Сабақ Уақыт Уақыт, сағат неше болды? Уақыт время Сағат неше болды? Сағат нешеде? (В каком часу?) Уақыт қанша? I. 1-ден 15 мин кетті (отошло) 2-ден Кет-кен-де


Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты



бет6/8
Дата17.06.2018
өлшемі3,23 Mb.
#43015
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты – түсті металлургия кәсіпорны. 1942 ж. Орджоникидзе қаласынан көшіріліп әкелінген "Электр-мырыш" зауытының негізінде ұйымдастырылған Өскемен мырыш зауыты мен 1952 ж. іске қосылған қорғасын зауытырының біріктірілуі нәтижесінде 1955 ж. құрылған. 1994 жылдан АҚ. Комбинаттың құрамына қорғасын мен мырыш зауыттарынан басқа күкірт қышқыл өндірісі, сирек металдар өндіру цехы және қосалқы өндіріс пен қызмет көрсету желілері кіреді. Кәсіпорын кенді Алтай, Орталық Қазақстан, Орал, Қиыр Шығыс кен металлургия кәсіпорындарының полиметалл шикізаттарын, сондай-ақ Ертіс өңірінің пайдалы 20 компонентінен тұратын шикізатын өңдейді, өнімнің 17 түрін (мырыш, қорғасын, кадмий, алтын, күміс, күкірт, висмут, индий, талий, селен, сынап, оттек, аргон, азот, теллур, мыс, хлор) шығарады. Оның өнімі аккумулятор, электр-техника, лак-сыр, химия, автомобиль, тоқыма өнеркәсібінде, радиотехникада, ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш өндіру үшін), өнеркәсіптің басқа да салаларында пайдаланылады.
Сөздік

Іске қосылу-начать свою работу

Кеуекті титан-пористый титан

Титан құмағы-титан порошкообразный. Крошки титана

Хлорлану-хлорировать

Алынған өнім-полученная продукция

Тазартылу-очищаться

Қалпына келтіру-восстанавливать

Пайда болу-появиться, образоваться

Ұнтақтамау-измельчаться

Тұтынушы-потребитель

Магний ұнтағы-магниевый порошок

Жекешелендіру-приватизация

Тапсырма 22.29. Мәтін бойынша тапсырмалар.

1)Сөздікті пайдаланып, келесі сөздерді аударыңдар.

Кент-


Мыс қорыту-

Шикі мыс-

Құю машинасы-

Қорытылған алтын-

Жобалау-іздестіру-

Түйіршіктелген күміс-

Тұтынушы-

Суасты флоты-

Жетілдірілген жабдық-

Әріптес-


Шикізат-

Тыңайтқыш-

Сала-
2)Мәтіндегі есістіктерді теріп жазыңдар.


Дара

Күрделі








3)Мәтіндердегі сан есімді сөзбен жазыңыздар.
4)Кестені толтырыңыздар.

Комбинаттың аты

Негізі қашан қаланды

өндірілетін өнім

қай салада қолданылады












5)Мәтіндер бойынша 15 сұраулы сөйлем құрыңдар.

6)Мәтіндердегі химиялық элементтерді Менделеев кестесіндегі реттік саны /қатары/ бойынша жазыңыздар.

7)Мәтіндерден септік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.

8) Келесі мақалдарды орыс тіліне аударып, оларды жаттап алыңдар.

а)Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

б)Еңбек түбі береке,

Береке түбі мереке.

в)Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

г)Алтынның түбінде шайтан жатады

Еңбектің түбінде періште жатады.

9)Қазақстанның басқа өндіріс орындары туралы реферат жазып келіңдер.



23- сабақ

Модальдық сөз тіркесі


Модальность — это не действие, а отношение говорящего к нему. Модальность обозначает способность, возможносгь совершения говорящим какого-либо действия. Форма модальности состоит из двух глаголов: основного глагола с суффиксами -а/-е-й и вспомогательного глагола ал в нужной временной форме.
Назар аударыңыздар:

Мен жаз-а, көр-е, тыңда+й аламын (алдым).

Біз жаз+а, көр+е, тыңда+й аламыз (алдық).

Сен айт+а, кір+е, сөйле+й аласың (алдың).

Сендер айт+а, кір+е, сөйле+й аласыңдар (алдыңдар)

Сіз қайт+а, кел+е, же+й аласыз (алдыңыз).

Сіздер қайт+а, кел+е, же+й аласыздар (алдыңыздар).

Ол аудар+а, түсін+е, байқа+й алады (алды).

Олар аудар+а, түсін+е, байқа+й алады (алды).
Тапсырма 23.1. Оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Азат — домбырашы. Ол домбырада ойнай алады.

Әйгерім - аудармашы. Ол ағылшын тілінде сөйлей алады.

Жәнел — аспаз. Ол дәмді тамақ пісіре алады.

Ләззат — суретші. Ол керемет сурет сала алады.

Мәжит - тракторшы. Ол трактор жүргізе алады.

Сәбит — студент. Ол компьютерде жұмыс істей алады.

Әйнел - спортшы. Ол тез жүгіре алады.

Берік — құрылысшы. Ол үлкен үй сала алады.

Зейнеш — тоқымашы. Ол әдемі көйлек тоқи алады.

Жәзира — дәрігер. Ол ауру адамдарды емдей алады.

Тапсырма 23.2.

Оқып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Әсел ... . Ол балаларды оқыта алады. 2.Сәкен ... . Ол автобус жүргізе алады. 3.Серік ... . Ол мал баға алады. 4.Айнұр ... . Ол санай алады. 5.Бәтима ... . Ол кітап жаза алады. 6. Гүлжан ... әдемі гүл өсіре алады. 7.Гауһар ... . Ол банкте істей алады. 8.Меруерт ... . Ол сиыр сауа алады. 9.Роза ... . Ол шашыңызды сәндеп бере алады. 10.Данияр ... . Ол балық аулай алады.

Тапсырма.23.3 Сөз тіркестерді пайдаланып, кім не істей алатынын айтыңыз.

Үлгі: Мен балық аулай аламын. Сен шаңғы тебе аласың.

Балық аулау (мен); шаңғы тебу (сен); дастарқан жасау (біз); әкелу (Сіз); дойбы ойнау (Сіздер); газет оқу (оқушы); үйді тазалау (сен); ауыр жұмыс істеу (мен); диванда жатып ұйықтау (ол); теледидар көру (сендер); мақала жазу (Сіз); ән айту (Ермек); коньки тебу (балалар); көйлек тігу (апасы); картоп қуыру (әкесі); тәрелке жуу (сендер); шаң сүрту (кызы); ертек айту (мен); мәтінді қазақшаға аудару (біз).

Тапсырма 23.4.Төмендегі мәтінді оқып шығып, өзіңіз туралы айтыңыз.

Мен өмірдегі көп нәрсені істей алмаймын. Менің шешем неміс, бірақ мен немісше сөйлей алмаймын. Менің шешем өте дәмді тамақ пісіреді, ал мен тамақ пісіре алмаймын.

Менің апам машина жүргізеді, ал мен жүргізе алмаймын. Ол әдемі заттарды тігеді және тоқиды, ал мен тіге де, тоқи да алмаймын.

Менің сіңлім бірнеше музыкалық аспаптарда ойнайды, ал мен ойнай алмаймын. Ол өлең жазады, ән шығарады, ал мен өлең де жаза алмаймын, ән де шығара алмаймын.

Менің досым суда балықтай жүзеді, ал мен жүзе алмаймын. Ол Медеуде әр жексенбіде коньки тебеді, ал мен коньки тебе алмаймын.

Ал Сіз не істей аласыз, не істей алмайсыз? Төмендегі кестені толтырып, айтыңыз.







Сіз

шешем

Апам

сіңлім

досым

немісше сөйлеу




ˇ










тамақ пісіру




ˇ










машина жүргізу







ˇ







тігу







ˇ







тоқу







ˇ







музыкалық аспапта ойнау










ˇ




өлең жазу










ˇ




ән шығару










ˇ




жүзу













ˇ

коньки тебу













ˇ

Тапсырма 23.5.Төмендегі сөздерді оқыңыз. Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын табыңыз да, кестеге енгізіңіз.


көкөніс

жеміс

жидек










Капуста, шие, картоп, қарақат, қызылша, алмұрт, қарбыз, қызанақ, алма, көк бұршақ, шабдалы, сәбіз, өрік, қияр, сарымсақ, құлпынай, бұрыш, қауын, таңқурай, шалғам, қара өрік, асқабақ, пияз, қызыл шие.

Тапсырма 23.6. Мәтінді тыңдап, оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
Базарда

Бүгін жексенбі күні. Әлішер үйге көкөніс, жеміс-жидек алу үшін базарды аралап жүр. Базардың іші ығы-жығы халық. Сөрелерде жемістерден алқызыл алма, сап-сары алмұрт, шабдалы, өрік, қара өрік, жидектерден құлпынай, таңқурай, шие, қызыл шие, қарақат үйіліп жатыр. Енді бір сөрелерде көкөністен картоп, капуста, сәбіз, пияз, сарымсақ, қияр, қызылша, қызанақ, көк бұршақ, бұрыш, шалғам жатыр. Базардың іші мен сыртында қауын, қарбыз, асқабақтан аяқ алып жүре алмайсың.



Әлішер: Сәлеметсіз бе! Көкөніс, жеміс-жидек сатасыз ба?

1-сатушы: Сатамын. Келіңіз, алыңыз.

Әлішер: Картоптың, пияздың, сәбіздің бағасы қанша?

1-сатушы: Картоп - 80 теңге, сәбіз - 70 теңге, пияз - 60 теңге.

Әлішер: Қымбат екен. Арзандау бермейсіз бе?

1-сатушы: Көбірек алсаңыз, бағасын түсіремін.

2-сатушы: Азамат, менікін алыңыз. Мен арзандау берейін. Неше килограмм аласыз?

Әлішер: Сіздікі өте ұсақ екен. Ірілеуі жоқ па?

2-сатушы: Жоқ, бары — осы.

Әлішер: Сіздікі ше?

3-сатушы: Таңдап алыңыз. Ұсақтары арзандау, ірілері қымбаттау.

Әлішер: Онда маған 3 килограмм картоп, 1 килограмм сәбіз және 2 килограмм пияз беріңіз.

3-сатушы:: Жеміс-жидектен не аласыз?

Әлішер: Алмадан, алмұрттан, шабдалыдан 1 килограмнан алайын. Өріктен - 2 килограмм, шиеден - 2 килограмм, таңқурайдан және құлпынайдан 1 килограмнан беріңіз. Қанша ақша төлеймін?

3-сатушы: Бәрін қосып есептесек, 1210 теңге болады.
«Базарда» деген тақырыпта диалог құраңдар.

Сөздік

бағасын түсіру - уступить

ығы-жығы — суета азамат — гражданин

алқызыл — ярко-красный ұсақ - мелкий

үйілу - лежать кучей ірі - крупный

аяқ алып жүре алмайсың – некуда бәрін қосып есептеу - посчитать

ногу поставить все вместе
Тапсырма 23.7. Оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Домбырашы не істей алады? 2. Аудармашы не істей алады? . Аспаз не істей алады? 4. Суретші не істей алады? 5. Жүргізуші не істей алады? 6. Құрылысшы не істей алады? 7. Дәрігер не істей алады? 8. Мұғалім не істей алады? 9. Тігінші не істей алады? 10. Тоқыма-шы не істей алады?


Тапсырма 23.8.Сұрақтар қойыңыз.

Үлгі: Мен шаңғы тебемін. - Тебе аласың ба?

1. Мен шаңғы тебемін. 2. Есеп шығарамыз. 3. Ағаш отырғызсын. Гүлге су құй. 5. Мақала жазайық. 6. Гитарада ойнашы. 7. Қант салсын. 8. Жұмыртқа пісірсін. 9. Қазақша сөйлеңдер. 10. Жиналысты Арман жүргізсін. 11. Теледидарды жөндейін. 12. Келесі аптаға жоспар жасайық. 13. Мені емханаға апарыңдар. 14. Емтиханды жақсы тапсыр. 15. Қазақ тілін тез үйреніп алыңыздар. 16 Спортпен шұғылданайық. 17. Мейрамханадан тамақтанайық. 18. Жаттығуды дұрыс орындаңыздар. 19. Мұғалімді қуантыңыздар.

Тапсырма 23.9.Қазақ тіліне аударыңыз.

Үлгі: Я смогу покататься на коньках? Нет, не смогу. - Сможешь! -Мен коньки тебе аламын ба? Жоқ, тебе алмаймын. — Тебе аласың!

1.Я смогу покататься на коньках? Нет, не смогу. — Сможешь! 2.Ты сможешь сыграть на скрипке? Нет, не сможешь. - Смогу! 3.Вы сможете присмотреть за ребенком? Нет, не сможете. - Сможем! 4.Он сможет прочесть книгу за один день? Нет, не сможет. — Сможет! 5.Мы сможем подняться в гору? Нет, не сможем. - Сможем! 6. Они смогут дать нам денег в долг? Нет, не смогут. - Смогут! 7. Я смогу побывать в Америке? Нет, не смогу. - Сможешь! 8. Ты сможешь устроиться на работу? Нет, не сможешь. — Смогу! 9. Вы сможете выслушать меня? Нет, не сможете. - Сможем! 10. Они смогут простить нас? Нет, не смогут. - Смогут! 11. Ты сможешь вернуться быстро? Нет, не сможешь. - Смогу! 12. Она сможет сварить бесбармак? Нет, не сможет. - Сможет! 13. Вы сможете станцевать вальс? Нет, не сможете. - Сможем! 14. Мы сможем отдохнуть в Турции? Нет, не сможем. - Сможем! 15. Мы сможем встретить Новый Год вместе? Нет, не сможем. - Сможем!

Тапсырма 23.10. Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

1. Сен кеше біздің үйге келе алмадың. 2. Сіз кеште жақсы билей алдыңыз. 3. Өкінішке орай, мен ертең жиналысқа келе алмаймын. 4. Сен маған кашан телефон соға аласың? 5. Сіз балаңызға жақсы ойыншық сатып ала аласыз ба? 6. Мен саған бұл туралы айта аламын. 7. Біз қиын мәтінді аудара алдық. 8. Сендер оны түсіне алмайсындар. 9. Сіздер қазір кете алмайсыздар. 10. Біздің кездесуге барғымыз келді, бірақ бара алмадық. 11. Өкінішке орай, біз мына сұрақтарға жауап бере алмаймыз. 12. Залда көп адам болды, сондықтан олар жақсы билей алмады.



Тапсырма 23.11. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1.Я смогу приготовить вкусный обед. 2.Ты смог перевести трудный текст. 3.Вы смогли выучить стихотворение Абая. 4. Он может проводить Вас до дома. 5.Вы можете пригласить ее на танец. 6. Ты не можешь уйти без нас. 7. Вы можете позвонить нам вечером? 8.Он может купить тебе эту вещь. 9.Сможешъ ты сходить в аптеку? 10. Я не могу слушать тебя. 11. Она не может смотретъ на меня.



Металл тазарту.

Қорытылған металдар мен қорытпаларды қажетсіз зиянды қоспалардан арылту. Шикізаттан өндірілген алғашқы металл 96-98 % шамасында негізгі өнімнен, қалғаны бөгде қоспалардан тұрады. Физикалық, химиялық қасиеттерінің тиімсіздігіне байланысты мұндай металдарды өнеркәсіпте пайдалануға болмайды, яғни оларды қайта өңдеу, тазарту қажет. Металл тазарту: пирометаллургиялық, электролиттік және химиялық әдіс болып үш түрге бөлінеді. Пирометаллургиялық металл тазарту- жоғары температурада жүргізілетін процесстердің негізгі түрі. Ол металдар мен қорытпаларды алу, олардың сапасын арттыру, тазарту үшін қолданылады. Су ерітінділері мен тұз балқымаларында жүргізілетін электролиттік әдіс өте таза /көбінесе түсті/ металдар алу үшін қолданылады. Металдар мен бөгде қоспалардың қышқылдармен сілтілерде түрліше еруіне байланысты химиялық тазалау әдісі қолданылады. Асыл металдарды тазарту аффинаж деп аталады.


Металдарды термиялық өңдеу.

Металдан және қорытпадан жасалған заттардың, бұйымдардың құрылысы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында пайдаланылатын жылулық өңдеу процестерінің жиынтығы. Металдарды термиялық өңдеу термиялық (жылу әсерімен), химия-термиялық және термо-механикалық (термиялық және пластикалық деформация аралас) болып бөлінеді. Термиялық өңдеу – бірінші және екінші реттік жасыту, шынықтыру, жұмсарту, ескіру деп жіктеледі. Бірінші реттік жасыту металдар мен қорытпаларды құю, қысыммен өңдеу, пісіру, т.б. технол. процестер нәтижесінде пайда болатын ақауларды жою үшін пайдаланылады. Болаттарды өңдеуде екінші реттік жасытудың бірнеше түрі пайдаланылады. Шынықтыру нәтижесінде болаттың құрылымы мартенситке айналып, қаттылық, беріктік, үйкеліске шыдамдылық қасиеттері артады. Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды. Химиялық-термиялық өңдеу – болат бетінің химиялқ құрамы мен құрылысын және қасиетін өзгертеді. Ол – цементтеу, азоттау, циандау, диффузиялық металдау болып бөлінеді. Термо-механикалық өңдеу – термиялық және пластикалық деформациядан тұрады. Мұндай өңдеу төмен температуралы және жоғары температуралы болып ажыратылады.


Металлургия пеші .

Жылуды басқа энергия түрлерінен алып, оны өнделетін затқа беретін, сыртқы ортадан оқшауланған құрылым. Металлургия пешіне металл бұйымдарды термиялық және химия-термиялық өңдеу үшін (қыздыратын және салқындататын) пайдаланылатын күрделі агрегаттар жатады. Өнеркәсіптік пештердің дымқыл заттарды (кендерді, шикіқұрамды, концентратты, т.б.) кептіруге (кептіру пеші), ерітінділерді буландыруға (буландыру пеші), материалдардың агрегаттық күйін өзгертпестен қыздыруға (қыздыру пеші), заттардың механикалық қасиеттерін өзгертуге (күйдіру пеші), металдарды сұйық күйге ауыстыруға, яғни балқытуға арналған (балқыту пеші) түрлері бар. Өңделетін материалдарға жылу беру әдістеріне қарай пештер тікелей жылу бөлетін (жалынды және электр пеші), жанама әдістермен жылу бөлетін (муфель пеші), жылуы өңделетін материалдар ішінде бөлінетін (конвертер пеші) және электр энергиясын пеш ішінде жылуға айналдыратын (индукциялық пеш) пештерге бөлінеді. Бұл пештерден басқа арнайы әдістермен қыздырылатын пештер де (мыс., плазмалық, оптикалық гелиопеш, автогенді, т.б.) бар. Кейбір пештерге оларды жасаушы өнертапқыштардың есімдері берілген (Мартен, Ванюков пештері).



Тапсырма 23.14.Мәтін бойынша тапсырмалар
Сөздік

Жасыту-размягчать, накаляя на огне

Шынықтыру-закалять

Жұмсарту-делать мягким, смягчать

Құю –лить

Қысыммен өңдеу-обработка давлением

Пісіру-варка, сварка

Қаттылық-твердость

Үйкеліс-трение

Тұтқырлық-клейкость,вязкость

Цементтеу-цементировать

Арылту-очищать, избавлять от чего-либо

Бөгде-инородный, другой, чужой

Қайта өңдеу-повторная обработка

Сапасын арттыру-улучшить качество

Су ертіндісі-водный раствор

Сілті-щелочь

Оқшауланған-отдельный

Қыздыру-нагревать, греть

Буландыру- превращать в пар

Өнертапқыш- изобретатель
А)Мәтінді аударыңдар.

Ә)Мәтіндегі етістіктерді теріп жазыңдар. Осы, өткен шақтағы етістіктерді ауыспалы осы шаққа айналдырыңдар.

Б)Кестені толықтырыңдар.

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес





















В)Болат, металл, үйкеліс, өңдеу сөздерін септеңіз.

Г)Мәтіндер бойынша он бес арнайы сұраулы сөйлем құраңыз.

Д)Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Металдарды термиялық өңдеу….

Бірінші реттік ….

Болаттарды екінші реттік…..

Шынықтыру нәтижесінде…

Жұмсарту процесінде….

Химиялық-термиялық өңдеу…

Термо-механикалық өңдеу ….

Шикізаттан өндірілген алғашқы металл….

Металл тазарту…

Ол металдар мен қорытпаларды алу….

Асыл металдарды…

Металлургия кешені….

Бұл пештерден басқа….

Кейбір пештерге ….

Е)Мәтіндерден туынды сын есімдерді теріп жазып, аударыңдар.

Химиялық – түбірі – химия зат есім, -лық- есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақ.

Ж)Мәтіндерден тұйық етістіктерді теріп жазыңдар. Оларды аударыңдар. Олар зат есім бола алады ма? Етістікке септік жалғауын жалғауға болады ма?

И)Мәтіндердегі етістіктерді модальдық сөз тіркесі ретінде жазыңдар (ауыспалы келер шақ III жақ.) Мысалы: Өңдей алады

Шынықтыра алады.

К)23-сабақтағы және осы сабаққа дейінгі мәтіндерді, тапсырмаларды пайдалана отырып, келесі кестені толтырыңдар



Білемін

білдім

білгім келеді












24- сабақ

Оқшау сөздер
Междометия (Одағай).
Междометия выражают различного рода эмоции, чувства (боль, тоску, радость, удивление, гнев и др.) Например: Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтады екенсің! «Браво! Хорошо поешь!» Ойбай, ауырттың! «Ой, ты сделал мне больно!» Қап, соңғы автобус кетіп қалды-ау! «Эх, последний автобус ушел!».


Междометия

Русский эквивалент

Примеры

Эмоциональные:

а) выражающие радость, одобрение, восторг,

восхищение:

Бәрекелді!

Алақай!


Браво!

Ура!


Бәрекелді. өлеңді жақсы айтасың! Браво! Хорошо поешь!»

Алақай. қар жауып тұр! «Ура! Снег идет!»

Б)выражающие горе,

досаду, боль, страх:



Әттеген-ай! Қап!

Ойбай!
Құдай-ай!

Надо же!

Ой!
Боже мой!




Әттеген-ай, кешігіп қалдым-ау! «Надо же, опоздала!»

Ойбай, ауырттық! «Ой, больно!»

Құдай-ай. бұл не дегені! «Боже мой! Что он говорит?»

В)выражающие

презрение, негодование:



Масқара!

Ужас! Кошмар!





Масқара! Мынауың не? «Ужас! Что это с тобой?»

Г)выражающие удивление, сомнение, иронию, недоверие:

Аһа!
Бәсе!

Ага!
Ну, вот!




Аһа, келдің бе?!«Ага, пришел?!»

Бәсе, солай айтпайсың ба! «Ну, вот, так бы и сказал!»

Императивные:

а)обращенные к людям:



Ал!

Мә!

Әй!
Жә!

Ну!


На!

Эй!
Полно!

Хватит!




Ал, тұр! «Ну, вставай!» Мә, ал! «На, возьми!» Әй, саған айтып тұрмын! «Эй, тебе говорю!»

Жә. күңкілдеме

«Хватит, не ворчи!».



Б)обращенные к живот- ным:

Құрау-құрау.'

Шіп-шіп-шіп

Аухау-аухау!

Кә-кә!

Көс-көс!

(к лошади)

Цып-цып-цып!

(к корове)

(к собаке)

(к верблюду)







Модальные слова (модаль сөздер) служит для выражения точки зрения говорящего на отношение высказываемой мысли к действительности. В казахском языке имеются следующие модальные слова:

Модальные слова

Перевод

Примеры





керек

необходимо, нужно

Маған сол адам керек еді «Мне нужен тот человек».

сияқты

как будто, как, кажется

Ол мені жек көретін сияқты «Он как будто меня ненавидит»

екен

оказывается

Онда кітап көп екен «Оказывается, там много книги».

мүмкін, шығар, болар

возможно, может быть

(Мүмкін) Олар қалада шығар (болар) «Может быть, они в городе».

рас

правда, верно

Рас, сен менің досымсың «Верно, ты мой друг»

шамасы

вероятно

Шамасы, олар үйде жоқ «Вероятно, их нет дома».

әрине

конечно

Әрине, сен оны білесің «Конечно, ты его знаешь»



мүмкін — наверное, возможно

әрине — конечно

шынында — в действительности

әлбетте - непременно

бәсе — это другое дело

шығар — наверное

болар — должно быть

тәрізді — как будто

секілді — как

сияқты - похожий

расында — на самом деле

керек — необходимо

қажет — нужно

тиіс — должен

ғой — же

екен – оказывается

шамасы — видимо

білем — кажется

көрінеді - кажется

ықтимал- вероятно
По значению их можно подразделить на две основные группы:


1. Болымды модаль сөздер


рас, әрине, шынында, әлбетте, керек, қажет, расында, бәсе, ғой, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, әділіне келгенде, турасын айтқанда, ...

2. Болжаулық модаль сөздер


мүмкін, сірә, меніңше, шығар, болар, тиіс, екен, тәрізді, секілді, сияқты, шамасы, білем, көрінеді, қалай екені белгісіз, ...


Тапсырма 24.1. Мына сөйлемдерді оқып, модаль сөздер қай мағынада жұмсалып тұрғанын кестеге сүйеніп айтыңыз.

1. Рас, мен осы кісімен бір мектепте оқитынмын. 2. Бүгін бізде қазақ тілі сабағы жоқ қой. 3. Расында, мына көйлектің түсі әдемірек. 4. Сіз мен сияқты ақкөңіл адам екенсіз. 5. Шынын айту керек, жалқаумын. 6. Ертең жаңбыр жауатын шығар. Көп нәрсені білетін көрінеді. 8. Әрине, осы аяқ киімді алу керек екен. 9. Жасыратыны жоқ, жұмысым оңбай жүр. 10. Шынында, саған беретінім жоқ. 11. Әлі талай тойлар болар. 12. Мүмкін, Қарағандыға ертең жүріп кетерміз.



Тапсырма 24.2. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Кешіріңіз, Сізден сұрауға бола ма? 2.Әй, бері кел! 3. Қайырлы күн! Менің атым Жанболат. 4. Мә, дәптеріңді ал! 5. Жә, айқайлама! 6. Құдай-ай, не болды саған! 7. Ал, қалайсың? 8. Алақай, ертең біз жол жүреміз! 9. Бәрекелді, суретті әдемі салады екенсің! 10. Рақмет, ата, сау болыңыз! 11. Аһа, осында отыр екенсіңдер!



Тапсырма 24.3. Мына сөйлемдерді оқып, одағайлар қай мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңыз.

1. Уһ, шаршадым! 2. Ә, Сіз не дедіңіз? 3. Ол аһылап-уһілеп әрең жетті. 4. Сұмдық! Масқара! 5. Құдайға шүкір, жаман тұрмаймыз. 6. Құрып қалғыр! Мені тыңдамай қойды. 7. Мә, саған! Ұмытып кетіппін!



Тапсырма 24.4. Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойыңыз.

1. ..., домбыраны жақсы тартады екенсің! 2. ..., әрең көтерілдім! 3. ..., Жаңа жыл! 4. ..., баста! 5. ..., сөзді қой! 6. ..., сені кім шақырды? 7. ..., кесені ал! 8. ..., не істеп тұрсың? 9. ..., солай ма? 10. ..., бұл кім өзі? 11. ..., мен кешігіп қалдым! 12. ..., қашан адам боласың? 13. ..., енді қайттім? 14. ..., әнді керемет айтады екенсің! 15. ..., қойыңызшы!


Техника ғасыры
XXI ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі. Ғылым мен техниканың дамуы халық өміріне де өзгерістер әкелді. Адамдардың үйде де, жұмыста да, оқу орнында да жиі қолданатындары — компьютер. Ол күнделікті кажеттілікке айналды.

Әлемге әйгілі "Майкрософт" компьютер корпорациясының басшысы — Билл Гейтс. Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды. Оның табысы өте жоғары. Ол қазір дүниедегі ең бай адам. Оның есепшотына әрбір минут сайын жарты миллион доллар түседі екен. Билл Гейтс ми күшін ақылмен қолданып, бүкіл әлемге әйгілі болды. Шындығында, ол аса талантты өрі іскер адам.

Қазіргі кезде интернет, электрондық пошта ешкімге де таң емес. Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың. Интернетті колданатын адамдар саны он миллионнан асады. Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді ғой!

Компьютер жұмыстың сапалы да жылдам жүруіне үлкен ықпал етеді.


қажеттілік -небходимость

әйгілі - известный, знаменитый

есепшот- счет

шынында- действительно

таң емес -здесь: не удивительно

ешкімге де - ни для кого не ...

интернет жүйесі - система интернета

ықпал етеді- влияет

сапалы-качественно
Электрондық есептеуіш машина
18 473 396 603 007 056 299 және 15 999 742 936 756 201 743 сияқты сандардың қосындысын табуға қанша уақыт жұмсар едіңіздер? Сірә, бір минуттан кем болмайтын шығар. Ал оны тезірек есептеуге болмас па екен? Бұл үшін адамдар ежелден-ақ әр алуан есептеу құралдарын: таяқшаларды, жіп түйіндерін, есепшот тасын пайдаланған.

1641 ж. француз математигі Б. Паскаль механикалық жолмен есептеугс арналған аспап ойлап шығарды. Оның көмегімен Паскаль он таңбалы сандарды бірнеше секундта қосып, азайта алды. Тісті дөңгелекшелер мен тегершіктен құралған аспап шағын машин-аға ұқсады. Міне, сол кезден бастап осындай аспаптар «есептеуіш машина» деп аталып келеді.

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар (ЭВМ — электронная вычислительная машина) 1943 ж. пайда болды. Дөңгелекшелер мен тегершіктердің орнына электрондық лампалар, кейінірек жартылай өткізгіштер пайдаланылды. Сөйтсе де «есептеуіш машина» деген атау сақталып қалды. Алғашқы ЭЕМ баяу есептеді, қолапайсыз жасалғандықтан жиі істен шығып отырды. Содан бері қырық жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі ЭЕМ ғаламат жылдамдықпен есептей алады: секундына 10 миллион санды оп-оңай қосып, ала береді. Көлемі де ықшамдалған. Мәселен, қазір алақандай ғана электрондық есептеуіш машиналары бар. Жиі бұзыла бермейді, жүздеген тіпті мыңдаған сағаттар бойы мүлтіксіз жұмыс істей алады.

Күрделі есептердің бірнеше амалмен шығатынын кез келген адам жақсы біледі. Есеп неғұрлым күрделі болған сайын, орындалатын амал саны да арта түседі. Уақыт та көп кетеді. Тіпті шығаруға бір математиктің ғұмыры жетпейтін есептер де кездеседі. Мысалы, атом электр станциясының ядролық реакторының құрылысы мен жұмыс жағдайын есептеу үшін миллиардқа жуық арифметикалық амал қолдану керек. Мұны әрқайсысы 10—12 сағат жұмыс істегеннің өзінде 100 математик 80 жыл бойы есептейді екен. Ал ЭЕМ болса бұл есептеулерді бірнеше сағаттың ішінде орындап шығады.

ЭЕМ-ді адам миымен жиі салыстырады. Әйткенмен адам миы мен ЭЕМ-нің арасындагы айырмашылық жер мен көктей. Тіпті ең жетілдірілген ЭЕМ-нің өзі өз бетімен ең қарапайым есепті де шығара алмайды. Оған әуелі дұрыс есептеуді, қосып, ала білуді үйрету керек. Есепті амалдарға қалай бөлуді, амалдардың орындалу ретін көрсету керек.

ЭЕМ-нің өз оқулығы бар, оны бағдарлама деп атайды. Ол бағдарламаны жаттап алып, сол бойынша шығарады. ЭЕМ-нің оқулығы сан алуан. Мысалы, математика оқулығы математикалық есептерді шешуге, ал космонавтика бойынша оқулық космос кораблі мен Жердің жасанды серігінің ұшуын басқаруға арналған бағдарламалар болып табылады. ЭЕМ-нің бағдарламасын ғылыми қызметкерлер — программистер жасайды. Бағдарламаның дұрыс жасалуы — ЭЕМ-нің табысты жұмыс істеуінің кепілі.

ЭЕМ есептеп қана қоймай, электр станциясының жұмысын да басқарады, корабльдің бағытын, поездың қозғалысын реттеп отырады. ЭЕМ-нің жұмысы мұнымен ғана шектелмейді. Жолаушы кассаға келіп, қай пойызға билет керек екенін айтады, кассир жазу машинкасына ұқсас аппараттың бірнеше түймесін басады. Жолаушының тапсырысы дереу ЭЕМ-ге қабылданады да, ЭЕМ бірнеше секундтың ішінде жауап береді. Яғни осы қысқа ғана мерзім ішінде ол пойыздардың қозғалыс кестесін қарастырып, қай пойызға қанша билет сатылғанын, енді қанша билет бар екенін, жолаушының қай станцияда түсіп, орны босайтынын анықтап береді.

Ай мен Марстың фотосуреттері космос корабльдерінен Жерге радио арқылы жеткен еді. Қабылданған радиосигналдар ЭЕМ-ге ұсынылды, ЭЕМ алыс планеталардың кескінін дәл жасап берді. Адамдар бұл күнде электрондық көмекшісіне үлкен сенім арта түсуде. ЭЕМ адамның бұл сенімін мүлтіксіз ақтап отыр. Ал ғалымдар мен инженерлер бұрынғыдан да шапшаң есептейтін, бұрынғыдан да сенімді жаңа ЭЕМ жасауда.
Тапсырма 24.5.Мәтін бойынша тапсырмалар.

А)Мәтіндерден Одағай, модаль сөздерді теріп жазыңдар. Оларды мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Б)Келесі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңдар.

-Ғылым мен техниканың дамуы халық өміріне де өзгерістер әкеледі.

-Компьютер күнделікті қажеттілікке айналды.

-Билл Гейтс компьютерлік бағдарламалар жазды.

-Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.

-Адамдар ежелден-ақ әр алуан есептеу құралдарын: жіп түйіндерін, есепшот тасын пайдаланған.

-1641ж.француз математигі Б.Паскаль механикалық жолмен есептеуге арналған аспап ойлап шығарады.

-Алғашқы электронды есептеуіш машиналар 1943ж. пайда болды.

В)Мәтіндердегі есімдіктерді теріп жазып мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Г)Мәтіндерден үстеулерді тауып, олардың қай түріне жататындығын анықтаңыздар.

Д)ЭВМ мәтінінен модальдық сөз тіркестерін /етістіктер/ теріп жазыңыздар.

Ж)Сұраққа жауап беріңдер. Модаль сөздер, одағай, қыстырма сөз сөйлем мүшесі бола алады ма?

И)Кестені толтырыңдар. XX ғасыр мен XXI ғасырдағы адамзат ойлап тапқан жаңалықтар туралы жазыңыздар

адамзат ойлап тапқан жаңалық

пайдасы

зиянды жағы










Тапсырма 24.6.Берілген сөз тіркестерімен жай сөйлемдер құрастырыңыздар.

Электрондық аппарат, компьютер ғылымы, қазіргі кезде, интернет жүйесі, ықпал етеді.



Тапсырма 24.7. Мәтін бойынша 6 сұраулы сөйлем құраңдар.

Тапсырма 24.8. Мәтіннен модаль сөздер мен одағай бар сөйлемдерді теріп жазыңдар.

25- сабақ

Сөйлем мүшелері


Как в русском, так и в казахском языке предложение состоит из главных и второстепенных членов.

Главными членами предложения /сөйлемнің тұрлаулы мүшелері/ являются подлежащее и сказуемое.



1)Бастауыш /подлежащее/, которое отвечает на вопросы кім? кімдер? «кто?», не? нелер? «что?» и может выражаться всеми частями речи.
2)Баяндауыш(сказуемое) - это главный член предложения, который обычно связан с подлежащим и отвечает на вопросы не істеді? Не істемек? Не істепті? , а также может быть выражен различными частями речи. Например: Асан кітап оқыды «Асан читал книгу».

В казахском языке, в отличие от русского сказуемое обычно ставится в конце предложения, после всех относящихся к нему слов, независимо от того, какой частью речи оно выражено. Такая позиция сказуемого вызвана, видимо, тем, что в казахском, как и во всех тюрских языках, независимое слово обычно предшествует слову управляющему.

Сказуемое, являясь управляющим словом по отношению к уточняющим его дополнениям и обстоятельствам и размещаясь после всех них, как бы замыкает собою предложение.

Чаще всего сказуемое выражаться глаголом /етістік/, как и в русском языке, может также выражаеться именем существительным, прилагательным, числительным, местоимением в форме именительного падежа и в форме местного падежа, отвечающим на вопросы кімде?, неде?, қайда?

К второстепенным членам предложения относятся: дополнение, обстоятельство и определение:

3)В казахском языке определение /анықтауыш/ всегда предшествует своему определяемому слову, т.е. определение должно стоять перед определяемым словом. Оно не согласуется с определяемым словом ни в падеже, ни в числе.

В казахском языке о п р е д е л е н и е может быть выражено именем прилагательным, причастием, именем числительным, местоимением, существительным и отвечает на вопросы: қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? Қайдағы? қашанғы?

4)Дополнение /толықтауыш/ в казахском языке отвечает на вопросы: кімді? /кого?/, нені? /чего? Что?/, кімге? /кому?/, неге /чему?/, кімнен? /от кого?/, неден? /от чего? , из чего?/, кіммен /с кем?/, немен? /с чем?/ и находится перед сказуемым, поскольку оно является разъясняющим его членом.

5)Обстоятельство /пысықтауыш/ в казахском языке в основном выражается наречием, но может выражатся и другими частями речи. Обстоятельство отвечает на вопросы : қайда? /куда?, где?/ қайдан? /откуда?/, қашан? /когда?/,қашаннан? /с каких пор?/, қалай /как?/, қайтіп? /каким способом?/ неге? /зачем? /, не үшін? /для чего?/.
Тапсырма 25.1. Прочитайте предложения, найдите бастауыш и переведите на русский язык.

Асқар ертең Астанаға жүреді. Ол күлді. Алматыға қар жауды. Кеше жел соқты. Кеше туристер келді. Студенттер сессияға дайындалып жатыр. Студент дәрісханаға кірді. Кітапхана қаланың орталығында орналасқан.



Тапсырма 25.2. Прочитайте и переведите предложения, выпишите баяндауыш.

Қыста қар, ал көктем мен күзде жаңбыр жауады. Қазір күз мезгілі. Бүгін қыркүйектің он тоғызы. Бүгін алтыншы қыркүйек. Шыңғыс төртінші курста оқиды. Бірінші қыркүйекте оқушылар үшін сабақ басталады. Автобус аялдамаға тоқтады. Раушан - мұғалім. Қанат - тіс дәрігері. Мараттың мекемесі үлкен.



Тапсырма 25.3. Найдите второстепенные члены предложения.

Құралай Мәскеуден келді. Мәскеу қаласы - Ресейдің астанасы. Абайдың екі томдық кітабы жарық көрді. Мен бұл кітапты оқыдым. Халықаралық конференция Мәскеуде етті. Ол кеше Қарағандыдан келді. Олар телефон арқылы сөйлесті. Саят бүгін ерте тұрды. Айгүлмен кітапханада кездестім. Талғат пен Ғалия театрға барды. Әйгерім - әдемі қыз. Мынау — менің құрбым. Ақшаңызды санап алыңыз. Тырналар аспанда ұшып барады. Қазір қыс мезгілі. Қыс ерте түсті. Еркіннің шаңғысы бар. Ол шаңғысын аяғына киді. Аяғын ақырын басып төбеге көтерілді. Төбеден төмен қарай сырғанады



Тапсырма 25.4. Сөйлемдердегі әрбір сөйлем мүшесіне арнаулы сұрақ қойыңыз.

1. Таңертең кішкентай балалар ата-аналарымен мектепке барады. 2. Менің інім медицина академиясында өте жақсы оқиды. 3. Қазір кинотеатрларда жаңа фильм жүріп жатыр. 4. Ата-анам Түркияға демалуға бара жатыр. 5. Бүгін біз жатақханада сабаққа дайындалып отырмыз.

1. ... қазақ тілін қызығып оқиды. 2. ... біз көп жұмыс істейміз. 3. Жазда ата-анам ... демалуға барады. 4. Мен мұнда ... келемін. 5. Дүкеннен олар ... сатып алады. 6. Сен театрға ... бірге бар. 7. Мектепте оқушылар көп нәрсені ... . 8. ... көйлек сатып алшы. 9. ... әкесі өте жақсы адам. 10. ... кім келе жатыр? 11. ... ешкім жоқ. 12. Мына кітап ... .
Тапсырма 25.5. Мәтінді дәптеріңізге көшіріп жазыңыз. Сөйлем мүшелерінің астын сызыңыз.

Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Студенттер көп жиналды. Дәрістің ішінде мүғалімдер де, студенттер де отырды. Жиналыс өте қызықты өтті. Қызықты тақырыптар талқыланды. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жиналыс кеш аяқталды. Жатақханаға бәріміз бірге келдік, үлкен бөлмеде отырып, көп әңгімелестік. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысуымыз керек.


Тапсырма 25.6. Мына сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын айтыңыз.

Мына кітап жақсы. -Ол жақсы оқиды.

Ол үстіне таза киім киді. - Ол таза жазады.

Мына тура жол институтқа барады. -Мен оған тура айттым.

Мен ұзақ жолдан келдім. -Мүғалім ұзақ сөйледі.

Бүгін күн жылы болды. -Ол маған жылы қарады.

Менің ағам өте шапшаң адам. - Марат шапшаң оқиды.

Мына кісінің бойы биік екен. -Құс биік ұшты.

Ана ауру адам нашар екен. -Балаңыз нашар жазады.

Бүгін үйге жақын адамдар жиналды. - Кел, жақын отыр.

Мен өзіме тамаша кітап сатып алдым. - Тамаша сөйлейсің.
Тапсырма 25.9. Мәтінді оқып, шешімін тауып айтыңыз.

Данияр компьютерді өте жақсы көреді. Кішкентай кезінен компьютер сатып алуды армандайтын. Компьютер клубына барып, компьютерде әр түрлі ойындарды ойнауды үйренді. Кейіннен мектепке барып, компьютерді басқа мақсатпен қолдануды үйреніпті. Ол Интернеттен баяндамаларына ақпарат іздеп, баяндама жазатын немесе ағылшын тіліндегі мәтіндерді аударып, аудармасын компьютерге басатын.

Былтыр Данияр мектепті бітіріп, институтқа түсті. Ата-анасы сыйлыққа компьютер әперді. Даниярдың қуанғаны соншалық — қолма-қол компьютерді қосып, интернетпен байланыс жасай бастады. Бір кезде жазған хаттарына жауап алатын болды.

Енді Даниярмен компьютерден басқа байланыс жасай алмайсыз, өйткені ол жолдастарымен кездеспейді, қонаққа бармайды, қонақ шақырмайды, ешкімге телефон соқпайды, біреу телефон соқса, қысқаша жауап береді де, қайтадан компьютерге жүгіреді. Қазір де, міне, компьютердің алдында ешкімді естімей отыр.

Бұл ата-анасы үшін үлкен мәселе. Шешімін тауып беріңізші.

КОМПЬЮТЕР.

Электрондық есептеу машинасы — тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы — бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. Компьютер термині 20 ғасырдың 90-жылдары "ЭЕМ" терминін толық ығыстырып шығарды. ЭЕМ тек қана үлкен машиналарға — мейнфреймдер мен суперкомпьютерлерге (супер-ЭЕМ) қатысты қолданылады. Алғашында компьютер сандық есептеулер үшін құрастырылғанымен, оның ақпараттың басқа түрлерін де өңдей алатындығы анықталды, өйткені іс жүзінде ақпараттың кез келген түрін сандық түрге келтіруге болады. Мұндай өңдеуді іске асыру үшін компьютер ақпаратты сандық түрге және кері айналдыра алатын құрылғылармен жабдықталады. Сондықтан компьютер көмегімен тек қана математикалық есептеулер жүргізіп қоймай, мәтін, сурет, фотосурет, бейне, дыбыс өңдеуге, өндіріс пен көлікті басқаруға, байланыстың барлық түрін атқаруға болады, яғни компьютер қазіргі кезде адам қолданатын ақпараттың барлық түрін өңдей алатын әмбебап құралға айналып отыр. Компьютердің жұмыс принципі 1945 ж. тұңғыш компьютерді жасау барысында америкалық математик және физик Джон фон Нейман (1903-1957) Компьютер құрылымының негізін тұжырымдады. Ол бойынша компьютер мынадай құрылғылардан тұруы қажет: арифметикалық-логикалық құрылғы — есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды; басқару құрылғысы — бағдарламаларды басқару процесін ұйымдастырады; есте сақтау құрылғысы (жад) — бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды; сыртқы құрылғылар—ақпаратты "БЭСМ-6" компьютері енгізеді және шығарады. Ішінара өзгерістерімен (арифметикалық-логикалық және басқару құрылғылары орталық процессорға біріктірілді) бұл принцип компьютер құрылымында қазірге дейін сақталған. Компьютерлік ақпарат электрондық түрде әр түрлі жад құрылғыларында сақталады. Ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау үшін тұрақты жад құрылғылары, ал осы сәтте орындалатын бағдарлама мен аралық мәліметтерді сақтау үшін компьютердің анағұрлым жылдам жұмыс істейтін шұғыл жады қолданылады. Компьютерде "0" және "1" сандарына негізделген екілік есептеу жүйесі қолданылады. Оны 17 ғасырда неміс математигі Г.В. Лейбниц (1646—1716) тапқан. Кез келген ақпарат түрін (мәтін, дыбыс, бейне, т.б.) осы екі сан арқылы кодтап компьютердің шұғыл немесе тұрақты жадында сақтауға болады.

Қазіргі компьютер жадында ондаған және жүздеген Гб ақпарат сақтауға болады. Компьютер жұмысы, бір жағынан, аппараттық құрылғылармен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан, бағдарламалармен қамтамасыз етіледі. Аппараттық құрылғылар ішкі (орталық процессор, жад модульдері, видеоадаптер, интерфейстік платалар, осыларды байланыстыратын интегралдық микросұлбалар, т.б.) және сыртқы (монитор, принтер, сканер, модем, дыбыс жүйелері, пернетақта, т.б.) құрамдас бөліктерге ажыратылады. Компьютер қолданбалы және жүйелік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Қолданбалы бағдарлама компьютерді пайдалану шыға қажетті жұмысты (есептеу, мәтінді түзету, кітап беттеу, ақпарат базасын өңдеу, т.б.) тікелей орындайды. Жүйелік бағдарлама компьютерді басқарады, қызметін бақылайды, керекті бағдарламаларды іске қосады, басқа компьютерлермен, компьютерлік жүйелермен (оның ішінде бүкіләлемдік жүйе — Интернетпен) байланыс орнатады.
Тапсырма 25.10. Мәтін бойынша тапсырмалар.

1)Сөздік


Нұсқау-указание,инструкция

Есептеуамалы-способ исчиления,вычисления

Тізбек-последовательность,ряд

Ығыстыру-вытеснять,отодвигать

Сандық есептеу-цифровое вычисление

Құрастыру-составлять

Кері-обратно

Тұжырымдау-заключать,формулировать,подводить итог

Тікелей-непосредственный,непосредственно

Жад-память

Аралық-промежуток,интервал

Анағұрлым-значительно

Шұғыл-оперативный

Әліпби-алфавит

Жеткілікті-достаточно

Микросұлба-микро изображение

Пернетақта-клавиатура

Құрамдас-неотлъемлемый

Қолданбалы-

персональный



2)Мәтіннің 10 сөйлеміне синтаксистік талдау жасаңыз, сөйлем мүшелерінің астын сызыңыз.

3)Мәтіннің 10 сөйлеміне грамматикалық талдау жасаңыз /сөз құрамына қарай талдаңыз/.

4)Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құраңыз.

5)Мәтіндегі баяндауыш қызметін атқарып тұрған етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

6)Монитор, пернетақта, компьютер, интернет сөздерін септеңіз.

7)Мәтіндерге сүйене отырып, компьютердің пайдалы және зиянды жақтары туралы шығарма жазыңдар.

8)Компьютер туралы айтып беріңдер.

26- сабақ
Құрмалас сөйлем синтаксисі

Синтаксис сложного предложения


Құрмалас сөйлем (сложное предложение) состоит из двух или нескольких простых предложений, которые соединяются между собой при помощи интонации и союзов.

1.Салалас құрмалас сөйлем /сал.қ.с/ (сложносочиненные предложения ссп/) - состоят из независимых друг от друга предложений.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері және шылаулары Виды, сложносочиненных предложений и их союзы


Түрлері (виды)

Шылаулары (союзы)

Мысалдар

Ыңғайлас

сал.қс

1. [...]. […].

2. Және, да (де)

әрі (соединит.)


[Күз өтті], [қыс келді].

[Аспанды бұлт басты]

да, [жаңбыр жауды].


Қарсылықты сал.қс

1. [...],[...].

2. (противительные)бірақ,әйтсе де дегенмен



[Ағам келді], [атам кетті].

[Мен ерте тұрдым], әйтсе



де [сабаққа кешіктім].

Себеп-салдар сал.қс

1. [...], [...].

2.(причинно-следственные)себебі,өйткені



[Күн жылы болды], [біз серуенге шықтық].

[Асан театрға бармады],



себебі [уақыты жоқ].

Талғаулы сал.қс

1. […], […].

2. Не, немесе, я,

әлде, болмаса, не

болмаса (разделительные)



[Жазда Астанаға не мен

барамын], [не інім барады].

[Жаңбыр жауады],

немесе [қар жауады].


Кезектес сал.қс

1. […], […].

2. Кейде, бірде, біресе (чередую-щиеся)



[Бірде қатты сөйлейсің],

[бірде жай сөйлейсің].

[Кешке ол кітап оқиды],



кейде [теледидар көреді].

Іліктес сал.қс

[... сонша, сондай,

мынау], [...]

(указательные)


[Ашуланғаны сонша],

[қызарып кетті]. [Сендерге айтарым мынау], [жақсы оқыңдар].




Тапсырма 26.1. Вместо точек вставьте пропущенные союзы (әрі, да, және, соңдықтан, себебі, сонша, не болмаса).

Айгүл биші... әнші. Бүгін Асан ..., Асқар ... келеміз деген. Майраның далаға шыққысы келмеді,... далада жаңбыр жауып тұр. Көктем келді,... құстар жылы жақтан ұшып келді. Сәуленің ұялғаны ..., ол қызарып кетті. Жылы киін,... далада күн суық. Тоңып қаласың,... тұмауратып қаласың.



Тапсырма 26.2. Определите вид ссп, объясните способы их образования, переведите. Придумайте аналогичные предложения.

Көктем келді, күн жылынды, жер көгерді. Найзағай жарқылдады да, күн күркіреді, Жаңбыр сіркіреп жауды және артынша жел соқты. Бұлт кетті, күн шықты. Жаңбыр басылды, бірақ жердің бәрі су. Далада күн суық, сондықтан Исламхан далаға шықпады. Ғалия ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді түсінбейді, әйтсе де ағылшынша ептеп біледі. Күні-түні қардың жауғаны сондай, келесі күні қатты аяз болды. Қазір сағат оннан бес минут кетті немесе онға бес минут қалды. Қанат ән айтады, әрі гитарада ойнайды, әрі волейбол ойнайды. Саматтың тісі ауырды, сондықтан тіс дәрігеріне барды.



Тапсырма 26.3. Мына сөйлемдерді салалас кұрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

және, да/де, та/те

1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. 5. Мүғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сәуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7. Салтанат «Әсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқ киімін жөндетіп әкелді. 8. Сәкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп тұр. 9. Мен үйге келдім. Менің шешем шай дайындады. 10. Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты.



бірақ, сонда да, әйтсе де

1. Көктем келді. Күн әлі суық. 2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 3. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. 4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. 5. Қар жауып тұр. Күн суық емес. 6. Жолдасым ауырып қалды. Дәрігерді шақыртпады. 7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. 8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. 9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес. 10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.



біресе, не, немесе

1.Біз барайық. Олар барсын. 2. Ертең мен Медеуге барамын, киноға барамын. 3. Әсет жатады, тұрады. 4. Теледидар көрейік. Дойбы ойнайық. 5. Жазира кір жуады, кір үтіктейді, тамақ пісіреді. 6. Шаштараз шеберлері шашты сәнді қияды, маникюр жасайды, шашты бояйды. 7. Студенттер қазақ тілі сабағында мәтінді оқиды, жаттығуларды орындайды, сұрақтарға жауап береді. 8. Зәуре шабдалы жемейді, маған бермейді. 9. Қонақтар домбыра тартады, әңгімелеседі, ән шырқайды, би билейді. 10. Бүгін біз үйде боламыз, ата-анамыздың үйінде боламыз.



сондықтан, өйткені, сол себепті

1. Ол баяу оқыды. Ол аз дайындалады. 2. Мен мәтінді түсінемін. Мен сөздерді білемін. 3. Самат досына хат жазбады. Уақыты жоқ. 4. Біз киноға барған жоқпыз. Емтиханға дайындалдық. 5. Сәбит жазылмады, емделмеді. 6. Ең жақсы тіл - ана тілі. Оны аса құрметтеу керек. 7. Біз сыйлық сатып алған жоқпыз. Ақшамыз болмады. 8. Ермек сұраққа жауап бере алмады. Сабаққа дайындалмады. 9. Үйге кіре алмадым. Кілтімді жоғалтып алдым. 10. Оқуға бармаймын. Ауырып қалдым.



Тапсырма 26.4. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Жаз шықты да, ... . 2. Саша қазір қыдырмайды, өйткені ... . 3. Не ол барсын, не .... 4. Мен мына мақаланы аудармаймын, өйткені.... 5. Мен мәтінді оқымаймын, себебі ... . 6. Мен базардан қауын алдым және ... . 7. Арман былтыр Мәскеуге сапар шекті және ... . 8. Сіз жақсы жауап бердіңіз, өйткені... 9. Мен ерте шықтым, бірақ ... . 10. Ол тез жазады, сонда да .... 11. Ертең мен театрға барар едім, бірақ ... . 12. Біз қазақ тілі сабағында мазмұндама жазып отырдық және ... . 13. Қар жауды да, ... . 14. Не диванға отыр, не ... . 15. Жазира біресе кітап оқиды, біресе ... . 16. Ол қазір жұмыс істемейді, сондықтан ... . 17. Біресе бор жоқ, біресе ... . 18. Не ұшақпен бар, не ... . 19. Бүгін күн ашық, бірақ ... . 20. Менің бір ағам мал дәрігері болып жұмыс істейді де, ... . 21. Біз тоғыз қабатты үйде тұрамыз және ....



Тапсырма 26.5. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Я поеду или поездом или автобусом. 2. День был теплый, но мы в горы не пошли. 3. Олжас живет то ли в центре города, то ли в микрорайоне. 4. Олег заболел, но к врачу не пошел. 5. Я делаю зарядку и умываюсь холодной водой. 6. Я живу далеко, но на занятия не опаздываю. 7. Студенты слушали лекцию и задавали вопросы. 8. Берик живет в городе, а его родители в ауле. 9. Или он, или я. 10. То мороз, то снег. 11. Я купила хлеб, а мой друг — молоко. 12. Моя сестра моет посуду, а я вытираю ее полотенцем. 13. Я взяла книгу из библиотеки для моей младшей сестры, и она читала ее. 14. Я хотел купить рубашку, но у меня не было денег. 15. Казахский язык тру­ден, но мы занимаемся с интересом. 16. Наш учитель строгий, но мы его любим. 17. Дети играют, а их родители разговаривают. 18. Паци­ент разделся, и доктор прослушал его легкие. 19. Я хотела постричь и покрасить волосы, но в парикмахерской было много народу. 20. Я не купила платье, потому что оно мне



Тапсырма 26.6. Кестені пайдаланып сөйлем құраңыз.

Мен адам-дармен

Телефон

факс


электронную почту

интернет


письма

арқылы


байланыс

жасаймын.



Поштада

Письма

телеграмму

открытку

бандероль

посылку

жіберуге

болады.


Интернет арқылы

машина, үй сатып алуға (купить машину, дом) қонақ үйден орын алуға (забронировать место

в гостинице)

газет-жорнал оқуға (прочитать газету, журнал) кино көруге (посмотреть кино) сурет жіберуге (отправить картинку) шахмат ойнауға (сыграть в шахматы) еркін сөйлесуге (свободно поговорить)

болады.




Тапсырма 26.7. Мына сөйлемдерді үлгі бойынша келер жөне өткен шақта жазыңыз.

Үлгі: Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесіп жатыр. -

Әсет телефон арқылы уйімен сөйлеседі.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлеспек.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесер.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесті.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлескен.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесіпті.

Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесетін.

1.Әсет телефон арқылы үйімен сөйлесіп жатыр. 2.Пошта қызметкерлері бандерольды орап жатыр. 3.Хат тасушы хат-хабарларды тасып жүр. 4.Пошта қызметкері сәлемдемені қабылдап жатыр. 5.Мен шешеме ашық хат жазып отырмын. 6.Сіз жедел хатты ауылға жіберіп отырсыз. 7.Нөмірді дұрыс алмай отырсыз. 8.Интернеттің көмегімен машина сатып алып отыр. 9.Біз басқа елдегі таныстарымызбен еркін сөйлесіп отырмыз. 10.Электронды пошта арқылы жолдасына хат жіберіп отыр. 11.Интернет-дәмханада компьютерді пайдаланып отыр.


Тапсырма 26.8. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, мына сөйлемдердің етістік-баяндауышын бұйрық райға айналдырыңыз.

Үлгі: Ауылға сәлемдеме жіберу керек еді (Әсет). - Әсет жіберсін.

1.Ауылға сәлемдеме жіберу керек еді (Әсет). 2.Мына хатты пошта жәшігіне салып жіберші (Әйгерім). 3.Ертең менімен хабарлас (Сіз). 4.Ерлан Орталық поштаға барсын (сен). 5.Бандерольды орап берейін (пошта қызметкері). 6.Факс-бюродан Қарағандыға факс жібер (Марал). 7.Электронды поштаны тексер (Мәдина). 8.Сіз Интернет көмегімен кітап сатып алыңыз (Сіз). 9.Интернет арқылы еркін сөйлесейік (сендер). 10.Екеуі Интернет арқылы шахмат ойнасын (Сіз).


Тапсырма 26.9. Мына сөйлесулерді оқып, жаттап алыңыз.

***


- Сіз Орталық пошта қайда екенін айтып жіберіңізші.

- Орталық пошта Бөгенбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында.

***

- Факс-бюро қай кездерде істейді?



- Факс-бюро тәулік бойы істейді.

- Үзілісі қашан?

- Үзіліссіз істейді.
- Жедел хат бланкасын қалай толтыру керек?

- Үлгісі әне, ілулі тұр. Үлгі бойынша толтырыңыз.

- Электронды поштаны тексердің бе?

- Жоқ, компьютер жүйесі бұзылып тұр.

- Компьютерді жөндеу керек қой.

- Компьютер шеберін шақырып қойдым



***

- Мына факсті Түркияға жіберіңізші.

- Жіберейін. Факстің нөмірі қандай?

- Факстің нөмірі міне: 8 10 90 216 418 45 50.



***

- Мен Сізге құжаттарды электронды пошта арқылы жіберемін.

- Жарайды. Мекен-жайымды білесіз бе?

- Білемін. Мекен-жайыңыз кітапшамда жазылған.


Тапсырма 26.10. Жолдастарыңыздан байланыстың қандай түрін жиі пайдаланаты-нын сұрап, кестені толтырыңыз.


Аты-жөні

ауызба-ауыз

телефон

хат/

ашық хат


факс

Е-таі1





































Тапсырма 26.11. Жоғарыдағы кестені пайдаланып, жолдастарыңыз туралы әңгімелеңіз.

Тапсырма 26.12. Байланыс жүйесі туралы жолдасыңызбен сөйлесіңіз.

- Адамдармен байланыс жасауды ұнатасыз ба?

- Сіз пошта бөлімшесіне жиі келіп тұрасыз ба?

- Хат жазуды ұнатасыз ба? Неге?

- Үйіңізде компьютер бар ма? Электронды пошта арқылы хат жібересіз бе?

- Факс-бюро немесе Интернет дәмханасына барып тұрасыз ба?

- Факс жібере аласыз ба?

- Ұялы телефоныңыз бар ма? Оны жиі пайдаланасыз ба?

- Байланыстың қай түрін жиі пайдаланасыз? Неге?
Тапсырма 26.13. «Байланыс жүйесі» тақырыбына арнап шағын шығарма жазы-ңыз.
ИНТЕРНЕТ.

Компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы; бір-бірімен телекоммуникация арналары (телефон, радио және жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы. Интернет 20 ғасырдың 70-жылдары АҚШ Қорғаныс министірінің, АҚШ ұлттық ғылым қорының және аймақтық компьютер желілерінің телекоммуникация құралдары арқылы бірте-бірте бірігуі нәтижесінде пайда болды. 1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желілер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ІSОС қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір-бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. Интернет сөзі, әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды. Интернет жұмысы негізгі бағдарламалық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Олар интернет архивтері ішінен керекті ақпаратты іздеп тауып, сол мәліметті сұратқан компьютерге жеткізіп, жалпы серверлер (қуатты компьютерлер) тобында реттеле орналасқан мәліметтер базасындағы ақпараттарды тұтынушылардың қажетіне жаратуды қамтамасыз етеді. Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондык хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді. 1990 жылдардан бастап интернетте бүкіләлемдік өрмек-тор WWW (Word Wide Web) деп аталатын қызмет түрі кең тарала бастады. WWW технологиясы гипермәтін мен гипермедиа (мәтін, сурет, дыбыс түрінде) негізінде жасалған \Web -құжаттар түріндегі ақпараттар жиынын әзірлеп, жаһандық желі серверлеріне жазып сақтап қоюға мүмкіндік береді. Желіге косылған әрбір компьютердің өзіндік қайталанбас адресі болады. Адрестер нүктелермен бөлініп, латын әріптерінен құралған сөз тіркестерінен тұрады және оңнан солға қарай майдаланып нақтылана түседі. Кез келген компьютерді интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар — провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20-дан астам операторлар интернет -провайдер қызметін орыңдауда. Олардың ірілеріне "Нұр-сат", "Қазақтелеком", "Астел" және "СА телеком" жатады. Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.



Тапсырма 26.22.Мәтін бойынша тапсырмалар.

Сөздік


Желі-сеть

Арна-канал

Жасанды-искуственный

Торап-узел

Бірте-бірте-постепенно

Үйлесімді-оптимальный,соответсвующий

Құрылғы-устройство

Жабдықтама-оборудование

Реттелу-регулироваться

Электрондық

хабарландыру-электронное сообщение

Гипермәтін-гипертекст

Жаһандық желі-всемирная сеть

Қайталанбас адрес-неповторимй адрес

өрмектор-паутина,сеть

1) «Интернет» мәтінінен және осыған дейінгі мәтіндерден салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, оларды дәптерлеріңізге жазып алыңыздар. Оларға синтаксистік талдау жасаңыздар.

2)Компьютер, интернет мәтіндерінен компьютермен интернетке қатысты терминдерді теріп жазыңдар.

3)Мәтін бойынша 12 сұраулы сөйлем құраңдар.

4)Кестені толтырыңдар.

Тәуелдік жалғау

Көптік жалғау

септік жалғау










Мәтіннен жалғау жалғанған сөздерді теріп жазыңдар.

5)Мәтіннен «Интернет» сөзі бар сөйлемдерді дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.

6)Мәтіннің жоспарын құрып, интернет туралы айтып беріңдер.
27- сабақ
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫ

(ПРИДАТОЧНОЕ УСТУПИТЕЛЬНОЕ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет