. 14.01.16ж.Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты: а) бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру. ә) сөздерді сөз құрамына талдай отырып, түбірлес сөздерді таба білуге, оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілін дамыту. б)сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:ребус, жұмбақтар, сызбалар, т.б.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушыларға карточка тарату.
1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман. 2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз
ІІІ.Жаңа сабақ :Түбір сөз және туынды сөз.