СЫНЫППЕН ЖҰМЫС. Жаңа тақырыпты оқып шығуды тапсырамын. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырып тақырыпты меңгерту үшін «ойлан,бірік, бөліс» әдісін қолданамын.Олар төмендегідей үлгідегі графикалық органайзерді пайдаланып, сабақ мақсатын ашады. (блок –схема) Алдымен әр оқушы өзі жеке ойланып,өз идеяларын жазады.Одан кейін өз идеяларын тобындағылармен біріктіріп, блок-схеманы толтырады. Соңында бүкіл сыныптың идеяларын талқылайды, ой бөліседі.
Бәріне ортақ сынып бойынша бір кластер түзіледі, ал кластер ойды жинақтау, мида сәулеленген ойларды, идеяларды топтастыру, ассосациялау болып табылады. Мұндай жүйелік органайзерлер оқушы жадында жатталып қалады.
Олай болса, осыған дейін планиметрияда оқып үйренген аксиома, теорема заңдылықтарымыз стереометрияда сақталады да, жазықтық ұғымын енгізуімізге байланысты біліміміз кеңейеді. деп оқушылар тұжырым жасайды.
|