Сабақ тың тақырыбы «білімді ұрпақ жарқын болашақ»



бет37/59
Дата02.04.2022
өлшемі168,24 Kb.
#137675
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
7 кл часы поуроч

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу

Жаңа сабаққа дайындалады







Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут



Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Г. Колбиннің сайлануына қарсылық білдіріп, алаңға шықты.
Жастар алаңға жиналды. Аяз қысып, қыс қаһарын төгіп тұрса да, жастар қатарын сиретпеді. Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты. Оларға жала жапты. Ұлтшыл, нашақор деп кінә тақты. Жүздеген адамдар жарақат алды. Ұсталғаны сотталды. Сол екі күн күллі әлемді дүрліктірді. Бірнеше күн Алматы қаласының барлық қалаларымен байланысы үзілді.
Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы Өскемен қаласына да жетті. Студент жастар қала орталығындағы "Ушанов" алаңына шеру тартады. Олардың арасында әділет іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін қолдаған Сәбира Мұхаметжанқызы да болған. Сәбира үйіндегі кенжесі. Жазықсыз балағаттап, ұрып - соғып, темір торлы жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып жіберген.
Сәбираның да оқу орнында ата - аналарын шақыртқан үлкен жиналыс болды. Анасын көргенде Сабира намыстан жарылып кете жаздады. Көп кіналау, жазықсыз жала "Тентек" - деген ұстаздар сөзі жанын аяздай қарыды. Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай берді. Бір кезде Сәбира алға шықты:
- Бәріне кінәлі мен. Жазаласаңдар мені жазалаңдар! Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды алаңға мен үгіттеп апардым. Бәріне мен жауап беремін! Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, - деді тайсалмастан. Бәрі үндемей қалды. Сәбира кенет жиналысты тастай салып, сыртқа қарай жүгіре жөнеледі.
Сол жүгірген бойда намысшыл қыз жатақхананың бесінші қабатынан секіріп кетеді. Желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сәбирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті. Сәбираның қысқа ғұмыры ел жадында мәңгілікке жаңғырып қалды. Қазақ елі көптеген ер жүрек қыз - жігіттерінен айырылды.
Сол кездегі желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар - нағыз қаһарман, ержүрек, адамдар деп мойындау керек. Сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған жастарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысына кеудесін тосып қорғаған, жандары тек шындық деп шырқыраған Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттар сол кезде қорлық пен зорлықтың неше түрін бастан кешті. Осындай қайсар рухты аға - апаларымызға құрмет көрсету, олардың ерлігін үлгі ету біздің міндетіміз.
Елбасымыз айтқандай, «Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында», олай болса зиятккерлік ойынымызды бастайық.







Презентация

Сабақты бекіту
25 минут



1 минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.
1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә)
2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе?(иә)
4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ)
5. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді ме? (иә)












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет