25.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты: а)Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы алған білімдерін одан әрі жалғастыру, жинақтап, пысықтау.
ә)Сөздің түбірі мен қосымшасын дұрыс ажырата білуге, сөздің мағынасын түсінуге төселдіру, сауатты жазу мен ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру.
б)Әдептілік пен адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ойын, қима қағаздар.
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, ізденіс, топтық, жеке жұмыстар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Кім білгіш?» ойыны
Мұғалім: -Мен сөздерді оқимын, сендер сөзге қандай қосымша жалғанып тұрғанын айтасыңдар.
Домбырашы, кітаптар, әдепті, гүлдер, тәртіпті, талапты, бесікке, тазалықшы, балалар,татулық, ақиқатқа, тыныштық. Бүгін сабақты ойын сайыс түрінде өткізіміз. Және топ болып білімімізді ортаға салып , өз жетістіктерімізді көрсетеміз.
1-топ : «Түбір» 2-топ: «Жалғау» 3-топ: «Жұрнақ»
ІIІ. Жаңа сабақ.: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Біз бүгінгі сабақта «Түбір мен қосымшаның жазылуы», яғни түбір және қосымша туралы алған білімімізді одан ары жалғастырып, шыңдай түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |