Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ басында оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, зейінін шоғырландыруға көңіл бөлемін. Оларды 1-2-3 деп санау арқылы топтарға бөлемін.Үй тапсырмасына 7-сыныпта өтілген «Планиметрияның алғашқы түсініктері мен аксиомалары» тақырыбын қайталау және төмендегі сөйлемдерді математикалық символдардың көмегімен жазу берілген.
1.А және В нүктелері арқылы а түзуі өтеді
2.а мен в түзулері О нүктесінде қиылысады.
3. АС түзуінен тысқары жатқан В нүктесі арқылы АС түзуіне параллель ВД түзуі жүргізілген.
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушы өз жауабын тақтаға жазады,оны сынып болып тексереді,қатесі болса түзетеді.
Сабақтың тақырыбына сәйкес мақсатын оқушылар өздері анықтайды.
|