Сабақ Тақырып: «Қазақ халқының салт дәстүрлері, тойлары»



Дата05.06.2017
өлшемі73,99 Kb.
#18026
түріСабақ
Новобратск орта мектебі

Бұланды ауданы

Ақмола облысы

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ

Тақырып: «Қазақ халқының салт – дәстүрлері, тойлары»

Мұғалім: Канафина Н.К.

2014 – 2015 оқу жылы
« Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тойлары» ашық сабақ 4 сынып

Сабақтың мақсаты:



  1. Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тақырыбы бойынша оқушылардің білімдерін пысықтау, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, өмірмен байланыстыру.

  2. Дамытушылық: Оқушшылардың танымдық қасиетін дамыту, ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету, ой-өрініс кеңейту, тілдік қорын байыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы, адамгершілікке, отбасын құрметтеуге шақыру. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

  4. Көрнекілік: Салт-дәстүрлер көрсетілетін суреттер көрмесі, ойыншық бесік, қуыршақ, дөнгелек үстел, ала жіп.

  5. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

  6. Сабақтың әдістері: Баяндау, ойландыру, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу.
Қызығушылығын ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу үшін ән тыңдалады. Балалар бұл әнде не туралы айтылатынына тоқталады.
- Дұрыс, ендеше біздің тақырыбымыз –«Қазақ халқының салт - дәстүрлері». Сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Ой қозғау: Салт дәстүрлер туралы өздерің не білесіңдер?(оқушылар пікірін тыңдау).
шілдехана
тұсау кесер
сүндет той
тілашар

беташар


Мұғалімнің кіріспе сөзі:– Иә, балалар, салт дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады.
Слайд - шоу «Қазақтың салт – дәстүрлері»
Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының салт-дәстүрлері бала тәрбиесіне соның ішінде балаға жан-жақты тіл үйрету мен ақыл ойын өсіруге еңбек пен адамгершілікке, ізгілікке жетелеу болып табылады. Сабақты «Бала тәрбиесі бесіктен», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздерден бастаймын. Қазақ халқы қонақжай халық. Үйімізге кім келсе де қарсы алып, ылтипат көрсетеміз.  Балалар, сендер осы «қонақжайлылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер:

1-оқушы: Қонақжайлылық – қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттердің бірі. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Қонақты төрге отырғызады. Қыз бала төрге отырса, байлық келеді деп есептеледі. Бұл қыз балаға деген құрметтің белгісі.

Қазақ халқында не көп, той көп. Осы «той» деген сөзді қалай түсінесіңдер ?

2-оқушы: Той - адамдардың басын қосатын қуаныш. Тойға көп адам жиналады. Олар сәнді киім киіп келеді. Тойда тамаша әнгімелер айтылады, көп бата беріледі. Жастар үлкендерден өнеге алады.

Дұрыс айтасың тойға көп адам жиналып, жақсы тілектер айтылады. Қонақтар ән салады, би билейді. Той көңілді өтеді. Тағыда осы «той» туралы кім не біледі ?

3 – оқушы: Тойға өнерпаздарды шақырады. Адамдар олардың өнерін тамашалайды. Той нелері оларға  құрмет көрсетеді. Тойға келген адамдарға мерекелік дастарқан жаяды. Тойда «Құтты болсын!»  деген тілек айтады. Кім қандай тойда болды?

4 – оқушы: Жазда біздің үйде үлкен той болды. Менің ағам үйленді. Тойға көп адам жиналды. Олар жақсы тілектер айтты, өлең айтып, би биледі. Біз қонақтарды жақсы қарсы алдық. Той жақсы өтті.

Қазақ халқы , салт-дәстүрге бай халық. Жас балаларға арналған той-домалақ да өте көп: Шілдехана – жас нәрестенің туған күніне арналған той. Осы той туралы кім айтып береді?

5 – оқушы: Сәби дүниеге келгенде шілдехана тойы жасалады. Оған көп адам жиналады. Олар: «Балаңыздың бауы берік болсын!» - дейді. Қонақтар домбыра тартып, жарысады. Кейде шілдехана үш күнде созылады.
Дұрыс айтасың, сөйтіп шілдехана дегеніміз өмірге адам келгенін және оған қуанудың бір белгісі: Осы баланы, жаңа туған нәрестені қазақтар бесікке салады. Енді осы «бесікке салу» дәстүрін көрсетейік.

Бесік тойы: «Укладывание в колыбель» . Ортада бесіктің қасында әже отырады. Анасы сәбиді әжеге береді. Әже: «Алас, алас деп аластап, баланы бесікке салады». Әже: «Бала бесікке жатса, ұйқысы жақсы, тыныш болады, шошынбайды. Бесік деген киелі. Осы бесіктен талай адамдар өсіп – өнген» - деп бесік жырын айтады.

Бесік жыры:

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

 Баланың анасы әжеге рахмет айтып, сыйлық береді.



Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз ананың әлдиін естіп аялы  алақанын сезініп өскен ұрпақпыз. Бойымызға сіңірген әдет – ғұрпымызбен еліміздің саналы ұлы мен қызы болайық.

Сергіту сәті: би «Қара жорға»

Осы сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырын бар. Оны не дейді? Кім айтып береді:

6 – оқушы: Тұсау кесер. Перерезание пут.

Жас сәби жүре бастайды. Ата – анасы туыстарын, көршілерін шақырады. Бұл – тұсау кесер немесе тұсау кесу тойы. Тойда тұсаукесер жырын айтады:

Қаз – қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

 «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетеді.

Бала өсіп жеті жасқа толып мектепке баратын болды. Осы кезде ата -анасы қандай той жасайды? Кім айтады?

7 – оқушы: Тілашар. Праздник первоклассника.

Бала жеті жасқа толады. Ата – анасы баланы мектепке береді. Баланың оқуға баруы – үлкен қуаныш. Сондықтан ата – анасы «Тілашар» тойын жасайды. Тойға туыстар, көршілер жиналады. Олар «Құтты болсын!» дейді. Балаға әжелер, аталар бата береді.

Ақылды бол, дана бол,

Адасқанға  пана бол.

Жақсыны мақта,

Нашарды жақта,

Момынды сыйла!

 

Осы тойлардың бәріне жасалатын тағы бір ырым бар.



Оны «шашу» дейді. Осы шашу туралы не білесіңдер?

8 – оқушы: Шашу – қуанышты білдіреді.

Тойда әжелер үлкен табаққа ірімшік, құрт кәмпит, теңге салады. Оларды адамдарға шашады. Осылай жақсылық тілегенін білдіреді. Тойдағы үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.

Дұрыс және бұрыс сөздерді белгіле.



СӨЙЛЕМДЕР

ДҰРЫС

БҰРЫС

1. Шашу – қуанышты білдіретін ырым.

 


+

 

2. Тойда қонақтар үлкен табаққа ірімшік, құрт, кәмпит, теңге салады.

 


 

+

3. Оларды адамдарға шашады.

 


+

 

4. Тойдағы шашуды ешкім теріп алмайды.

 

+

 

Жаңа сендер айтып кеттіңдер тойдан кейін бата беріледі деп. Батаны кім береді, батада не тілейді? Кім айтады?

9– оқушы: Бата беру – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда, қонақта бата береді. Әр тойдың өз батасы болады.

Бата


 Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң, жол болсын!

 Ойын ойнатылады «Ғажайып алаң»



Бекіту. Сөйтіп, балалар, қазақ халқында той көп екен. Қазақтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптары адамгершілікке, жақсылыққа жетелейді екен. Осы тақырып бойынша мына сұрақтарға түсініп жауап беруге тырысыңдар.

 

1) Сәби дүниеге келгенде қандай той жасалады? (шілдехана).



2) Мына суретке қараңдар, бұл қандай той? (бесік тойы).

3) Тұсау кесер тойы қашан жасалады? (бала бір жасқа толғанда).

4) Бала алғаш мектепке барғанда қандай той жасалады? (тілашар).

5) Тойға не шашады? (шашу).

6) Наурыз қашан тойланады? (көктемде).

7) Тойларда батаны кім береді? (жасы үлкен ер адамдар).



 

Білімдерін бағалау.



Қорытындылау. Рефлексия.
«Саусақтар»
Шарты: әр оқушының алдарына саусақ салынған суреттер таратылады. Суретке ұнатқан саусағына жүзік салу тапсырылады.
ü Бас бармақ – мен түсіндім
ü Балаң үйрек – мен білгім келеді
ü Ортаң терек – маған қиын болды
ü Шылдыр шүмек – мен тапсырманы түсіндім
ü Кішкентай бөбек - мен тырысамын

Осымен балалар, қазақ халқының салт – дәстүрлері тақырыбын аяқтаймыз. Біздің қазақ халқының салт – дәстүрлері адамгершілікке, үлкенді сыйлайтын, елін, халқын. Отанын сүйетін  патриоттарды тәрбиелейді. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Салт – дәстүрімізді берік сақтайық.  Отанымыздың адал ұлы мен қызы болайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет