Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Сауат ашу
Күні:
Сынып: 1 сынып
Бөлім/Ортақ тақырып: Саяхат
Бөлімше: Дыбыс пен əріпті тану жəне ажырату
|
Мектеп:Қоскөл ЖОББМ
Ауданы: Қаратөбе ауданы
Мұғалімнің аты-жөні: Татешова Нұрлыгүл Маулетовна
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Табиғатқа саяхат. Өө дыбысы мен әрпі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.8.1 - жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: «Ө ө» әріпін таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Ө әріпі кездесетін сөздерді буындап оқиды, бір буынды сөздерді тұтас, түсініп оқиды, жаза біледі.
Көптеген оқушылар: Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, Ө әрібін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Кейбір оқушылар: мәтін тақырыбын түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп оқиды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |