IV. Пысықтау.
Жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөліп, оған атаулар тағайындаған кім?
Шоқжұлдыз дегеніміз не?
Жер бетінде бағадар жасау үшін неге Темірқазық жұлдызы алынған?
Жер бетінде жүрген саяхатшылар басқа шоқжұлдыздар мен жұлдыздарға қарап бағдар жасай ала ма?
Адамдарға кеңістікте бағдар жасау мен уақытты анықтау үшін шоқжұлдыздар қандай қызмет көрсетті?
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §10.1. Мазмұндау. 1, 4-практикалық тапсырма.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §10.2. Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық. Герцшпрунг –Ресселл диаграммасы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жұолыздардың пайда болуы, жұлдыздардың өмір сүруі, жұлдыздардың сөнуі, жұлдызға дейінші қашықтық, Герцшпрунг –Ресселл диаграммасы туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөліп, оған атаулар тағайындаған кім?
Шоқжұлдыз дегеніміз не?
Жер бетінде бағадар жасау үшін неге Темірқазық жұлдызы алынған?
Жер бетінде жүрген саяхатшылар басқа шоқжұлдыздар мен жұлдыздарға қарап бағдар жасай ала ма?
Адамдарға кеңістікте бағдар жасау мен уақытты анықтау үшін шоқжұлдыздар қандай қызмет көрсетті?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұлдыздар сутегі мен гелийден тұратын аса ірі аспан денесі. Жұлдыздардың сипаттамалары:
Жұлдыздардың жарқырауы
Беттік температурасы
Радиусы
Химиялық құрамы
Массасы.
Жұлдыз пайда болғаннан бастап оның барлық өмір сүру уақытнда екі қысымның әрекетінен жұлдыз орнықсыз күйде болады. Тозаң мен газ араласқан бұлттың сығылу энергиясы оның ішкі қабаттарын қыздырады. Сығылған бұлт протожұлдызға айналады.
Сығылу процесі кезінде центрдегі температура шамамен 10 миллион градустан асқанға дейін жүреді. Осындай температурада сутегінің гелийге синтезделуінің термоядролық реакциясы жүре бастайды. Жұлдыздапдың тұрақсыздық периодының ұзақтығы миллиондаған жылдарға созылуы мүмкін. Ақырында, бұл екі күш теңгеріледі де жұлдыз орныққан күйге өтіп, тұрақыт жарық шығара бастайды.
Жұлдыздар өмірінің қалыпты сатысындағы құрылысы:
Жұлдыздың массасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның өмірі қысқа болады.
Сөнген жұлдыздардың соңғы күйінің үш түрі бар: ақ ергежейлілер, нейтронды жұлдыздар, қара құрдым.
Сутегі жанып біткеннен кейін сыртқы қабықшаның біртіндеп ұлғайып, ядродан ажырауы салдарынан массалары шамамен Күннің массасына тең жұлдыздар ақ ергежейліге айналады. Ақ ергежейлілердің ерекшелігі олар айныған газдан тұрады.
Нйтронды жұлдыз –тығыздығы атом ядросының тығыздығындай болатын аспан денесі. Ол тез айналады, өзінің күшті магнит өрісінде Жердегі бақылаушыға лүпіл сияқты байқалатын радиосигналдар шығарады.
Жұлдыз қатты сығылып, «нүктеге» айналады да, өз орнына кеңістікте «қара құрдымды» қалдырып, біздің Әлемнен жоғалып кетеді.
Сығылу радиусы:
.
Жұлдыздың үздіксіз спектрде шығарытн ең көп мөлшердегі энергиясына сәйкес келетін толқын ұзындығы:
.
Погсон формуласы:
Достарыңызбен бөлісу: |