшін сабағын оқып, спортпен шынығады. Арасында қызықты ойындарын да ойнап үлгереді.
3-топ. Мәтіннен сын есімдерді тап. Дара, күрделі екенін айт.
Дара сын есімдер: терең, қызықты.
Күрделі сын есімдер: темір құстың.
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі
(МК; Ө; ҚБ) Жазылым.
8-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Нөсер жауып басылды,
Күннің көзі ашылды.
Қызыл-жасыл киімді
Кемпірқосақ иілді.
«Жыл он екі ай» кітабынан
-Сын есімнің астын сыз, олардың дара, күрделі екенін айт.
Қызыл-жасыл – күрделі сын есім.
-Қарамен берілген сөздің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Күн- түбірі, нің- қосымша; көз- түбірі, і- қосымша.
9-жаттығу. Суреттегі артық затты тауып, өз ойыңды түсіндір.
Артық зат – балық. Себебі балық ұшпайды, суда жүзеді.
10-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Ала таңнан тұрып ап,
Құба жонға барамын.
Ақ боз атқа мініп ап,
Жұлдыздайын ағамын.
Тұрысбек Еділбаев
-Күрделі сын есімнің астын сыз.
-Өлеңдегі ақ боз ат ұшу аппаратына жата ма?
Ақ боз ат ұшу аппаратына жатпайды. Ол төрт түлік мал.
(МК; Т; ҚБ)
11-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, саяхатшылардың ғарыш кемесі қайда ұшып баратынын білесің. Ол жұлдыз қалай аталады?
Жауабы: Жетіқарақшы
ҚБ: «От шашу» әдісі
Бекіту тапсырмасы.
Тест. Сілтеме арқылы кіріп электронды тест тапсырмасын орында.
Қорытынды сұрақтар:
-Бүгін сабақта не туралы айттық?
-Дара сын есімге мысал келтір.
-Күрделі сын есімге мысал келтір.
-Бүгінгі сабақта не қызықты/қиын болды?
-Не түсіндіңдер?
-Не үйрендіңдер
Рефлексия: Оқушылардың сабақтан алған көңіл- күйін алмаларды бояу арқылы анықтаймыз.
-Жасыл түсті алма «түсіндім»
-Сары түсті алма «түсініп келемін»
-Қызыл түсті алма «түсінбедім»
Үй жұмысы: Жетіқарақшы туралы хабарлама жазып кел.
|
|