1 – жаттығу. Диалект сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырауын дәлелдеңіздер.
«Ақ көйлектер» жаңа сергігендей ашына қимылдап, Кендебайдың бауырлата зымыратып оң қанат айдаушысы Тұрдыхонға жөнелткен добын қақпақылдап әкетті де лезге жеткізбей-ақ «Шалқыма» қақпасына шүйіріп барып та қалды (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 145-б.). Екі жыл қатарынан сол желтоқсанның басындағы тобықшылар ұшқанақтан басқа ештеңе түспеді (Ә. Кекілбаев, «Ең бақытты күн».1-т. 89-б.) Түніменен «соқыр теке» деп жүргенде, құжантық ілінбес шарқатыңа (Ғ.Сланов «Дөң асқан» 17 б.). Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады (Ә.Кекілбаев «Аш бөрі» 22 б.). Ай тақырда отырып тас қорғанның ішіндегі алтын тақыттан дәмету, бір қарағанда, есерлік сияқты!. (Ә.Кекілбаев «Аш бөрі» 34- б.). Қасқыр болар, сірә, - деді жігіт көкалақан дойырын нығарлап. (Қ.Сланов, Дөң асқан. 8-б.). Тек салынып жатқан мектептің бір тұсындағы шалғыны орылған беткейде балалар шулап, қақпақыл салып, доп ойнап жатыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 135-б.). Күз түсіп, өзенге шәуіш жүре бастағаннан бері бұл үйге біздің құлағымыз үйреніп те болған-ды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында туғандар. 321-б.). Сол тұсқа барғанда, ағынға бір басын сүңгіп қалқыған жуан ағаш кідірістеп, бір күдіске тірелгендей, қайырлап, шөге берді (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 230-б.). Бөтекеңді бұлтитып, өзіңді шелегіңмен қосып атқа өңгеріп алып кетейін бе? (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдану. 18-б.).
Достарыңызбен бөлісу: |