Сабақ Тақырып 1: «Жаһандану және бәсеке күресінің өршелену жағдайында басқару маңыздылығының өсуі»


Менеджмент функциялары мен дағдылары



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі34,42 Kb.
#93653
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Модуль 1 ПРАКТИКАЛЫҚ

2. Менеджмент функциялары мен дағдылары
«Менеджмент» (ағылшын тілінен аударғанда) «басқару» деген мағынаны білдіреді. Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару» терминімен ұқсас. Бірақ та, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымының мәні кеңірек, өйткені, ол адамзат қызметінің барлық түрінде қолданылады. Мысалы, басқару – ол автокөлікті және басқа да техникалық жүйелерді басқаруда қолданылады. Ал, «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды.
Басқару (басқару үрдісі) – мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент – өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. «Менеджмент» - бұл нарық жағдайындағы басқару.
Менеджмент 3 маңызды факторларды байланыстырады: мақсат, тиімділік, адам.
Бәсеке жағдайында тиімділік – фирманың өміршеңділігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның тұтынушының сыртқы ортаға, қызметкердің ішкі ортаға бейімделуін талап етеді.
Менеджмент – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы.

Менеджмент – бұл, басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби қарекетінің дербес түрі қарастырады:


- кәсіпорынның нарықтық сұранысы мен қажеттіліктеріне, сұранысы бар өнім түрлерін өндіруді ұйымдастыру және белгілі тұтынушылардың талаптарына бағытталуын;
- өндіріс тиімділігін арттыруға, аз шығындарымен оңтайлы нәтижеге жетуге тұрақты талаптануын;
- кәсіпорын мен оның бөлімдер әрекетінің соңғы нәтижелеріне жауапты тұлғаның шешім қабылдау еркіндігін қамтамасыз ететін шаруашылық тәуелсіздігін;
- нарық жағдайларына байланысты бағдарламалар мен мақсаттарына тұрақты түрде түзетім енгізуді;
- нарықтағы айырбас процесіндегі кәсіпорын мен оның бөлімдері әрекетінің соңғы нәтижесін шығаруын;
- оңтайлы шешімдерін қабылдау кезінде көп нұсқалы есептеулер жүргізу үшін компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпарат базасын қолдану қажеттілігін.
Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:
- жоспарлау және болжау;
- ұйымдастыру;
- ынталандыру;
- бақылау.
Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:
-кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әректін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
-қызмет дәрежесіне қарамастан барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
-алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.
Менеджмент әдістері –бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедурала- рының жүйесі.
Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Басқару –бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты жүйелi ықпал ету.

Осы анықтамадан бiрқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билiк ету қажеттiгiн көрсетедi.


«Мақсаттылық» анықтамасы басқару мiндетiн-ұжымның алдына қойған мақсатына жетуiн қамтамасыз етудi көздейдi. Оның үстiне мақсат қою да басқару мiндетi.
«Жүйелiк» анықтамасы дүркiн-дүркiн емес жүйелi, үздіксiз жүзеге асыру қажеттiгiн көрсетедi.
Менеджердің қызметі біркелкі болмайды және жеке адамды басқару бойынша көптеген дағдыларға ие болуын талап етеді. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша: ұйымдар мен бөлімшелердің басшыларына қажет болатын қызметтерді үш санатқа топтастыруға болатын дағдылар мен қабілеттердің тізімдерін жасайды, қажет дәрежесі менеджердің мансаптық сатысындағы жағдайына байланысты өзгереді:
1. Тұжырымдамалық дағдылар – олар адамның тұтастай алғанда ұйымды тануға қабілетті танымдық мүмкіндіктері және сонымен қатар оның бөліктерінің өзара байланысын айқын көрсету болып табылады. Бұл дағдылар менеджердің ой-пікірін, кіріс ақпараты мен жоспарлау қабілетін өңдеу мүмкіндігін қамтиды. Менеджер ұйымдағы фирманың әр бөлімінің рөлін, саладағы, қоғамдағы және кең іскерлік және әлеуметтік ортадағы компанияның ұстанымын білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет