3 – жаттығу. Есімшеден жасалған сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыздар. Жұлдыз толғанда, иіс алмас, сиыр түс болғанда, мәтел боп тұрғаны, көрсе басар, жанды өлтірерде, көл шайқаған, араны жүретін, ат байлар, көңілі көншімейтін, күмәнға шығарды, уызы арылмаған, мысы шамырқанды, жауырына көбе сыймаған, сауқаны ұшу, ат құлағы көрінбейтін боран, дерек қатқандай.
4 – жаттығу. Көсемшеден жасалған сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің әдеби мағыналарын табыңыздар. Қыжырым қайнап, жатпай тұрып, шіркеу келтірмей, мүңкір болып, таңдайды жұлып барады, мәлім қылып, дәп – дәбе қыла, пыш болып, тұқыртып ұстағанда, ілбіп басу, әбестеу көріп, дымын шығармай, мүңкір болып, мыштай болып, кіленбей көрсету, зәресі қалпақтай болу, ала қойды бөле қырықпай, толасын күтіп.
Достарыңызбен бөлісу: |