Тапсырма 27.1.Сөйлемдерді оқып, салыстырыңыз.
Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз.
Тез жүрсе де, пойызға үлгірмей қалды.
Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра. емтиханды жақсы тапсырды.
|
Хоть и светит солнце, стоит сильный мороз.
Хоть и ехал быстро, на поезд не успел.
Хоть у них и было мало времени на подготовку, они хорошо сдали экзамен.
|
Тапсырма 27.2.Мьна сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: Күн салқын болғанмен (қайткенмен?), жатақхана жылы. — День хоть и холодный, но в общежитии тепло.
1.Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы. 2. Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ. 3. Оқу қиын болса да, өте жақсы оқитын студенттер көп. 4. Менің бойым өскенмен, ойым піскен жоқ (С. Мұқанов). 5. Туысқан бола тұра, екеуі жат адамдар секілді. 6. Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді (С. Мұқанов). 7. Абайдың әкесі қатал болғанмен, шешесі қайырымды адам болатын. 8. Менің бос емес екенімді біле тұра, көмекке шақырасың. 9. Ол бұрын біздің үйде болғанмен, үйімізді әрең тапты. 10. Қымбат болса да, мына тонды ал. 11. Уақытың болмаса да, телефон соғып тұр.
Тапсырма 27.3.Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1. Ауа райы нашар болып тұрса да, ... . 2. Күн батса да, ... . 3. Ол үйіне қанша шақырса да, ... . 4. Уақыты болғанмен, ... . 5. Жұмыс жоспарын жасағанмен, ... . 6. Мені таныстырса да, ... . 7. Бұл көйлек қымбат бола тұра, ... . 8. Асықсаң да, ... . 9. Ерте тұрғанмен, ... . 10. Мен үйде отырғанмен, ... . 11. Жаңбыр жауса да, ... .
II. 1. ..., мен оның үйіне қонаққа бармадым. 2. ..., біз оның үйіне барып жүрміз. 3. ..., жақсы оқиды. 4. ..., соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. ..., олар мектепке бармады. 6. ..., емтиханды жақсы тапсырды. 7. ..., емделіп шықты. 8. ..., жиналысты бастадық. 9. ..., ет піспеді. 10. ..., жұмысты бітірді.
Тапсырма 27.4.Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ақшасы бола тұра, Марат ештеме алмады ма? 2. Үйіме неше шақырсам да, неге келмейсің? 3. Күн суық болса да, далаға шықтың ба? 4. Шөлдесең де, су ішпейсің бе? 5. Кітапханада кітап көп бола тұра, ештеме таңдап алмадың ба? 6. Мына сағатты қымбат болса да, аласың ба? 7. Алматыда көп уақыт тұрсаңыз да, адасып қалдыңыз ба? 8. Ертең күн суық болса да, тауға барасыз ба? 9. Мектепті бітіргенмен, мектепке барып тұрасыз ба?
Тапсырма 27.5. Қазақ тіліне аударыңыз.
1. Хоть у Наташи и был отпуск, она не отдохнула. 2. Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по-казахски. 3. Хоть я и болею, но в поликлинику идти не хочу. 4. Хоть учитель и пожилой человек, но урок ведет интересно. 5. Хоть и холодно на улице, хорошо. 6. Хоть у меня и есть время, но на почту я не пойду. 7. Хоть он и встал рано утром, на занятия опоздал. 8. Хоть он и хороший ученик, но ленивый. 9. Хоть у Мурата и были деньги, он ничего не купил. 10. Хоть мы и записали адрес, но найти их дом не смогли.
Шартты бағыныңқы
Придаточное условия отвечает на вопросы Қайтсе? (если что?). Сказуемое придаточного предложения условия образуется при помощи суффиксов –са/-се, за которыми следуют личные окончание глагола.
Қар жауса, балалар қуанады.
|
Если идет снег, дети радуются.
|
Сен айтсаң, мен барамын.
|
Скажешь, пойду.
|
Мен тырыссам, жасаймын.
|
Если постараюсь, сделаю.
|
Барғыңыз келсе, барыңыз.
|
Если хотите, идите.
|
Ертең келсеңіздер, күтемін.
|
Если завтра придете, буду ждать.
|
Ертең оларды көрсек, айтайық.
|
Если увидим их завтра, скажем.
|
Тапсырма 27.6.Мына сөйлемдерді көшіріп жазып,басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Үлгі: Сен келсең(қайтсең?), киноға барар едік. Если бы ты пришел, мы бы пошли в кино.
1.Сен келсең, киноға барар едік. 2.Күн ашық болса, студенттер өзенге балық аулауға барады. 3.Студенттер түгел келмесе, лекция басталмайды. 4.Сіз ертерек келсеңіз, дастарқанға отыра берер едік. 5.Сіз қызық әңгіме айтсаңыз, біз тыңдаймыз. 6.Көл терең болса, біз суға түсер едік. 7.Жұрт сені сыйласа, сен оны сыйлауың керек. 8.Майра келсе, мына жұмысты тез бітіреміз. 9.Алма келсе, үйге сәлемдеме жібереміз. 10.Жақсы оқысаңдар, емтиханды жақсы тапсырыңдар. 11.Теледидарды қоссаң, мені көресің.
Тапсырма 27.7. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.Қыс түссе,________ 2.Асханадан тамақ ішсең,_______ 3.Мен келсем,_________ 4.Майра мына жерге отырса,_________ 5.Ол мені таныса,__________6.Күн ашық болса,__________7.Жұмыс бітсе,_______ 8.Әрсен жерге жатса,________ 9.Ақшаң болса,________ 10.Жаңбыр жауса,__________ 11. Қайрат білмесе,________.
1.________,мен де барамын. 2.______,балалар далада ойнайды. 3.________тез табамын. 4.__________, інім де ән айтады. 5.________,олар да мектепке бармайды. 6._________, сендер келіңдер. 7._______,біз сізді түсінеміз. 8._______, көкөніс алар едім. 9.________, олар не істейді. 10.________,біз қуанышпен қарсы аламыз. 11.________, ерте тұрамыз.
Тапсырма 27.8.Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Мен киноға барсам, сен де барасың ба? 2. Күн жылы болса, қайда барамыз? 3. Кітапты оқып болсаң, маған бересің бе? 4. Ініңіз мектеп бітірсе, қайда барады? 5. Базарға барсаңыз, не алар едіңіз? 6. Бос уақытыңыз болса, не істер едіңіз? 7. Үйден ерте шықсаңыз, пойызға кешігіп қаласыз ба? 8. Мына жаттығуды орындап болсаңыз, не істейсіз? 9. Сізді туған күніне шақырса, сыйлыққа не сатып аласыз? 10. Көп ақша ұтып алсаңыз, не істейсіз?
Тапсырма 27.10. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Если Вы будете говорить по-казахски медленно, мы поймем Вас. 2. Если завтра будет тепло, пойдем в горы. 3. Если ты будешь говорить неправильно, то я исправлю. 4. Если вы будете на юге, то мы встретимся. 5. Если он будет говорить тихо, то его никто не услы-шит. 6. Если будет хороший фильм, то позови меня. 7. Если выполните это упражнение, выполняйте следующее. 8. Если сядете на шестой троллейбус, доедете до железнодорожного вокзала. 9. Если Салтанат помоет посуду, ты вытри ее. 10. Если не покушаешь, на улицу не пойдешь. 11. Пойдешь на базар, мне ничего не бери.
Автокөлік.
Автомобиль көлігі - жүк және жолаушылар тасуды қамтамасыз eтeтiн көлiк түpi. Ол 20 ғасырда кең тарап, өpкeндeдi. 1900 ж. дүние жүзiнде небәрi 11 мың автокөлiк болса, оның саны ғaсырдың ақырында 500 млн-нан асты. Әлемде автокөлiк шығаратын орталықтар қалыптaсып, көптеген фирмалардың aтақ-дaңқы кең жайылды ("Дженерал моторс", "Фольксвагенверк", "Тойотa моторс" және т.б.). Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгi құрылымдық өзгерiстерге енiп, 20 ғасырдың 90-жылдары өзара бәсекелестiктeгi тәуелсiз жүк және жолаушы таситын автокөлiк pынoгын дaмытуғa көштi. Республикада 1998 ж. 1,5 млн-ғa жуық автокөлiк болды. Оның 21 %-i жүк таситын, 70%-i жеңiл машиналар болса, қалғaны автобустардың үлесiнде.1,2 млн. Автокөлiк жеке меншiкке көшiп, онда жүк машиналардың үлесi 16%, ал автобустардың үлесi 2%-тен сәл ғана асты. 20 ғасырдың ақырында Қазақстан Республикасында автомобиль pынoгы қалыптасып, белгілі «Астана моторс», «Бутя Авто орталығы», «DAEWOO-ӘЛЕМ» сияқты компаниялар шетелдік машиналардың тұрмысқа еркін енуіне қолайлы жағдай жасады.
Автомобиль
Адамдар ежелден ат жекпей-ақ, өздігінен жүретін арба жасауды арман еткен еді. Не ойлап таппады десеңдерші: рычагтар, педальдар, тісті доңғалақтар... Тіптен арбаға желкен де орнатты.
1
Достарыңызбен бөлісу: |