Сабақ түрі: қайталау сабағы Көрнекіліктер : кесте; суреттер, қималы карточкалар. Әдіс тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік



бет3/29
Дата07.02.2022
өлшемі198,95 Kb.
#96495
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
0006b96f-669c2e9b

Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО технологиясы, ойын әдісі, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, топшамалар, бағалау парақтары.
САБАҚ БАРЫСЫ: І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім? - Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзім? - Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп, пысықтау.
Жұппен жұмыс. Қатар отырған екі білім алушы бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
ІІІ.Жаңа сабақ: Сөз құрамы.
Түбір дегеніміз – сөздің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлігі. Ал, қосымша дегеніміз түбірге жалғанатын бөлшектер. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері – жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған –дас, - тық, - ын, - шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды .Қосымша екіге бөлінеді:жұрнақ,жалғау .
. «Ой шақыру» стратегиясы. Білім алушылар өз ойларын ортаға салады.
1.Жұрнақ деп нені айтады? 2.Жалғау деген не? 3.Қосымша деген не?
Оқулықпен жұмыс.6-жаттығу. Тақтаға орындау.
7-жаттығу.Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
8-жаттығу. Өз бетімен орындау.
1.Ән-ші, жылқы-шыл, жер-шіл, мал-шы, би-ші.
2.Жұмыс-кер, ойын-шық, іс-кер, үй-шік.
3.Арба-лы, жаз-ғы, қыс-қы, қала-лы, күз-гі, түйе-лі.
9-жаттығу. Ауызша орындау.
10-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Ребусты шеш: егіншілер
11-жаттығу.Сөйлем құрастыр.
дәрі-гер, оқу-шы, жұмыс-шы, кітап-тар, өнер-лі, бүркіт-ші.
12-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. Ердің атын еңбек шығарады. Жері байдың елі бай. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.
14-жаттығу. Өз бетімен жазу.
Ұш-қыш, ұш-па, ұш-ты, ұш-ақ.
15-жаттығу. Жұппен жұмыс.
IV. Сергіту. Ойын: Қай топ шапшаң? Топшамамен жұмыс. 
V. Қорытындылау: «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап». 
• Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
• Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
• Қай тапсырма орындауда қызықты болды?
• Білімдеріңді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңдар?
VI. Үй тапсырмасы:16-жаттығу. Ережені қайталау.
VIІ.Білімді бағалау: Үш топ бірін-бірі бағалайды. Бағалау парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет