Ұялы негізгі мектебінің
Химия пәнінің мұғалімі
Ыдырысов Ғалымжан Ыдырысұлы
Химия пәнінен ашық сабақ
Тақырып: Су және сулы ерінтілердің маңызы
Мақсаты: «Су және ерітінділер» тарауы бойынша оқушылардың алған білімін бір жүйеге келтіріп, пысықтау.судын халық шаруашылығындағы, адам өміріндегі маңызына тоқтап өту. Оқушылардың судың сандық, сапалық құрамын анықтау жолдарын қолдану, химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару шеберліктерін шыңдап, ойлау қабілетін дамыту. Химияның биология, экология, география, математика, физика және әдебиет пәнаралық байланысын көрсете отырып,оқушының танымдық белсенділігн арттырып, тілін дамытуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ, МОТ-тың «Аквариум» тәсілі,СТО технология.
Көрнекіліктер: Д.И.Менделеев жүйесі,қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік таблицасы.Топтастыру кестесі. Карточкалар, жетондар, сөзжұмбақтар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру.
«Сергіту сәті» өзгерістердің қандай құбылыстарға, қай пәнге қатысы барын анықтаңдар.
«Кім жылдам?» Су тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады, кім бірінші болып жауап берсе сол ұпай алады.
«Ойлан тап!» Валенттілік бойынша тапсырмалар.
« Жеті жұрттың тілін біл». Жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің үш тілде атау керек (қазақша, орысша, латынша)
«Озғыр химик». Химиялық рекацияларды теңестіріп, типтерін анықтау.
ІІІ. Жаңа тақырып: Су және сулы ерітінділердің маңызы.
Ғалымдар - су маңызы туралы.
«Су тіршілік көзі». Судың биологиялық, экологиялық және халық шаруашылығындағы маңызын ашатын мақал-мәтелдер.
«Су ерекше зат», «Судың адам өміріндегі маңызы», «Судың маңызы» - осы тақырыптар бойынша кесте толтыру
Пысықтау: «Сандарды сөйлетейік». Сандық есептер шығару
ІУ. Жетондар арқылы бағалау.
У. Үйге тапсырма: §41 б.107-109 есеп №1,2
Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары екі топқа бөлу. Сабақ кезеңдерімен, мақсатымен және ережесімен таныстыру.
«Сергіту сәті».Сұраққа жауап беріп, өзгерістердің қандай құбылыстарға, қай пәнге қатысы барын анықтаңдар.
Судың булану жағдайы (температура) физика
Табиғатта ең көп таралған зат(су) география
Судың формуласы (Н2О) химия
Судың салыстырмалы молекулалық массасы (18) химия,физика
Судың газ күйі (бу) физика
Суы мол Қазақстандағы өзен (Ертіс) география
Су молекуласындағы оттектің дәрежесі (-2) химия
Судың қайнау температурасы (100о) физика
Жер шарындағы судың пайызы (2%-2,5%) география
Адам денесіндегі судың үлесі (65-70%) биология
Мидағы судың мөлшері (81%) биология
Судың қатты күйі (мұз) физика
Сутек жанғанда алынатын зат (су) химия
Жердің су қабаты (гидросфера) география
Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл) география
Бір тәулікте адамға судың қажет мөлшері (2-2,5л) биология 2.«Кім жылдам?» Су тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады, кім бірінші болып жауап берсе сол ұпай алады.
Ерітінді дегеніміз не?
1 кг тас ауыр ма, 1 кг су ауыр ма?
Синтез дегеніміз не?
Судың агрегат күйлерін ата.
Анализ дегеніміз не?
Коэффициент дегеніміз не?
Ерітінділердің жіктелуі.
Құрамында екі атом сутек, бір атом оттегі бар қосылыстың формуласы.
Газдардың ерігіштігі температура мен қысымда қалай өзгереді?
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қалай табамыз?
Индикатор дегеніміз не?
Табиғатта ең көп тарлған зат.
3.«Ойлан тап!» Валенттілік бойынша тапсырмалар
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін көрсетіңдер.
Н2О, НҒ, NH3 , H2S, CH4 .
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін көрсетіңдер.
СаО, СО2, Р2О5, Н2О, AL2O3
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін көрсетіңдер.
P2S5 , CrO, FrCL3 , CuO, В2О3
4.« Жеті жұрттың тілін біл». Жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің үш тілде атау керек (қазақша, орысша, латынша)
1. Өзім газбын менімен дем аласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың
(оттек, кислород, оксигениум)
2.Осы затпен ескі үйді аластайды
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды
(күкірт; сера, сульфур)
3.Ең жеңіл элемент саналады
Периодтық жүйе осыдан басталады.
(сутек, водород, гидрогениум)
4.Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны
(темір, железо, феррум)
5.Аспандағы айды осымен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді.
(күміс, серебро, аргентум)
6.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық. Бұланбас қайнатсаңда отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық қандай зат; құрал жасар соны құйып.
(сынап, ртуть, гидраргирум)
7. Ауаны шарлап кезеді, таза күйде пайдасыз
(азот, нитрогениум)
5.«Озғыр химик». Химиялық рекацияларды теңестіріп, типтерін анықтау.
1. HgO → Hg + O
AL + CuCL2 → ALCL3 + Cu
ZnO + HNO3 → Zn(NO3)2 + H2O
Fe + HCL → FeCL2 + H2
Mg + H2SO4 → MgSO4 = H2
AL + S → AL2S3
ІІІ.Жаңа тақырып: Су және сулы ерітінділердің маңызы
!1. Ғаламдар судың маңызы туралы :
«Су – сұйық қозғалғыш және бәрін еріткіш зат есебінде барлық дүниенің бастамасы болады» Грек ойшылы Фалес
«Су – сенің дәмің де, түсің де, иісің де жоқ, сені суреттеу мүмкін емес, жұрт сенің не екеніңді білместен-ақ сенен ляззат алады. Сен өмір үшін қажетсің деуге болмайды, сен өмірдің өзісің» Антуан де Сент Экзюпери
Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдамайсың бұл затсыз екі күнде
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болғансоң ұмытамыз
2.«Су тіршілік көзі». Судың биологиялық, экологиялық және халық шаруашылығындағы маңызын ашатын мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар:
Су – ырыстың көзі, ... еңбек-кірістің көзі
Егер жерді әке десек, ... онда суды ана дейміз
Су тасыған жердің ... көгі тасыр
Су ішетін арығы жоқ елдің ... сүзіп алатын балығы жоқ
Жер – қазына ... су алтын
Сусыз жердің шөбі сұйық,... суайт адамның сөзі сұйық
Сулы жер - ... нулы жер.
Ынтымақ - елдің ырысы, ... ылғал – жердің ырысы.
Батыр туса – ел ырысы,... жаңбыр жауса жер ырысы
Су – тазалық кепілі,... тазалық – денсаулық кепілі
Ағындағы су - бал татыр, ... ақ шабағы – май татыр
Сиыр су ішеді – сүтін береді,... жылан су ішеді уын береді
3.«Су ерекше зат», «Судың адам өміріндегі маңызы», «Судың маңызы» -осы тақырыптар бойынша кестелерді оқушылардың көмегімен толтыру
Пысықтау:.«Сандарды сөйлетейік». Сандық есептер шығару
1. Массасы 8 г CuO сутекпен тотықсыздандырылғанда қанша грамм су түзілетінін есептеңдер.
2. Массасы 8 г SO2 сумен әрекеттестіргенде неше грамм суды қажет етеді?
3. Массасы 8 г СаО +Н2 SO4 әрекеттескенде неше грамм су түзіледі?
ІУ. Жетондарды санап, бағалау.
У.Үйге тапсырма: §41 б.107-109 есеп №1,2
9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кальций және қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан металдар мен құймалар, олардың қасиеттерін, тарихын, кездесетін жерлері туралы білімдерін нығайту.
Дамытушылық:Қолданыстағы заттардың пайдасын, қоғамдағы ролін терең зерттеу. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, тез ойлауға дағдыландыру. Картамен жұмыс, пәндермен байланыстыру.
Тәрбиелік: Өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерімен ой өрісін дамытып, шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Са, СаО, НСl, Н2О, фенолфталеин, Са(ОН)2, СuSО4, сынауқтар, стакандар.
Сабақтың барысы: І. Өткен сабақты қайталау:
Металдарға жалпы сипаттама; ПЖО.
Жалпы физикалық қасиеттері.
Жалпы химиялық қаситтері.
Ме активтік қатарын кім ұсынған?
Ме табиғатта қандай түрінде кездеседі?
Асыл металдар
Ауыр Ме
Жеңіл Ме
Сұйық Ме
ІІ. Жаңа сабақ:
Хат оқу.
«2030-дың біз барысымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімізді көркейтетін
Металдарды оқу парызымыз.»
Кімге: Менделеев үйі,2 подъезд, 4 қабат,
пәтері белгісіз.
Ағылшын химигі Г. Дэви 1808ж
Кальцийдің ПЖО.
Электрондық құрылысы.
Са+20)2)8)8)2 1s22s22p63s23p64s2
Са+2, Са0
Табиғаттағы қосылыстары.
СаСО3,СаSO4*H2O-ғаныш
СаСО3*MgCO3-доломит
Са3(РО4)2- фосфорит
Са5(РО4)2F – фторапатит
▲! Жер қыртысында 5 орында, 3,4 %, адам ағзасында – 1кг.
(оқулықпен жұмыс).
36 параграф. 102бет. «Жадыңда жүрсін»
Физикалық қасиеттері.
«Химиялық портрет»
Алтындай менің ардақтым,
Қорғасындай салмақтым.
Көптен көрмей өзіңді,
Электрондай зар қақтым.
Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің.
Мінезің мыстай майысып,
Сынаптай сырғып кетпегін.
Шаштарың қара көмірдей,
Мүсінің құйған темірдей.
Кальцийдей менің аппағым.
Өзіңнен асыл таппадым.
▲ 36 параграф.101 бет. Физикалық қасиеттер.
Tбалқу-851о
Химиялық қасиеттері.
А) Жай заттармен әрекеттесуі
! Кодоскоп: кластер
О2 Cl2
Са
N2 H2
!▲ Тақтамен жұмыс: теңдеулер жазу.
2Сао+О2о=2Са+2О-2
Сао+So=Ca+2S-2
Cao+Cl2o=Ca+2Cl2-1
3Cao+N2o=Ca3+2N2-3
Ә) Күрделі заттармен:
СаО
H2SO4 HOH→Ca(OH)2әк суы
СО2→СаСО3
Са(ОН)2 – суда нашар ериді
Са(ОН)2→Са+2+2ОН-
Фенолфталеин қызарады!
Ca(OH)2
СО2 НCl
CuSO4
Қолданылуы:
Әкті су – мөлдір ерітіндісі. Лабораторияда СО2 анықтау үшін пайдаланады.
Са(ОН)2+СО2→СаСО3↓+Н2О
!▲ Тәжірибе «Дем шығару».
Сынауқта Са(ОН)2 оқушы партасында, түтікше арқылы үрлеген кезде, ерітіндіде тұнба пайда болады.
ІІІ. Бекіту. «Химиялық эстафета»
1). Са→СаО→Са(ОН)2→СаСl2→CaSO4→Ca(NO3)2
2). CaO→CaCl2→CaCO3→CaO→Ca(OH)2
IY. Үй тапсырмасы: 36-37 параграф,
Достарыңызбен бөлісу: |