Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет131/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч
11 сын поуороч, 11 сын поуороч, 3-сынып ктж

VI. Есептер шығару. №10.31, №10.3.2 №10.3.3

Қорытындылау.

VII.Бағалау.

VШ. Үйге тапсырма: §10.3. №10.3.4, №10.3.5, №10.3.6.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §10.4.Күн –күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн-Жер байланысы.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға Күннің жасы, химиялық құрамы, энергия көзі, күн активтілігінің орташа ұзақтығы, айналуы, беткі қабаттарының пайда болуы, жарқаруы, температурасы, түсі, орташа тығыздығы туралы түсінік қалыптастыру.

  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Айнымалы жұлдыздар деген не?

  • Айнамалы жұлдыздар қандай топқа бөлінеді?

  • Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар туралы әңгімелеп беріңдер.

  • Лүпілдеуші айнымалы жұлдыздар туралы әңгімелеп беріңдер.

  • Жарылатын айнымалы жұлдыздар туралы әңгімелеп беріңдер.

  • Айнымалы жұлдыздар және олардың жұлдыздар сипаттамсын анықтаудағы рөлі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күн – ыстық газ және газ шығаратын радиациялардан тұратын сфера.



Күннің орташа тығыздығы 1,4 г/см3

Күн құрылымының сұлбасы:

  • Ядроның реакция аумағы

  • Сәуле шығару арқылы энергияны тасымалдау аумағы

  • Энергияны конвекция арқылы тасымалдау аумағы



Күн атмосферасы:

  • Фотосфера

  • Хромосфера

  • Тәж

ФОТОСФЕРА

  • Қалыңдығы 200 км.

  • Ондағы температура 60000С.

  • Фотосфераның құрылымы гранула тәріздес келеді.




  • Күн дақтары – бұл магнит өрісінің беткі қабатқа жұлқынып шығатын және бірнеше сағаттан кейін жоғалатын аумағы.

  • Күннің активтілігі деп әр түрлі тұрақсыз пайда болуларды айтады.Күн активтілігінің көрсеткіші Вольфа саны

W=10g+f

g – топ саны

f – Күн бетін бақылаған кездегі барлық дақтар мен қуыстар саны

ХРОМОСФЕРА

Бұл қабатта газдардың конвективті қозғалыстары тез жүреді.

Қалыңдығы 20000 км.

Протурберанц – газдардың ерекше қуатты лақтырылулары, яғни магнит өрісі әсерінен Күннің бетінен 8 км-ден аса биіктікке лақытаралтын заттар.



ТӘЖ

Тәж дегеніміз – температурасы миллион гардустан жоғары болатын плазма.

Қалыңдығы 2000000 км

VI. Есептер шығару. №10.4.1, №10.4.2.

VII.орытындылау.

VШ Бағалау.

Үйге тапсырма: §10.4 . №10.4.3.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §11.1. Жұлдыздың планеталық жүйесі. Күн жүйесі.

Сабақ мақсаты:


  • Оқушыларға жұлдыздың планеталық жүйесі, күн жүйесі туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассета.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Жұлдыздар және Күн» тарауын қортындылау. Өздік жұмыс 20 минут.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кеңістікте Күнге жақын орналасқан өлшемі үлкен, өзіне тән қозғалысы бар бірнеше жұлдыз табылды.


Бірнеше жылғы бақылаулар осы жұлдыздардың бірі кеңістіктегі өзіне тән траекториядан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің массалары анықталды.

Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің де болашағы зор.

2005 ж. Наурыз айының соңында Күн жүйесінен тыс табылған планеталар жүйесінің саны 152-ге жетті. 134 жұлдыздың планеталар жүйесі бар екені белгілі болып отыр. 14 жұлдыздың бірден артық планетасы бар.



Күн жүйесі жөніндегі түсініктің дамуы.

Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473 – 1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген “Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде” деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жердің орбитасының сыртында Марстың, Юпитердің және Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник “жылжымайтын жұлдыздар сферасын” Күннен өте қашыққа орналастырды.



Коперник ұсынған дүние жүйесі гелиоцентрлік деп аталады. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді.

Күн жүйесіндегі заңдылықтарғы қарамай планеталар ішкі құрылымдарымен, өз осьтерінен айналу периодтарымен, атмосферасының құрамымен өзгешеленеді.





Планеталардың Күнге дейінгі орташа қашықтығы Тициус-Бодэ заңына бағынады:

Егер Күннің бірінен кейін бірі түсірілген бірнеше фотосуреттерін салыстырар болсақ, онда барлық дақтардың орын ауыстырғандарын байқауға болады. Бұл Күннің айналуы себебінен болады. Күн айналысы біртұтас қатты дененің айналысына ұқсамайды. Күн экваторы маңында жақын орналасқан дақтар орта ендіктерде орналасқан дақтардан ылғи озып отырады. Демек, Күннің әр қабатының айналу жылдамдығы әр түрлі. Күннің өз осінен бір айналуы экватор аймағында 25, ал Күннің полюсіне жақын аймағында - шамамен 30 Жер тәулігінде өтеді. Күн экваторындағы сызықтық жылдамдық 2 км/с. Бақылаулардың көрсетуінше, барлық дақтар (Күннің) щығыс жиегіненбатыс жиегіне қарай орын ауыстырады. Демек, Күн өз осін оның төңірегінде ғаламшарлардыңқозғалу бағытымен айналады.

Күннің өлшемдері, массасы және жарқыраулығы. Күн радиусы Жердің радиусымен салыстырғанда одан 109 есе6 ал к-лем3 шамамен 1 300 000 есе зор. Күн массасы да орасан зор. Ол Жер массасынан 330 000 еседей және оның төңірегіндеқозғалатын барлық ғаламшарлардың жалпы масасынан 750 еседей көп.

Жердің Күнненалатын энергиясының мөлшері Күн тұрақтысы деп аталатын шамамен сипатталады. Күн тұрақтысы деп 1 с-та Жер атмосферасынан тысқары, Жердің Күннен орташа қашықтығында күн сәулесіне перпендикуляр орналасқан, ауданы 1 м алаңша бетіне түсетін толық энергия мөлшерін атайды.

Күн тұрақтысын өлшеу үшін биік тау бекетінде арнаулы ыдыстағы судың Күн сәулелерімен қыздырылған қара түсті металл шарықтан алған жылу мөлшерін анықтайды.

Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің Жер атмосферасында жұтылуын ескеріп, атқарылған мұқият өлшеулер нәтижесінде Күн тұрақтысы 1400 Вт/м-ге тең (дәлірек шамасы бұдан біршама кем) болып шықты.

Күн тұрақтысын өлшеу көп жылдар бойы атқарылып келді. Оның мәні іс жүзінде өзгермейді екен. Яғни уақыт бірлігінде шығаратын толық энергиясы тұрақты. Егер Күн тұрақтысын радиусы Жердің Күннен орташа қашықтығына тең сфераның ауданына көбейтсе, Күннің уақыт бірлігінде шығаратын жалпы энергиясы табылады. Бұл шама Күннің жарқыраулығы .

Күн зат-ң қандай күйде болатындығын білу үшін, алдымен Күннің температурасын білу керек. Күннің температурасын анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың бәрі Жерде ашылған және Ғаламның бүкіл бақыланбалы бөлігінде орындалатынфизика заңдарына жүгінеді. Күн және басқа жұлдыздарды қоса алғанда энергия шығаратын барлық реал денелердібелгілі бір шектелген дәлдікпен ғана абсолют қара дене деп қарауға болады. Күннің көрінерлік жоғарғы қабаттарын құрайтын заттардың қасиеттерін зерттеу, шынында да, ол заттардың сәулені жақсы жұтатындығын көрсетеді. Бұл суретте Күннен шығатын энергияның шамның қыздырылған вольфрам қылы мен шырақ жалыны шығаратын сәулелердің толқын ұзындығына тәуелділігі көрсетілген.




Күн атмосферасының құрылысы

Күн атмосферасын негізгі үш бөлікке бөледі: фотосфера (ең төменгі қабат), хромосфера және тәж.

Фотосфера. Күннің тікелей бақылауға болатын жарық шығаратын “беті” фотосфера деп аталады. Әрине, Күннің шын мағынада ешқандай “беті” жоқ. Ол шын мәнінде қалыңдығы 300 – 400 км боларлық Күн атмосферасының төменгі қабаты. Бізге келетін Күн энергиясы іс жүзінде осы қабатта шығарылады, себебі фотосфера затының мөлдірсіздігінен Күннің тереңгі қабаттары шығаратын сәуле бізге жетпейді де, оларды көру мүмкін емес. Фотосфера тығыздығы 10 кг/м-тен аспайды, ол ондағы заттардың басым көпшілігін алатын сутегінің 1см көлемдегі атомдар саны 10 –не жуық. Фотосферада тереңдеген сайын температура өседі де, оның орташа мәні 6000 К-ге жақындайды.

Телескоп пайда болмай тұрып-ақ, адамдар батып бара жатқан солғын Күннің бетінен немесе жұқа бұлт тасасындағы Күн бетінен күңгірт дақтарды байқаған болатын. Ертеде дақтардың не екендігі түгіл, олардың Күн бетінде болуы мүмкін деген ой ешкімнің ойына кіріп шыққан емес. Тек Галилей дақтардың Күн бетіндегі құрылымдар екендігін дәлелдегеннен кейін үш жарым ғасыр өткен соң ғана олардың физикалық табиғаты айқындала бастады.


Күн дақтары гранулалардан гөрі едәуір ірі. Ең ірі диаметрі ондаған мың километрге жетеді. Дақтар – фотосфераның тұрақсыз, бірнеше айға дейін болатын құбылмалы құрылымы. Кейде Күнде дақтар мүлдем болмаса, басқа кезде ондаған ірі дақтар байқалады. Күндегі дақ құрылуды көп жыл бойы бақылаулар дақ санының тербелмелі өзгерісте болатынын көрсетті. Күн дақтары сандарының қайталану уақытының ұзақтығы орташа есеппен 11 жылғы жуық.

Дақтың орталық бөлігі – ядро (немесе көлеңке) талшықты шала көлеңкемен қоршалған. Күн жиегіне жақын орналасқан дөңгелек дақ эллипс түрінде, ал жиекке тым жақын келгенде шала көлеңке жіңішке жолақ түрінде көрінеді. Мұның мәнісі дақтардың тереңдігі 300 – 400 км конус тәрізді шұңқырлар екендігімен түсіндіріледі. Дақтардың күңгірт болуы фотосферамен қатар келуі нәтижесінде ғана. Шын мәнінде ядро температурасы (дақтың ең салқын бөлігі) 4300 К, яғни көз қорғағыш көзілдіріксіз қарауға болмайтын сызықтар доғаның қызулығынан жоғары. Дақ спектріндегі сызықтар едәуір айырылған. Бұл құбылыс дақ затының қуатты магнит өрісінің әсерінде болуынан деп түсіндіріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет