Сабақ түрі : кіріктірілген Көрнекілігі: көктемгі орман, аңдар мен құстар суреті



Дата26.08.2017
өлшемі157,86 Kb.
#28408
түріСабақ
Қалиева Жазира Қажымұқанқызы

МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Көктем келді
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: сөйлеуді дамыту, сенсорика, сурет.

Мақсаты: Балаларды көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру;

Зейіндерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, әңгімелесу

Сабақ түрі: кіріктірілген

Көрнекілігі: көктемгі орман, аңдар мен құстар суреті.

Сөздік жұмыс: қызғалдақ, сабағы, жапырағы, күлтесі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-ана да, бала да

Біздің үйге ұя салды, алақай !

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.


  • Жарайсындар, балалар!

Өлең

Ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау




Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

Ғажайып сәт:

Есік ұрылып ішке почташы хат береді.

- Балалар, сендерге хат келді.

- Кәне, ендеше хатты ашып көрейік.

Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен келдім, бірақ орман әлі оянған жоқ. Сендер келіп құстарды, аңдарды, гүлдерді оятуға көмектесесіңдер ме?»

Көктем.

- Балалар, көмектесеміз бе?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Балалар, қараңдаршы, суретте ештеңе көрінбейді (орман суретін көрсету)

Орман әлі ұйқтап жатыр.Ендеше уақытты көп созбай, көмекке жолға шыгайық.



  • Орманға қандай көлікпен барсақ екен?

Паровоз болып тұрайық

Кәне, кімнің бойы ұзын

Паровозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық

Ал, паравоз, бас алға!

Пыш-пыш-пыш, біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гулде

Қалып қойма біріңде,

Пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік.



(Құстардың даусы естіледі)

- Балалар, бұл ненің даусы?



- Алғаш көктемде қандай құс ұшып келеді?

- Енді қарлығаштың суретің орналастырайық.

- Міне, құстар оянды.

- Балалар, ненің даусы естіледі?

- Енді судан калай өтсек екен?

- Тастардың үстімен өтейік

- Мынау не?

- Бұл гүлді қызғалдақ деп атайды, бізді жол гүлдер алаңқайына алып келді (гүлдердің сабағы, күлтесі, жапырағы бар)

- Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші (Тыныс алу жаттығуы)

- Гүлдерді суретімізге жабыстырайық, гүлдер де оянды.



(Қорылдаған оюдың даусы естіледі )

- Ой, балалар, бұл ненің даусы?

- Бұл аюдың апаны ғой, ішін қарайықшы.

- Мұнда, балалар, үш аң бар екен – аю мен кірпі, қоян.

Біз аңдарды ояту үшін, аңдар туралы өлең айтайық.

- Біз міне аңдарды да ояттық, оларды суретке орналастырайық.



(Жаңбыр дыбысы естіледі)

  • Балалар, мынау ненің дыбысы?

Саусақ жаттығуы:

«Жаңбыр, жаңбыр »

Тық-тық, тық-тық

Жауа, жауа жауады

Жаңбыр, жаңбыр себелеп,

Бұлтар төніп тұрады.

- Жаңбырдан соң ағаштар бүршік атып, жапырақтар шығады

- Көктемде жапырақтардың түсі қандай болады?

Ендеше орманды ояту үшін жапырақтарды жабыстырамыз

- Міне, ағаштар да ұйқысынан оянды.

- Балалар, бір нәрсе жетпейтін сияқты. Орманымыз жарық болу үшін не керек?

- Күннің түсі қандай?

- Күннің пішіні қандай?

- Ондай болса күнді үрлеп жібереміз.



( Орман әуені орындалады)

- Міне, көктемгі орманды ұйқысынан ояттық.

- Көктемнің көңіл-күйі қандай?

«Гүлдер мен аралар» ойыны


  • Балалар, “ұшамыз гүлдер” дегенде гүлдерге қонамыз. Балалардың қалауымен ойнату.

Ия

Көктем


Қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып

келеді, шөптер өсіп шығады.

Пойызбен

Құстардың

Қарлығаш

Судың


Гүл

Аюдың


жаңбырдың

Жасыл
Күн

сары

дөңгелек


Балалар көңілді эмоциялық күйді көрсетеді.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар, бізге балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.

(Ара болып балабақша бақшасына қону)



  • Балалар, біз серуенге қайда бардық?

  • Біз орманда нелерді ояттық?

Балаларды мақтап, мадақтау.



Орманға


Құстарды, гүлдерді,

аңдарды, күнді





Күтілетін нәтеже:
Біледі: көктем мезгілін;
Игереді: көктем мезгілінің ерекшелігін ажыратып атауды;
Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет