Модуль 1. Ұйым және басқару үдерісінің элементтері Практикалық сабақ 1. Тақырып 1: «Жаһандану және бәсеке күресінің өршелену жағдайында басқару маңыздылығының өсуі»
1.Күрделі ұйымдар және оларға тән ортақ қасиеттер Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.
Ұйым түрлері: Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.