Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты
Пәндік лексика және терминология
Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы
Оқушылар:
-өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығын атайды;
-өз өлкесіндегі өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды сипаттайды;
-қоректің тізбектің құрылымын сипаттайды;
-жануарларды қорғаудағы ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың рөлі туралы әңгімелейді.
Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар,
қорек тізбегі, құрылым, қорық, Ұлттық саябақ, қорғау.
Талқылау үшін сұрақтар:
Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлардың айырмашылығы қандай?
Қандай өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды білесің? Олар туралы не айта аласың?
Жазуға арналған тапсырмалар:
Өздерің тұратын жердегі жануарларды сипатта.
Оларды түрлі белгісі бойынша топтарға жікте.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
|
Бастапқы білім
|
Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланысы туралы біледі, жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттайды, оларды түрлі белгілері бойынша топтарға жіктей алады. Түрлі жануарлар қалай қоректенетінін біледі, өз өлкесіндегі мекен ететін жануарларды біледі. Жануарлардың тіршілік ортасындағы жағдайлардың, адамның іс-әрекетінің жануарлардың санының азаюына әсер ететінін біледі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |