Сабақтың басы
Жаңа сабақ:
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру
-Балалар біз сендермен қай бөлімді өтіп жатырмыз?
-Жақсы. Олай болса бүгінгі сабақтағы бағалауымыз да сол жануарлармен байланысты болмақ.
Яғни, түрлі тапсырмаларды орындап сұрақтарға жауап береміз. Әр дұрыс орындаған тапсырмамен дұрыс жауап берілген сұрақтарға мен сендерге жануарлар беріп отырамын.
Ал ол жануарларды өзіміздің алдымыздағы «зообаққа» орналастырамыз.
Кімнің зообағында жануарлар саны көп болады екен?
Кім көп жинаса сол бала сабаққа белсене қатысты деген сөз.
Қане, дайын болсақ, сабағымызды бастайық!
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-(Жауап береді)
-Олай болса үйге қоректік тізбек түрлері тақырыбы бойынша үйге берілген тапсырмаға тоқталып өтейік. Қане, кім дайын?
-(Жауап береді)
-Тамаша!Ал, енді балалар мына дыбыстарға назар аударайықшы.
-Бұл ненің дыбыстары?
-Иа, өте дұрыс! Бұл жануарлардың дауыстары.Қандай жануарлардың дауыстарын естідік?
|