Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Шаттық шеңбері: Барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз.
Қуан шаттан алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
(Ұ) «Өрмекшінің торы» ойыны арқылы жіптен өрмекші торын құрастыру.
-Алдыңғы сабақта қандай әріппен таныстық?
-Ң дыбысына мысал келтір.
-Ң дыбысы сөздің басында кездесе ме?
-Жаңғақ сөзінде ң дыбысы қай буында кездеседі?
-Ң әрпі қай әріпке ұқсас жазылып,дыбысталады?
Өрмекті не құрады?
Осы өрмек, өрмекші сөздерінің басында қандай дыбыс естіледі?
Өө дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыздар? Дәлелдеп көріңіз.
Дұрыс айтасыздар, бүгінгі біздің мақсатымыз
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Ө әрпі кездесетін сөздерді тұтас оқуға үйренеміз..
Жазу жолын, кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін талаптарға сай жазу.
|
Доп
|