Сабақ типі; Теориялық



Дата24.01.2022
өлшемі20,82 Kb.
#113710
түріСабақ
Байланысты:
Әлеуметтік зерттеулер – әлеуметтік шынайылық құрылғысы. Қоғамның құрылуын және қабаттарын зерттеу.


Сабақ тақырыбы: Әлеуметтік зерттеулер – әлеуметтік шынайылық құрылғысы. Қоғамның құрылуын және қабаттарын зерттеу.

Пән атауы: Саясаттану және Әлеуметтану негіздері

Тобы: МК-215

Күні: 04.05.21

Сабақ типі; Теориялық

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Ол әр алуан негіздемелер бойынша бірнеше түрге: мыс., социол. білімді игеру сипатына қарай теориялық және эмпириялық (нақты), жүргізілу жиілігіне орай бір мәртелік және қайталанбалы, танымдық мақсаттары мен міндеттеріне, зерттеу барысында алатын білім ауқымы мен тереңдігіне қарай барламалық (пилотаждық, зондаждық), баяндамалық және таңдамалық, зерттеу масштабына орай жергілікті, аймақтық, жалпы мемлекеттік және халықаралық Ә. з-лерге бөлінеді. Бұл зерттеулердің қай-қайсысы да арнаулы даярлықты қажет ететін, күрделі, жан-жақты, көп салалы процесс. Ол жүйелі үш негізгі сатыны:

1) Ә. з. бағдарламасын әзірлеуді;

2) бастапқы социол. ақпараттарды жинауды;

3) жинақталған. деректерді өңдеп, талдауды, қорытуды және ұйғарым түйіп, ұсыныстар мен болжаулар жасауды қамтиды.

Ә. з-лердің сатылық кезеңдерінде әлеуметтік болжау жасаудың өзіндік мән-маңызы ерекше. Ол зерттелетін объектіні алдын-ала талдау негізінде ұсынылатын әлеум. деректер, құбылыстар мен процестер туралы ғыл. тұрғыдан дәлелді, әйтсе де, растау мен теріске шығаруды қажетсінетін әлеум. жорамалдар жасайды. Әлеуметтік болжам үш тәсілмен: экстраполюстеу (яки, ықтимал ауытқуларды есепке алу), модельдеу (тиісті үлгілерді жасау) және эксперттік сауалдама (сарапшыларды сауалдамаға қатыстыру) арқылы жүзеге асады. Болжамдардың бәрі бірдей шындыққа айналып, кәдеге асуы шарт емес. Әлеум. болжаудың негізгі мақсаты, біріншіден — белгілі бір әлеум. жүйенің сандық, сапалық қасиеттерін анықтау арқылы қоғамдық даму мүмкіндіктерін саралауға; екіншіден — қоғамдық тұрмыстың нақты әлеум. жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қажетті мағлұматтар береді. Ал, әлеуметтік жоспарлау ұғымы осы әлеум. болжам атауымен тікелей сабақтасып, желілесіп жатады. өйткені, ол әлеум. даму процестерінің мақсат-міндеттерін, оны жүзеге асыру жолдарының ғылыми негізделген көрсеткіштерін қамтиды. Әлеум. жоспарлау қажеттілігі бір салаға тән ерекшеліктердің әлеум.-экон. мәселелермен тығыз байланыстылығынан туындайды. Мыс., қаланың дамуын жоспарлау үшін, алдымен, әлеум. мәселелерді шешудің тиімді жолдарын, ресурстар қорын іздестіріп, тиянақты болжам жасалуы тиіс. Әлеум. жоспарлау объектісі — әлеум. топтар, қала, аймақ және басқа да елді мекендер. Әлеум. жоспарлау барысында аймақтық — әкімш., ұлттық және геогр. ерекшеліктер ескерілуі шарт. Ал әлеум. процестер мен құбылыстарды жоспарлы дамыту мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан негіздеуге, нақты әлеум. ин-ттармен қарым-қатынасты мақсаткерлікпен өзгертуге бағытталатын басқару ісінің бір сатысы — әлеуметтік жобалау ұғымы әлеум. жоспарлаудан өзгеше: ол әлдебір ұйымның шешіміне тәуелді болғандықтан, шартты нұсқаулық сипатта болады. Бірақ, әлеум. жоба өздігінен жүзеге аспайды, жоспарлы мақсатқа байланысты іске асады. Социология ғылымында оны әлеум. болжау мен әлеум. жоспарлау арасындағы дәнекер элемент ретінде қарастырады. Әлеум. жобалау барысында өзара байланысты әлеум.-экон. тиімділік, экол. салдар, әлеум. тұтастық, әлеум.-ұйымдық басшылық, әлеум. белсенділік тәрізді мақсат-мұраттар жете ескерілуі керек. Осы аталған мақсаттарға жету жолдары айқындалған соң ғана әлеум. жобалаудың нақты міндеттерді белгіленеді
Тапсырма
Қамтылатын мәселелер: қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі.
Әдебиеттер, сілтемелер:
1. Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А, 1996.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999.



3. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафин. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдер

https://el.kz/news/archive/leumettik_zertteu/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет