ҚР ОҚО Шардара қаласы
М.Горький атындағы жалпы орта мектебі
технология пәнінің мұғалімі
Алимбекова Ж.У.
Сабақ тақырыбы:Ілмекпен гүл, жапырақ тоқу... Сабақ мақсаты: А) білімділік: оқушыларға гүл түрлерін тоқу жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ Сабақтың типі: дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс, Сабақ көрнекілігі: әр түрлі техникамен жасалған гүлдер , плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялық карталар. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б Пәнаралық байланыс: бейнелеу, технология, өсімдіктану, т. б
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Таза ауаны жұтайық Жүрекке жылу салайық Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық 1. оқушыларды түгендеу 2. сынып тазалығына назар аудару 3. қауіпсіздік ережелерін қайталау Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.