Сөздік:
Дутье –үрлеу
Чушки-металл құйымы /шойын құйымы/
Щебень –шағыл, ұсақталған тас.
Фасоннолитейный цех –даяр бөлшек шығару цехы
Цех изложениц –түзету, жөндеу цехы
Доломит –доломит /магнезиясы мен кальцийі бар минерал/
Известь -әк
Слитки-құйма
Кузнечно-прессовый цех –жөндеу-сығымдау цехы
Поковка- шыңдау, шыңдалған темір
Поддон- табан, астыңғы, төменгі бөлік
Непрерывнолитые слябы- үздіксіз құю табаққыспағы
Листопрокатный цех- табақтап жаю цехы
Горячекатаный прокат- ыстықтай тегістелген
Горячекатанный лист- ыстықтай қақталған қақтама
Подкат-жылжытушы
Холоднокатный лист –салқындай қақталған табақша
Кровля –шатыр
Травленый лист- өңделген табақ
Жесть –қаңылтыр
Цех горячего цинкования- ыстықтай мырышпен қаптау цехы
Алюминирование –алюминиймен қаптау
Покрытие- қаптау
Тапсырма 21.14. Мәтін бойынша тапсырмалар.
1)Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.
2)Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құраңдар.
3)Мәтінді пайдаланып, кестені толтырыңдар.
Жыл
|
Оқиғалар
|
1960ж.
|
1-домна пеші іске қосылды.
|
4)Президент, жұмысшы, инженер-техник, хатшы, металлург сөздерін жіктеңдер.
5)Мәтіндерден техникалық терминдерді теріп жазып, олардың мағынасын түсіндіріңдер.
6)Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
7)Мәтіндерді пайдалана отырып:
а)Қазақстан Магниткасы
ә)комбинаттың кен орындары
б)зауыттың цехтары
в)зауыттағы жұмыс үрдісі жайлы айтып беріңдер.
22- сабақ
Шартты рай
Шартты рай (условное наклонение) обозначает действие, которое является условием для совершения другого действия. Условное наклонение образуется путем присоединения суффиксов -са/-се к основе глагола и личных окончаний глагола.
Мен бар+са+м, кел+се+м, бар+ма+са+м, кел+ме+се+м.
Біз бар+са+қ, кел+се+к, бар+ма+са+қ, кел+ме+се+к.
Сен бар+са+ң, кел+се+ң, бар+ма+са+ң, кел+ме+се+ң.
Сендер бар+са+ңдар, кел+се+ңдер, бар+ма+са+ндар, кел+-ме+се+ңдер.
Сіз бар+са+ңыз, кел+се+ңіз, бар+ма+са+ңыз, кел+ме+се+ңіз.
Сіздер бар+са+ңыздар, кел+се+ңіздер, бар+ма+са+ңыздар, кел+ме+се+ңіздер.
Ол бар+са, кел+се, бар+ма+са, кел+ме+се.
Олар бар+са, кел+се, бар+ма+са, кел+ме+се.
Тапсырма 22.1. Оқыңыздар, аударыңыздар.
1.Егер менде мүмкіндік болса, кешке келемін. 2.Ол сабақты жақсы түсінбесе, біз көмектесеміз. 3.Біз бүгін билет алсақ, ертең ауылға кайтамыз. 4.Ертең мен ұмытпасам, саған телефон соғамын. 5.Сен кешікпесең, біз бірге барамыз. 6.Мен кателеспесем, бүгін оның туған күні. 7.Жексенбіде ауа райы жақсы болса,біз тауға барамыз.
Тапсырма 22.2 Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1.Если я открою окно, Вы не будете против? 2. Если ты меня не разбудишь, я опоздаю на уроки. 3. Если они встретят меня, я буду очень рад. 4.Если мы его увидим, то поговорим с ним. 5. Если ты не выучишь новые слова, ты не будешь их знать. 6. Если вы устали, отдохните немного. У если мы купим билет, пойдем на концерт. 8. Если Вы не против, я провожу Вас домой. 9. Если ты узнаешь их новый адрес, скажи нам. 10. Если тебе не трудно, помоги мне, пожалуйста. 11. У меня сейчас нет времени, поэтому я не могу пойти с тобой в магазин. 12. Завтра в три часа у меня встреча, поэтому я не могу зайти к Вам. 13. У него болит голова, поэтому он не может помочь тебе сейчас. 14. Если ты будешь слушать хорошо его, сможешь ответить на вопросы. 15. Когда я перевел текст, я смог его понять. 16.Если ты хочешь кушать, можешь покушать в столовой. 17|.Если ты пригласишь их в гости, они могут прийти.
Тапсырма 22.3. Оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1.Ертең қар жауса, күн аязды болады. 2.Мен хат жазсам, ол жауап қайтарады. 3.Мұғалім сұраса, біз жауап береміз. 4.Жаңбыр жауса, қолшатырды ал. 5. Біз оны көрсек, айтамыз. 6. Сен бармасаң, мен де бармаймын. 7.Сіздер барсаңыздар, бізді ала кетіңіздер. 8.Сеңдер келмесеңдер, олар келсін. 9.Сіз шақырсаңыз, біз барамыз. 10.Жақсы оқысаң, емтиханды жақсы тапсырасың. 11.Мені тыңдасаң, жаман болмайсың. 12.Емделсеңіз, тез жазыласыз. 13. Шақырмаса, барма.
Тапсырма 22.4. Төмендегі етістіктерді шартты райға айналдырып, жіктеңіз және сол етістіктерді болымсыз түрде жіктеңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Айту, көру, жабу, тігу, шығу, сөйлеу, ішу, ұйықтау, босау, жеңу.
Тапсырма 22.5. Сөйлемдерді үлгі бойынша аяқтаңыз.
Үлгі: Мен күлсем, ол ... . — Мен күлсем, ол да күледі.
1.Мен күлсем, ол ... . 2.Біз ойнасақ, сендер ... . 3.Сендер теледидар көрсеңдер, біз ... 4.Ол ұйықтамаса, сен ... . 5.Олар дүкенге барса, ол ... . 6.Сіздер таксиге мінсеңдер, мен ... . 7.Сен жүгірсең, олар ... . 8.Сіз қыдырсаңыз, біз ... . 9.Мен отырсам, сендер ... . 10. Біз билесек, Сіздер ... . 11.Сіздер кетсеңіздер, мен ... . 12.Ол емделсе, олар ....
Тапсырма 22.6.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
а) 1.Оспан келсе, ... . 2.Жомарт айтпаса, ... . 3.Мен тұрсам, ... , 4.Сендер жазсаңдар, ... . 5. Олар жүгірсе, ... . 6.Біз кетсек, ... . 7.Сіз телефон соқсаңыз, ... 8.Данияр емделсе, ... . 9. Туыстары хат жіберсе, ... . 10.Қонаққа барсаң, ... . 11.Шақырса, ... . 12.Ән жаттасаң, ... 13. Жақсы баға алсаң, ... . 14.Қазақ тілін үйренсең, ... .
ә) 1. ... , мен барамын. 2. ... , сен де ал. 3. ... , олар да жазсын. 4. ... , біз демаламыз. 5. ... , жазыламыз. 6. ... , көреміз. 7. ... , айтыңдар. 8. ... , шай ішеміз. 9. ... , үйге ерте қайтасыздар. 10 ... , дәмді тамақ жасап қоямын. 11. ... , қатесіз жазамын. 12. ... , жақсы үйреніп аламыз. 13. ... , жақсы маман боласыңдар. 14 ... , суық болады.
Тапсырма 22.7. Сөйлесуді оқып, шартты райлы етістікке талдау жасаңыз.
Үлгі: болса — III жақ, жекеше түрі.
Алло, қайырлы күн! Ләззатты телефонға шақырыңызшы.
- Тыңдап тұрмын.
- Сәлем! Халің қалай? Уақытың болса, кездесейік.
- Жай ма?
- Кездессек, айтамын.
- Қазір айтсаң болмай ма?
- Киноға барсақ, қалай қарайсың?
- Шақырсаң, барамын.
- Онда кинотеатрдың алдында кездессек бола ма?
- Билет болмаса, бармаймын.
- Қап, билетті кеше алсамшы!
- Әлішер, кинотеатр үйіңнің қасында ғой, қазір барып алсаңшы.
- Жарайды, кел, күтемін.
Тапсырма 22.8. Қазақ тіліне аударыңыз.
1.Если Вы его увидите, пусть он зайдет ко мне. 2.Если ты пойдешь в магазин, скажи мне. 3.Если ты не выучишь стихотворение, получишь «двойку». 4.Не надо было идти в тот дом. 5.Если мы посмотрим этот фильм, расскажем тебе. 6.Если сходишь в поликлинику, тебе выпишут лекарство. 7.Если ты будешь смеяться, я тебе больше ничего не скажу. 8. Если пойдет снег, будет холодно. 9.Если наступит лето, я поеду в деревню. 10.Сдадим экзамены, отдохнем. 11.Надо было мне учиться! 12.Не надо тебе пропускать занятия! 13. Будет время, подмети пол. 14.Будешь свободен, зайди ко мне. 15.Приедут гости, позвони мне. 16.Замерзнешь, иди домой. 17.Захочешь пить, попей воды. 18.Если будет много людей в магазине, не стой в очереди. 19.Купишь платье, покажи его мне. 20.Не нравится, скажи.
Қалау рай
В отличие от русского языка глагол в казахском языке имеет особое наклонение, которое называется Қалау рай (желательное наклонение). Оно выражает желание, намерение говорящего и образуется путем прибавления к корню или основе глагола суф-фиксов -ғы/-гі, -қы/-кі, затем следуют личные окончания глагола и вспомогательного глагола кел в нужном времени.
Жақ/лицо
|
Негізгі етістік/
смысловой глагол
|
Көмекші етістік/
вспомогательный глагол
|
Менің
|
бар+ғы+м
көр+гі+м
|
келеді (келмейді)
келді (келмеді)
|
Біздің
|
айт+қы+мыз
кет+кі+міз
|
келіп тұр
келіп тұрған жоқ
|
Сенің
|
бар+ғы+ң
көр+гі+ң
|
келеді (келмейді)
келді (келмеді)
|
Сендердің
|
айт+қы+лар+ың кет+кі+лер+ің
|
келіп тұр
келіп тұрған жоқ
|
Сіздің
|
бар+ғы+ңыз
көр+гі+ңіз
|
келеді (келмейді)
келді (келмеді)
|
Сіздердің
|
айт+қы+лар+ыңыз кет+кі+лер+іңіз
|
келіп тұр
келіп тұрған жоқ
|
Оның
|
бар+ғы+сы
көр+гі+сі
|
келеді (келмейді)
келді (келмеді)
|
Олардың
|
айт+қы+лар+ы кет+кі+лер+і
|
келіп тұр
келіп тұрған жоқ
|
жаз айт
бар -ғы+-сы аш -қы+-сы
қал жат
көр кет
бер -гі+-сі кес -кі+-сі
кел жет
Тапсырма 22.9.Мына етістіктерге -қы/-кі, -ғы/-гі жұрнақтарын қосып жазыңыз.
Оқу, үйрену, шығу, алу, сөйлесу, апару, әкелу, ілу, әңгімелеу, өсу, бару, жөңдеу, көну, ішу, деу, салу, білу, танысу, басу, көшіру, есептеу, дайыңдалу, егу, жабу, зерттеу, кету, тойлау, жату, көру, сөну, үйлену, сезу, кіру, отыру, арту, ұнату, билеу, қалу, үйрету, қарау, қуу, өшіру, қуану, жану, нану, орналасу, өлшеу, жуыну, пісу, сағыну, кебу, төгу, сену, жүгірту, сөйлеу, табу, шабу, тебу, ұрысу, болу, жазу, шөлдеу, ұялу, тұру, жағу, айту, үндемеу, іздеу, беру, істеу, ашу, тексеру, ұялу.
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
I.Менің хат жаз-ғы-м келеді
«Мне хочется написать письмо»
|
I.Біздің хат жаз-ғы-мыз келеді
«Нам хочется написать письмо»
|
II. Сенің хат жаз-ғы-ң келеді
«Тебе хочется написать письмо»
Сіздің хат жаз-ғы-ңыз келеді
«Вам хочется написать письмо
|
II. Сендердің хат жаз-ғы-ң келеді
«Вам хочется написать письмо»
Сіздердің хат жаз-ғы-ңьіз келеді
«Вам хочется написать письмо»
|
III. Оның хат жаз-ғы-сы келеді
«Ему хочется написать письмо»
|
III. Олардың хат жаз-ғы-сы келеді
«Им хочется написать письмо»
|
Тапсырма 22.10. Мына сөйлемдерді оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. Қалау райдың жасалуына көңіл аударыңыз.
Менің шай ішкім келеді. Сенің шырын ішкің келеді. Сіздің су ішкіңіз келеді. Оның кофе ішкісі келеді. Менің театрға барғым келіп отыр. Сенің үйге барғың келіп отыр. Сіздің тауға барғыңыз келіп отыр. Оның опорт кешеніне барғысы келіп отыр. Менің сені көргім келіп отыр. Сенің жаңа фильм көргің келіп отыр. Сіздің мұражайды көргіңіз келіп отыр. Оның сауда үйін көргісі келіп отыр.
Тапсырма 22.11.Төмендегі сөздерді оқыңыз. Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын анықтаңыз да, кестеге енгізіңіз.
кеңсе заттары
|
зергерлік бұйымдар
|
ыдыс-аяқ
|
|
|
|
Қалам, табақ, білезік, қағаз, қарындаш, жүзік, тәрелке, дәптер, қасық, сақина, пышақ, сырға, шанышқы, сызғыш, алқа, өшіргіш, ваза.
Тапсырма 22.12. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Сауда орталығы
Біздің қаламызда дүкендер, әмбебап дүкендері, сауда үйлері көп. Үйіміздің қасында үлкен сауда орталығы бар. Сіздің өзіңізге бір зат алғыңыз келсе, сауда орталығына барасыз, өйткені мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап, ине-жіпке дейін сатады өте қолайлы, өйткені үйге қажетті заттарды бір-ақ жерден алуға болады.
Сауда орталығымыз үлкен, үш қабатты, іші кең, тамаша. Бірінші қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілуге болады.
Бірінші қабатта кафе, оптика, дәріхана, азық-түлік, кондитер бөлімдері бар. Гүл де, газет-жорнал да бірінші қабатта.
Екінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, киносурет, күй табақтары, галантерея, парфюмерия, сыйлықтар, маталар, зергерлік және үй ішіне қажетті бұйымдар бөлімдері бар.
Киім алғыңыз келсе, үшінші қабатқа барыңыз. Үшінші қабатта киім бөлімі, іш киім бөлімі, сырт киім бөлімі, аяқ киім бөлімі, балалар бөлімі орналасқан.
Ксения мен Мартина бүгін сауда орталығында жүр. Мартина өзіне керекті заттарды алып жатыр. Ксения өзіне әдемі көйлек таңдап жүр. Қазір олар киім бөлімінде тұр.
Ксения: Кешіріңіз, мына көйлек қай жердікі?
Сатушы: Финляндиянікі. Бұл жаңа үлгімен тігілген көйлек. көйлектің нешінші өлшемі керек?
Ксения: Қырық екінші. Көйлектің басқа түсі бар ма?
Сатушы: Басқа түсі жоқ, бірақ мына түс Сізге өте жарасады. Өлшеп көріңізші. Бұл Сіздің өлшеміңіз ғой. Өлшейтін бөлмелер әне, ана бұрышта.
Мартина: Рас, Ксения, саған жақсы жарасып тұр. Аяқ киіміңе де сәйкес. Тар емес пе?
Ксения: Жоқ, тұп-тура. Әдемі екен, бірақ...
Сатушы: Бағасына қарамаңыз, сапасына қараңыз. «Сараң екі рет төлейді».
Сөздік
сауда орталығы — торговый центр әмбебап дүкені — универмаг
ойыншық — игрушка ине-жіп — иголка с ниткой
сату — продавать қолайлы — удобно
қажетті - необходимый электр - электрический
күй табақтары - диски, пластинки
сыйлық - подарок мата — ткань
зергерлік — ювелирный
киім бөлімі -отдел одежды іш киім - нижнее белье
сырт киім - верхняя одежда аяқ киім - обувь
бас киім -головной убор жаңа үлгімен тігілген -модный
өлшем - размер түс - цвет
жарасу - быть к лицу өлшейтін бөлме - примерочная
сәйкес болу -сочетаться
тар - тесный баға - цена
сапа –качество Сараң екі рет төлейді. -Скупой платит
дважды
Тапсырма 22.13. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және олардың антонимін табыңыз.
Черный, дешевый, принести, да, большой, хороший, ночь, справа, мало, здесь, этот, тонкий, низкий, худой, прийти, грязный, кривой, нижний, продать, покупатель, новый, дать.
Тапсырма 22.14. Мағынасына сәйкес сөзді тұсына жазыңыз және сол сөзбен сөйлем құраңыз.
Үлгі: ыдыс-аяқ бөлімі — кесе: Кесені ыдыс-аяқ бөлімінен алуға болады.
ыдыс-аяқ бөлімі қарындаш
галантерея бөлімі мата
сағаттар бөлімі торт
балалар бөлімі көзілдірік
бас киім бөлімі кесе
сырт киім бөлімі иіс су
оптика бәтеңке
кітап дүкені сүт
электр тауарлар бөлімі спорт костюмі
зергерлік бөлімі тон
дәріхана жапқыш
Тапсырма 22.15. Кестедегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз сауда орталы-ғының қай бөліміне барғыңыз келеді?
|
ыдыс-аяқ бөлімі, галантерея, үй ішіне қажетті бұйымдар бөлімі, сағаттар белімі, балалар бөлімі, азық-түлік дүкені, бас киім белімі, кондитер бөлімі, сырт киім бөлімі, оптика, кітап дүкені, электр тауарлары бөлімі, зергерлік бұйымдар бөлімі, дәріхана, азық-түлік, парфюмерия, спорт тауарлары белімі, маталар бөлімі, кеңсе тауарлары бөлімі, аяқ киім бөлімі, ...
|
2. Сіз сауда орталы-ғынан не сатып ал-ғыңыз келеді?
|
аяқ киім, білезік, костюм, қасық, көзілдірік, орамал, сүт, тәрелке, свитер, шляпа, куртка, өшіргіш, көйлек, теледидар, қағаз, тымақ, радио, жейде, сызғыш, етік, сағат, оқулық, күйтабақтар, туфли, кітап, дәрі, мата, торт, белдемше, сырға, тон, нан, киносурет, бәтеңке, қарындаш, шай, пальто, шалбар, кесе, кофта, дәптер, джемпер, жүзік, қалам,...
|
3. Сырт киім бөлі-мінде сатуда қандай киім бар?
|
жаңа үлгімен тігілген, нашар, жақсы, әдемі, қымбат, арзан, түсі қара (ақ, қызыл, сары), шетелде тігілген, ...
|
4. Сырт киімнен (бас киімнен, аяқ киімнен) нешінші өлшем киесіз?
|
сырт киім - 42; 44; 46; 48; ... бас киім — 54; 56; 58; ... аяқ киім — 35; 36; 37; 38; ...
|
Тапсырма 22.17. Қаланың бір сауда үйін немесе дүкенін суреттеңіздер.
Тапсырма 22.18.Дүкенде деген тақырыпта диалог құрастырыңыз.
а/Сатушы мен сатып алушы
б/Екі сатушы
в/Екі сатып алушы
Тапсырма 22.19.Төмендегі сөйлесулерді оқып, жаттап алыңыз.
* * *
- Сәлеметсіз бе! Менің электр шәйнек алғым келеді.
- Онда үшінші қабатқа барыңыз.
- Рақмет.
* * *
- Аяқ киім белімінен не алғыңыз келеді?
- Мен тойға әдемі, жаңа үлгімен тігілген туфли іздеп жүрмін.
- Өлшеміңіз қандай?
- Отыз алты.
- Сізге мына туфли ұнай ма?
- Ұнайды.
- Бағасы қанша?
- Он бес мың теңге.
- Кешіріңіз, Сіз не іздеп жүрсіз?
- Мен күйеуіме сырт киім іздеп жүрмін.
- Куртка ма, пальто ма?
- Пальто.
- Мына пальтоны көріңіз.
* * *
- Ғапу етіңіз, мына бөлімде шалбарлар сатыла ма?
- Иә, шалбар да, белдемше де сатылады.
- Мына шалбарды өлшеуге бола ма?
- Болады. Өлшейтін бөлме әне.
- Мен мына затты аламын.
- Ақшаны кассаға төлеңіз.
- Бағасы қанша?
- Бағасы затта жазылған.
Тапсырма 22.20. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің қайда барғыңыз келеді? 2. Не ішкіңіз келеді? 3. Сіздің қазір не істегіңіз келіп отыр? 4. Сіздің кіммен сөйлескіңіз келеді? 5. Сіздің кіммен танысқыңыз келеді? 6. Әке-шешеңізге көмектескіңіз келе ме? 7. Туған күніңізге не алғыңыз келеді?
Тапсырма 22.21.Көп нүктенің орнына қажетті грамматикалық көрсеткіштерді қойыңыз.
1. Нығметтің ауылға бар... келеді. 2. Сәрсеннің өлең айт... келіп отыр. 3. Сенің театрда жұмыс істе... келе ме? 4. Біздің институтқа түс... келеді. 5. Менің жауап бер... келіп отыр. 6. Оқытушы менен сұра... келмейді. 7. Бұл мұғалімнің лекциясын тыңда... келмей ме? 8. Бұл фильмді көр... келмейді. 9. Бұл инститтутта оқы... келе ме? 10. Асханадан тамақ іш... келмей отыр. 11. Менің қазір жұмысымды бітір... келмей отыр. 12. Баланы балабақшадан ал... келмей ме?
Тапсырма 22.22.Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Оспанның ... келмейді. 2. Менің ... келіп отыр. 3. Олардың ... келеді. 4. Сендердің ... келіп жүр. 5. Біздің ... келеді. 6. Сіздердің ... келмейді. 7. Сенің ... келмей отыр. 8. Сіздің ... келмей ме? 9. Олардың ... келе ме? 10. Біздің ... келмей отыр. 11. Балалардың ... келмейді. 12. Сіздің ... келмей отыр ма? 13. Сенің ... келмей ме?
Тапсырма 22.23.Төмендегі етістіктерден қалау рай жасап, сөйлем құраңыз.
Отыру, түру, жіберу, қарау, сөйлеу, демалу, ән салу, жату, кету, оқу.
Тапсырма 22.24.Қазақ тіліне аударып, жатқа жазыңыз.
1. Я хочу купить яблоки на базаре. 2. Мы хотим поехать летом во Францию. 3. Мой младший брат не хочет учиться. 4. Вы хотите кушать? 5. Хотите его увидеть? 6. Мне не хочется танцевать. 7. Вы не хотите меня понять. 8. Я не хочу с Вами разговаривать. 9. Он никого не хочет видеть. 10. Мы не хотим сегодня никого принимать.
Тапсырма 22.25. Етістіктерді қалау райда қолданыңыздар.
1. Менің (демалу, оқу, сөйлесу, тыңдау, емделу, танысу) келді. 2. Сенің (ұйықтау, үйлену, қыдыру, аудару, қырыну, киіну) келмейді. 3. Сіздің (сатып алу, кездесу, ауыру, шешіну, ойнау) келіп тұр ма? 4. Оның (жүру, жату, отыру, ашу, жабу, жұмыс істеу) келіп тұр ма? 5. Біздің (шығу, апару, тазалау, күлу, қайту) келіп тұрған жоқ. 6. Сіздердің (қуану, сұрақ қою, жауап беру, жауап алу) келмейді. 7. Сіздердің (амандасу, қоштасу, кешіру, билеу) келеді. 8. Олардың (көмектесу, бастау, дайындау, іздеу, барлау) келе ме?
Тапсырма 22.26. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Сіздің жексенбіде қайда барғыңыз келді? 2. Оның жазда қайда демалғысы келеді? 3. Сенің онымен неге сөйлескің келмейді? 4. Сіздің үйіңізге қашан қайтқыңыз келеді? 5. Оньң саған не туралы айтқысы келді? 6. Сенің кімді шығарьп салғың келеді? 7. Оның кімге көмектескісі келеді? 8. Сіздің маған қандай сұрақ қойғыңыз келеді? 9. Оның түстен кейін не істегісі келеді? 11. Сіздің ініңіздің кім болғысы келеді? 12. Оның машина сатып алғысы келе ме? 13. Сенің досыңа неге көмектескің келмейді? 14. Сіздің қандай музыка тыңдағыңыз келеді? 15. Құрбыңның ауылда тұрғысы келе ме? 16. Сенің онымен неге танысқың келмейді?
Тапсырма 22.27. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1. Мы хотим познакомить вас с нашим городом. 2.Я хочу поехать летом к моей подруге в Уральск. 3.Когда ты хочешь поехать к родителям? 4. Он хотел познакомиться с моими друзьями. 5.Наш сын хочет работать в правоохранительных органах. 6. Ты не хочешь пригласить меня в театр? 7. Вы не хотите нам помочь? 8. Дети хотят пойти сегодня в кино. 9. Он не хочет слушать нас. 10. Вы хотите поехать домой на поезде? 11. Они хотят немного отдохнуть. 12. Мы не хотим говоритъ на эту тему.
Тапсырма 22.28.Мәтіндегі етістіктерді теріп жазыңдар. Осы, өткен шақтағы етістіктерді ауыспалы осы шаққа айналдырыңдар.
Өскемен титан – магний комбинаты ААО – түсті металлургия кәсіпорны. 1965 ж. іске қосылған. Комбинат шығаратын сирек металл – титан авиация, ракета-космос өндірісінде, әскери-теңіз флотында, әсіресе суасты флотында тұтылады. Өндірістік цехтары мен қызмет ғимараттары жетілдірілген жабдықпен жарақтандырылған, технолологиялық өңдеу жүйелерінің жұмысы тұрақты, осы заманғы стандарттау және сертификаттау жүйелері енгізілген. Оның өнімі тек қана экспортқа бағдарланған: Жапония, Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сияқты дамыған шетелдерге шығырылады. Комбинаттың өнімін "Таймет", "Прат енд Уитни"(мотор жасаушы) және "Боинг"(ұшақ жасаушы) сияқты беделді шетелдік фирмалар сатып алады. Кәсіпорынның халықаралық байланыстағы инвестициялық әріптесі – Бельгияның "Спешиалти Метала Компани" фирмасы.
"ҚАЗАҚМЫС" – ірі түсті металлургия кәсіпорыны. 1997 ж. 11 шілдеде құрылған. Корпорацияның құрылу тарихы 1928 ж. қазан айында Қарағанды обл. Қарсақбай кентінде ашылған мыс қорыту зауытынан тұңғыш шикі мыс өндіріле бастаған кезден басталады. «Қазақмыс» құрамына «Жезқазғантүстіметалл», «Балқаш қен-металлургия комбинаты» акционерлік қоғамдары және корпорацияның «ШығысҚазмыс», «Қарағанды құю машинасын жасау зауыты» бөлімшелері кіреді. Жетекші компания – «Самсунг Дойчланд» (ГФР).Өндірілетін өнім мен негізгі қызмет түрлері: катодты мыс, қорытылған алтын, мырыш концентраты, қорғасын тозаңы, күкірт қышқылы, сирек металл тұздары; электр және жылу энергиясын өндіру мен тарату, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік құрастыру, жобалау-iздестiру жұмыстары, өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс, жүк және жолаушы тасымалы. Өндірістік қуаты жылына – 400 мың т жоғары сапалы катодты мыс, 90 мың т мырыш концентраты, 400 кг алтын, 550 т күмic, 4,8 млрд. кВт электр энергиясы. Корпорацияда 65 мың адам жұмыс iстейдi, оның кәсіпорындарында 1 млрд. долларға жуық көлемде өнiм өндiрiледi. Катодты мыстың 99,9%-ы, түйiршiктелген күмic пен алтын шет елдерге шығарылады, негiзгi тұтынушы - «Самсунг» фирмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |