4.Кәсіпкерлік басқару Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:
Басқарудың кәсіптілігін дамыту яғни теориялық білім мен іскерлікті, тәжірибені ұштастыра білу;
Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы.
Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;
Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:
Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;
Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;
Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.
Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:
Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.
Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып, басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.
Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.
Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.
Ұйымның міндетті ісі (миссиясы). Басқару мақсаттарын қою.
Міндетті істің мазмұны мен маңызы. Міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары. Мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған мақсаты б.т. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат өлшемді болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек.
Мақсат түрлері:
стратегиялық мақсат – ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын анықтайтын мақсат.
тктикалық мақсат – стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат.ағымдағы мақсат – тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін мақсаттар.
Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді жоспарлауда келесі терминдер қолданылады:
саясат
стратегия
процедуралар
ереже
бюджет
Кәсіпкердің менеджерден айырмашылығы
Кәсіпкерлік пен басқару бизнестегі терминдермен тығыз байланысты болғанымен, екі процестің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Менеджмент ұйымдастырушылық зерттеулердің кең спектрін қамтиды. Қарапайым тілмен айтсақ, менеджмент ұйымдардың әр аспектісін түсіндіреді және ол мақсаттарға жету үшін қызметті ұйымдастыру мен үйлестіру мәселелерін талқылайды. Ғалым Гарольд Контц бір кездері менеджментті адамдардан қалай жасау керектігі туралы сөйлесетін өнер ретінде атап өткен. Ол бұл процесте формальды топтардың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан басшылық қалаған мақсатқа жету үшін жалпы ұйымдастырушылық функцияны талқылайды. Бұл ретте менеджмент пен кәсіпкерліктің өзара байланысы кәсіпкерлік басқаруға кіріскен кезде орнатылады. Себебі кәсіпкерлікте кәсіпкерлік мүмкіндіктерді тану бизнесті қалыптастырудың алғышарттары ретінде белгіленеді. Алайда, жалпы алғанда, кәсіпкерлік бизнесті құруды баса көрсетеді, сондықтан кәсіпкерлік басқару мақсатына жету үшін менеджмент қажет.