Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет47/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

6 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің ішіндегі тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңдар.

1.Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай жанынан өте шықтым. (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ») 2. Бір топ адам ауылға жұлдыз толғанда келіп түсті. (Ш.Мұртаза «Жұлдыз көпір») 3. Әйел орнынан ұшып тұрса да, әлденеден ұялып, тақтыға барар-бармасын білмей екі оқтылау болып тұрды. (І.Есенберлин «Көшпенділер»). 4.Құдай риза, біз риза, ұлымның атына шіркеу келтірмей жыл отырды, -деді, -жас жан еді обалына қалмайық ерге шықсын. (Б.Майлин. Шығармалары, Алматы, 1992) 5. Күн сиыр түс болғанда қарамы мың жарымдай қойды қаптатып айдап келе жаткан жастау қойшы көлденең кезікті. (І.Жансүгіров «Жетісу естеліктері») 6. Содан кейін Жұманның назары пәс болып қалыпты. (Ақ Баян «Сезім сергелдеңі») 7. Жас мұғалім қыз жай ғана жымиды да, ішін алдырмай отырып қалды. (Ж.Аймауытов «Қартқожа») 8. Көккөлден күдер суды кездестіре алмайсың. (Ә. Асқаров: «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын») 9. Дәукен қарт дауыстағанда селк ете қап, көздері атыздай болды. (Н.Серәлиев. «Әңгелек»)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет