“Бақытты сәт” ойынының мазмұны. Сынып екі командаға бөлінеді.
2-3-4-5 геймдерді талқылағанда 1 мин уақыт беріледі. Егер бірден жауап берілсе, уақытын үнемдеген команда 1 балл немесе фишка алады.
1-гейм. “Бой сергіту”
Командаға 10 сұрақтан беріп талдауға 5 минут беріледі.
Команданың бір өкілі жауап береді. Бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын тексереді. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.
2-гейм.
“Бөшкеден шыққан бас қатырғылар”
Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) номерлі шарлар алып шығады. Әр номерге сай сұрақтарды оқып, команда ішінде талқылаған соң, жауабын команда капитаны береді.
3- гейм.
“Жұмбақ тас”
Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдам жауап беретін команда ұтады. Егер команда дайын болса көк жалауша көтереді.
4-Гейм.
“Сен маған-мен саған”
Командалар бір-біріне екі сұрақтан дайындап келеді.
Сұрақтар “Біздің өміріміздегі жылу құбылыстары” тақырыбында болу керек.
(мұнайдан басқа ) энергия көздерін қайдан іздеген болар едім?
2. Қыстағымызды
(экологиялық таза) қалай жылытуға болады?
Зертханалық жұмыс. №1
Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.
Микроскопты жұмысқа дайындаңдар. Микроскоптың тубосын жылжыта отырып,
кескіннің анық көрінуін тексеріңдер.
Шыныға тамызғышпен су тамызыңдар.
Осы су тамшысына аз мөлшерде графит (бояу сүт) ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызбанұсқасын салыңдар.
Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер. Олар өлшемдеріне байланысты қалай қозғалады?
Температураға қатысты броундық қозғалыстың қарқындылығын зерттеңдер.
Ортаның тұтқырлығына сәйкес броундық қозғалыстың қарқындылығын зерттеңдер.
Броундық қозғалыстың газдарда (түтінде) болатынын дәлелдейтін тәжірибенің әдістемесін ойластырыңдар.
1-гейм. “Бой сергіту” ойынының сұрақтары.
Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
Диффузия деген не?
Жылу алмасу дегеніміз не?
Термометр қандай дене?
Энергия дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді?
Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар?
Жылу мөлшері дегеніміз не? (формуласы)
Калория дегеніміз не?
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не? (формуласы)
Денені қыздыруға қажетті жылу мөлшері неге тәуелді?
2-гейм.
“Бөшкеден шыққан бас қатырғылар”
ойынының сұрақтары.
Ол бұл қозғалысты суда қалқыған өсімдіктерді бақылай отырып ашқан.
Ол қандай қозғалыс және судың жағасындағы адамның есімін ата.
Бірі әшекей, бірі оқ бола алады. Тағдыр қосса 5 жылдан кейін олардың 5 мм
тереңдікке дейін бір-бірімен бауырласқанын көруге болады екен.
Бұл қандай заттар және қандай құбылыс?
Q=qm формуласының анықтамасын ата.
Күндіз көл бетіндегі мұз ериді. Мұз ерігенде бөлінетін жылу атмосферадағы ауаға берілеме
әлде одан алына ма?
Металл бөлшекті егеумен өңдесе қызады. Осы жағдайда металл бөлшекке белгілі бір жылу мөлшері берілді деп айтуға бола ма?
Терезенің тазаланған әйнегі күн сәулесінің әсерінен неліктен қызбайды, ал кір , күйе әйнек неге жылынады?
Шаң мен түтінге көмілген қала неге күн энергиясын аз қабылдайды?
Дені сау адам денесінің абсолюттік температурасы қаншаға тең?
Мен қозғалыстамын. Мен қандай энергияға иемін?
3- гейм.
“Жұмбақ тас” жұмбақтары
Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. (Күн мен ай. Табиғи жарық)
Жылдың төрт мезгілінде де мазасызданады ол неге?
(Жел. . Суық ауа мен ыстық ауаның алмасуы. Диффузия)
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (Диффузия)
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді. (күш)
Бес әріптен тұрады
Өлшемі Паскаль құрайды.
Қалың қарда шаңғымен
Жүру оңай болады. (Қысым)
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (энергия)
Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
Термодинамика дегеніміз не?
Жылу дегеніміз не?
Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
2-деңгей.
Басқа планеталарда жоқ, тек бізде ғана бар. Сондықтан олар бізге қарағанда суық, өмір сүру
мүмкін емес. Жер шарымыздың жылу ұстаушысын ата.
Ыстық суы бар (100 с шамасында) стаканды және термометр мен сағатты пайдаланып, су суығандағы температураның графигін қалай салуға болады?
Су тәжірибенің басында ма, әлде соңындама? Түсіндіріп бер.
3. Формуласын түсіндір.
3-деңгей.
1. Үйге жылу берілу жүйесін анықтаңдар. Орталық жылу
жүйесі қай жерде орналасқан. Оның маңыздылығы қандай?
Болашақ үйіңнің жылу жүйесі қандай болғанын
қалайсың.?
Сен білесің бе?
1. 0 градустағы ауаның массасын қандай жағдайда
азайтуға болады.? Судың ше?
2. Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті?
3. Бұл қай кезде?
4. Пешті жаға бастағанда бөлмедегі ауа температурасы төмендей ме,
әлде көтеріле ме?
5. Шам жанбайды, өйткені жану өнімдері жалыннан алыстатылмайды.
Бұл қандай жылу алмасу түрі. Мұны қандай жағдайда жасауға болады?
6. Бұлтты күні ауа неліктен салқындайды?
7. Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады. Тар немесе кең аяқ киім.
8. Термостағы ыстық неліктен суымайды?
9. Ең аз жылусыйымдылық қай затта?
10. Бір молекуланың жойылып, екінші молекуланың пайда болуы қандай
құбылыс?
9 –сабақ.
Бақылау жұмысы. (тест)
Денені қыздырғанда (салқындатқанда) жұмсалатын (бөлінетін) жылу мөлшерін
есептеуге арналған формалар.
А) Q=mq Ә) Q=cm( - ) Б) Q=tm
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі. А) Джоуль Ә) Ватт Б) Ньютон
Отынның меншікті жану жылуының формуласы.
А) C=cm( - )/Q Ә) C=Q/m( - ) Б) q=Q/m
4. Массаның негізгі өлшем бірлігі. А) грамм Ә) килограмм Б) тонна
Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірліктері. А) Дж/кг Ә) кг/Дж Б) Дж/гр
Қыстыгүні үйді жылыту үшін жылу беру қандай қандай тәсілмен іске асады?
А) Конвекция Ә) жылуөткізгіштік Б) сәуле шығару
Массалары бірдей алтын,күміс және мыстан жасалған бұйымдарды қыздыру үшін қайсысына көп жылу мөлшерін беру қажет? А) алтын Ә) күміс Б) мыс
Массасы 2 кг табиғи газ толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
А) 2,2 × Дж Ә) 4,4 х Дж Б) 8,8х Дж
Массалары бірдей тас көмір, ағаш көмір, табиғи газ толық жанғанда қайсысы көп жылу береді? А) тас көмір Ә) ағаш көмір Б) табиғи газ
Массасы 2 кг суық суды 1 градусқа дейін салқындатқанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
А) 8400 Дж Ә) 4200 Дж Б) 2100 Дж
Су немесе су буының массалары бірдей болған жағдайда, ішкі энергиясы ең көбі қайсысы? А) Су Ә) Мұз Б) Су буы
Су қандай қысымда 200 °с –де қайнайды?
А) Атмосфералық қысым қалыпты қысымна төмен болғанда
Ә) Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан жоғары болғанда
Б) Атмосфералық қысым қалыпты қысымға тең болғанда.
Жылу берілуінің қай түрінде зат тасымалданбайды?
А) тек 1 Ә) тек 2 Б)тек 1-2
Қандай денелерде конвеция болмайды?
А) Қатты денелерде Ә) Сұйықтармен газдарда Б) газдарда
Бір стаканға суық су, екіншісіне ыстық су құйылған. Стакандардағы сулардың массалары бірдей. Стакандардағы сулардың ішкі энергиялары туралы не айтуға болады?
А) Екі стакандағы сулардың ішкі энергиялары бірдей