ҮІІ.Бағалау: . ҮІІІ.Үйге тапсырма: 55-жаттығу.
5.02.16ж. Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: а) Сөз таптары туралы білім - білік дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру .Өз ойларын ортаға салуға, талқылауға үйрету. ә) Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. б) Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдауға, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, ереже жазылған қағаздар, суреттер
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс.
Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі.
II .Өткенді пысықтау. Үй тапсырмасын тексеру. Көркем жазу.
«Бәйге» ойыны
1. Сол жақтағы 10 - Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалса, оны қандай сөз дейміз?
2. Ортадағы 30 - Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлімін не дейміз?
3. Ортадағы 50 - Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?
4. Оң жақтағы 20 - Түбір сөзге жалғанатын бөлікті не деп атайды?
5. Сол жақтағы 40 - Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
6. Ортадағы 20 - Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз қалай аталады?
7. Ортадағы 10 - Түбірлес сөзге мысал келтір.
8. Оң жақтағы 30 - Туынды сөздерге мысал келтір.
III. Жаңа сабақ: Сөз таптары
Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан - жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз. Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер... деп аталады. Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер... және... арқылы беріледі.
- Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді екен.
- Сөз таптары неше тармақтан тұрады? Оны ассоциация арқылы көрсетейік.