«Сабақ туралы ең басты үш ой» тақырыбындағы эссе-рефлексия Муканова Гульфайрус Айткалиевна



Дата08.09.2017
өлшемі24,51 Kb.
#30108
Эссе
«Сабақ туралы ең басты үш ой» тақырыбындағы эссе-рефлексия
 

Муканова Гульфайрус Айткалиевна

Пугачев мектеп-балабақша кешені

бастауыш сынып мұғалімі

«Ізденісім, еңбегім, тебіренісім,

Ақыл-ойым, жігерім – жер жемісім...

Бәрідағыбалаға-оқушыма,

Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін»- деп ақын жырлағандай, ұстаздық –ұлы құрмет! Болашақ ел басқаратын басшысын да, ғалым данасын да, еңбекқор диханын да, жер қазған кеншісін де, білікті де, парасат-пайымы жоғары, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі бар ұстаз өсіріп- тәрбиелейді.

      Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

        “Бала айналасындағы барлық педагогикалық процесс айналып  жатқан – күннің көзі” .  Сондықтан да  әр сабақ  қызыққа, жаңалыққа толы болу керек.  Мұғалімнің  маңызды міндеті  балаларды  соңынан  ілестіру. Әр күн сайын   сабаққа дайындалып отырғанда   «Ертең не болар екен?»,  «Сабағымды  есте  қалатындай  қалай қызықты  өткізсем    екен?»  деп  толғанамын.     Қарапайым мұғалім ғана емес, озық  мұғалім  болғым келетіні  айқын.    Өз жұмысыма  міндетті  түрде  рефлексия   жасап отырамын.

•          мен  не істеп  жатырмын?

•         не мақсатпен? 

•         менің  іс-әрекетімнің   нәтижелері қандай?

•         бұған қалай жеттім?

•         одан да жақсы істеу  мүмкін бе?

•         әрі  қарай   мен не істеймін?

Осы сұрақтарды  өзіне қойып отыратын педагог   үнемі  дамып отырады.     Үздіксіз ізденіс үстіндегі  мұғалім ғана шеберлікке, табыстылыққа  қол жеткізе алады.

«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын. Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап, көшбасшы болуға, өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай. 
Дәстүрлі сабақтағыдай мұғалім өзі айтып, оны талдап, өзі бағалап, қорытындыны өзі жасап отырса, оқушыны ойландыруға еш жағдай жасалмайды. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды.

Мен бұл сабақта оқушыларымның ерекше белсенділіктері мен білуге деген құлшыныстарын байқадым. Өйткені сабақтағы барлық жұмысты олардың өздері іске асырды. Мен тек бағыт беруші ғана болдым. Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет