Сабақ Уақыт Уақыт, сағат неше болды? Уақыт время Сағат неше болды? Сағат нешеде? (В каком часу?) Уақыт қанша? I. 1-ден 15 мин кетті (отошло) 2-ден Кет-кен-де



бет2/8
Дата17.06.2018
өлшемі3,23 Mb.
#43015
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Алюминий

Алюминий деген ат ашудастардың латын тілінде «alumen» деген аталуынан шыққан. Жер қыртысындағы салмағы 8,8% -ды құрайды. Ол күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, соғуға, жаюға, созуға икемді.

Алюминий таза металл түрінде электротехникада ток өткізгіш сымдар, химиялық аппаратура, сондай-ақ күнделікті тұрмыста шаруашылық қажетті бұйымдарды дайындау үшін, басқа металдарды ауа коррозиясынан қорғау үшін қолданылады. Алюминий маңызды стратегиялық металл. Ол жеңіл, жақсы жылу өткізгіш, механикалық жағынан өте берік әрі коррозияға төзімді болғандықтан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Алюминий, әсіресе, авияцияда, автомобиль, электротехника, тамақ және металл өңдеу өнеркәсібінде, басқа бірсыпыра салаларда маңызды рөл атқарады.

Алюминий рудалары минералдық құрамына қарай, екі топқа бөлінеді. Негізгі алюминий рудасына боксит, екіншісіне алюминий силикаттары мен сульфаттар жатады.

Алюминий кендері бар нефелинге бай жыныстар Краснояр өлкесі мен Сібірдің көп жерінде, Қола түбегінде, Есіл-Ұлытау аймағында, Ақмола облысында орналасқан. Алунитті жыныстар Әзербайжаннан, Оңтүстік Жоңғардан, Шымкент облысынан табылды.
Сөздік .

Ашудас –квасцы

Корғау –защищать

Саз –глинистая почва

Тамақ –пища

Минералды құрамы – минеральный состав


Тапсырма 18.13. Мәтіндердегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.


19 – сабақ

ҮСТЕУ

Наречие

Үстеу - часть речи, которая обозначает признак действия, предмета или другого признака. Үстеу бывают:

1. Негізгі үстеу (непроизводные )

Мысалы: кейін (потом), жоғары (высоко), төмен (низко).

2. Туынды үстеу (производные) образуются:
а) с помощью жұрнақтары (суффиксов):

-ша/ше: қазақша (по-казахски), немісше (по-немецки) -лай/лей: ақшалай (деньгами), тікелей (впрямую) -дай/дей: жаздай (все лето), күздей (всю осень) -тай/тей: қыстай (всю зиму), теректей (как тополь) -шалық: соншалық (настолько, слишком) -шама: мұншама (столько) -ын/ін: астыртын (тайно), үстіртін (поверхностно)


б)с помощью септік жалгаулар (падежных окончаний): -да/де: жазда (летом), күзде (осенью)

-та/те: қыста (зимой), төсекте (на кровати) -қа/ке: артқа (назад), ішке (внутрь) -ға/ге: жоғарыға (вверх), төменге (вниз) -на/не: айына (в месяц), күніне (в день\) -нан/нен: қырынан (с краю), етбетінен (навзничь) -дан/ден: лажсыздан (безысходно ) -тан/тен: кенеттен (вдруг, неожиданно) -мен: шынымен (и вправду)



Туынды үстеу

Жұрнақтар

Түбір сөз

Туынды сөз

-ша/-ше

қазақ «казахский» орыс«русский»

жаңа «новый»

қазақ-ша «по-казахски»

орыс-ша «по-русски»

жаңа-ша «по-новому»

-дай/-дей,

-тай/-тей

гүл «цветок»

құс«птица»

әке «отец»

гүл-дей «как цветок»

құс-тай «как птица»

әке-дей «как отец»

-да/-де,

-та/-те,

-нда/-нде

жаз «лето»

түн «ночь»

осы «этот»

жаз-да «летом»

түн-де «ночью»

осы-нда «здесь»

-қа/-ке,

-ға/-ге,

-на/-не

арт «задняя часть»

жоғары «верхняя часть»

күн «день»

арт-қа «назад»

жоғары-ға «вверх»

күн-і-не «в день»

-нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен

алды «передняя часть»

қыры «боковая часть»

оң «правая сторона»

алды-нан «спереди»

қыры-нан «сбоку»

оң-нан «справа»




Үстеулердің мағыналық түрлері

Сұрақтар

Мысалдар

Мезгіл үстеулері

(наречия времени) указывают на время совершения действий

қашан?

бұрын «раньше», бүгін «сегодня», ертең «завтра», жиі «часто», бүрсігүні «послезавтра», енді «теперь», ылғи «всегда», қазір «сейчас», былтыр «в прошлом году», биыл «в этом году», әдетте «обычно», жазғытұрым «летом», кейде «иногда», бағана «недавно», ертеден «издавна», әуелі «сначала», кеш «поздно», анда-санда «иногда», күндіз «днем», күні бойы «весь день», күні-түні «днем и ночью», кейін «после, потом», ...

Мекен үстеулері

(наречия места) указывают на место совершения действий

қайда? қайдан?

қай жерде?



алға «вперед», артқа «назад», арттан «сзади», кейін «позади, назад», төмен «вниз», алды-артынан «спереди-сзади», ілгері «вперед-впереди», сонда «там», осында «здесь», кері «назад», әрмен «дальше», бермен «ближе», ешқайда «нигде, никуда», осында «здесь», мұнда «здесь», анда «там», жол-жөнекей «по пути», іште «внутри», жолшыбай «по дороге», сырттан «снаружи внутрь», сыртта «снаружи», іштен «изнутри», әлдеқайдан «откуда-то», әлдеқайда «где-то», жоғарыдан «сверху», жоғары «вверх», ...

Қимыл-

сын


үстеулері

(наречия образа действия) указывают на качество действия.

қалай?

қалайша?


қайтіп?

әзер «с трудом», дұрыс «правильно», дереу «тотчас», жорта «нарочно», зорға «еле-еле», осылай «так», әрең «насилу», әбден «совсем», бірге «вместе», тікелей «напрямую», әдейі «специально», баяу «медленно», бірден «сразу», шапшаң «быстро», жылдам «быстро», өзгеше «по-другому», тез «быстро», меніңше «по-моему», ептеп «по-тихоньку», бірге «вместе», ауызша «устно», жақсы «хорошо», жазбаша «письменно», нашар «плохо», ...

Мөлшер үстеулері

(наречия меры) указывают на меру действия

қанша?

қаншама?


қаншадан?

неше?


нешеден?

нешелеп?


сонша «столько», соншама «столько», қаншама «столько», осынша «столько», едәуір «достаточно», бір-бірден «по одному», талай «много», біраз «немного», кеп «много», қыруар «много», әжептәуір «достаточно», көптеген «много», аз «мало», ...

Күшейту үстеулері

(наречия степени) указывают на степень и интенсивность действия

қалай? қандай?

әбден «совсем», тым «слишком», ең «самыи», ылғи «исключительно», сәл «немного», тіпті «даже», нақ «точно», керемет «необычайно», орасан «очень», мүлдем «совершенно», өңкей «сплошь», аса «очень», сәл-пәл «чуть-чуть», ...

Мақсат үстеулері

(наречия цели и причины) указывают на цель и причину действия

қалай?

неге?


не үшін?

не мақсатпен?



әдейі «назло», әдейілеп «специально», жорта «намеренно», қасақана «нарочно», кере түра «видя», біле тұра «зная»,


Себеп-салдар үстеулері

(наречия цели и причины) указывают на цель и причину действия.

қалай?

неге?


не себепті?

босқа «зря», бекер «зазря», бекерге «зазря», текке «зря», құр босқа «только зря», себепсіз «без причины», амалсыздан «вынужденно», шарасыздан «из безысходности», ...

Топтау я бөлу үстеулері

қаншадан? нешеден? нешеуден? қалай-қалай?

екеулеп «по двое», топ-тобымен «по группам», үшеулеп «по трое», бір-бірден «по одному», бір-бірлеп «по одному», аз-аздан «понемногу», көп-көптен «помногу», бас-басына «на каждого», рет-ретімен «по порядку», ...


Тапсырма 19.1. Мына үстеулерді екі топқа (түбір, туынды) бөліңіз.

Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, қазақша, орысша, меніңше, сеніңше, жылдам, алға, артқа, осында, жақында, күндей, адамша, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр, тым, аса, қырынан, соншама.



Тапсырма 19.2. Мына сөздерден үстеу жасап, орыс тіліне аударыңыз.

1)орыс, қазақ, өзбек, сенің, өздерің, өзің, ағылшын, неміс, француз, ескі;

2)теңіз, құс, апаң, әке, біз, олар, үй, бастық мақтаншақ, жас;

3)түн, күн, алыс, осы, жаны, қасы, арты, күз, қыс, жоғары, орта;

4)төмен, жоғары, жат, алыс, арты, жылы, күні, ал, жат;

5)қыры, жоғары, алды, арты, жаны, басы, қарсы, оң жақ, сол жақ, амалсыз.



Тапсырма 19.3. Кестені пайдаланып сөйлем құраңыз.

Мен

Сіз


Студенттер

Балалар


Адамдар

Менің қаламым Дәптерлер

Жігіттер

Ойыншықтар

Қыздар

Көшелер


Біз

Сендер

ерте, кеш, қазір, ертең, кешке, бүгін, кеше, былтыр, биыл, жаңа ғана «только что», бұрын, әуелі «сначала», күнде, кейде, кейін «после, потом», әрқашан «всегда», ешқашан «никогда», ...


….

жоғары, төмен, осында, мында, анда, сонда, алға, сыртта, іште, ешқайда «никуда, нигде», әрі «дальше», артқа «назад», кейін «назад», ...

….

әдейі «специально», жақсы, жаман, дұрыс, әрең, тез, дереу, баяу, жылдам «быстро», зорға «насилу», ...

….

сонша, соншама «так много», көп, аз, бір-бірден, қанша, қаншама, талай «достаточно», ...

….

Тапсырма 19.4. Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңыз.

... мен театрға барамын. ... керемет концерт көремін. Концертке досыммен ... барамын. Эстрада әншісі ... ән айтады. Театрда кісі ... болады. Біздің орындарымыз ... болады. ... көру үшін біз ... жылжимыз. Концерт бізге ұнайды. ... тағы да театрға барғым келеді.



Керекті сөздер: бірге, артта, өте, жақсы, енді, көп, онда, кешке, ілгері, ағылшынша.

Тапсырма 19.5. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулердің астын сызыңыз, қандай үстеу екенін ажыратып, орыс тіліне аударыңыз.

Бүгін таңертең ұшаққа мініп, жоғары көтерілеміз. Ұшақ дереу жоғары, биікке көтеріледі. Жер төменде қалады. Баратын жеріміз ілгері алыс. Ұшақ екі сағаттан кейін Омбының әуежайына қонады. Біраз уақыттан кейін төмен түсеміз. Төменде қала шамдары көрінеді. Бізді көп адамдар күтіп тұрады. Біз Алматыдан Омбыға шапшаң жетеміз.



Тапсырма 19.6. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Әдейі істеп отыр. 2. Біле тұра неге солай істейсің? 3. Әдейілеп Сізді көру үшін келіп отырмын. 4. Көре тұра неге үндемейсің? 5. Жорта ешкімге айтпайық. 6. Әдейі сенен сұрағалы отырмын. 7. Әдейілеп оған хат жазып отырмын. 8. Мен оны қасақана істемеймін.



Тапсырма 19.7. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз.

Жорта, қасақана, әдейілеп, біле тұра, әдейі, коре тұра.



Тапсырма 19.8. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Босқа әуре болма. 2. Текке жұмыс тоқтап тұр. 3. Амалсыздан қонаққа бара жатырмын. 4. Шарасыздан тоқтаймыз. 5. Бекер мұны бастап отырмыз. 6. Құр босқа барма. 7. Себепсіз қонақ шақырып отырмыз. 8. Текке рұқсат бересің. 9. Босқа уақытым өтіп бара жатыр.



Тапсырма 19.9. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Рет-ретімен қояйық. 2. Екеулеп отырыңдар. 3. Бір-бірлеп санаңдар. 4. Аз-аздан ішсін. 5. Бас-басына жете ме? 6. Үшеулеп жүріңдер. 7. Бір-бірден сал. 8. Топ-тобымен бөлінсін. 9. Көп-көптен алсын.



Тапсырма 19.10. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Самат дұрыс айтады. 2.Әдейі айтып отыр. 3.Гауһар жақсы оқиды. 4.Сен нашар жазасың. 5.Осылай болсын! 7.Бірге жаз. 8. Наташа қазақша әрең сөйлейді. 9.Ол тез жүреді. 10. 11.Тікелей хабарласыңыз. 12.Бәрі меніңше болады! 13.Жаттығуды жазбаша орындаңыздар.



Тапсырма 19.11. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Едәуір жұмыс бітірмекпіз. 2. Соншама кісі! 3. Қаншама адам жүр! 4. Қаншама жұмыс күтіп тұр! 5. Мына сөйлемді екі рет жаз. 6. Мира біраз ойланып тұрды. 7. Кітапты көп оқу керек. 8. Бір-бірден сана. 9. Әжептәуір сал. 10. Әлі талай жұмыс істерміз. 11. Осыншама қонақ келеді. 12. Төле би көшесінде көптеген машина жүр. 13. Қайрат қыруар ақша табады. 14. Сонша қонақ отыр!



Тапсырма 19.12. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Жаздыгүні сендер Астанаға барасыздар. 2. Айжан Астанаға кейін жүреді. 3. Мен Астанада көп болмаймын. 4. Марина қазір қазақша сөйлейді. 5. Мұғалім сабақты әдетте қызықты жүргізеді. 7. Мен үйге бүрсігүні жетемін. 8. Сәбит кейде дұрыс айтады. 9. Ертең жұмысқа кешікпей кел. 10. Әуелі маған қара. 11. Қыстыгүні аяз қатты болады. 12. Марат енді келе жатыр. 13. Көктемде Англияға барып қайтамыз. 14. Сен ертең ерте тұр, сабаққа кешігіп қаласың! 15. Әрқашан күн сөнбесін! 16. Сен Түркияда аз ғана уақыт боласың ба? 17.Дүкенге жиі бармаймын, жек көремін. 18. Күздігүні балалар мектепке барады. 19. Арман сабаққа ешқашан кешікпейді.



Тапсырма 19.13. Отдельно выпишите негізгі үстеу и туынды үстеу,

переведите на русский язык.

Кеше, қазақша, бүгін, қыстай, төмен, төсекте, жоғары, қырынан, нағыз, тым, үйден, етбетінен, ерте, таңертең.



Тапсырма 19.14. Вставьте вместо точек нужные мезгіл үстеу (бүгін, күні-түні, түнде, былтыр, ерте).

Марат ауылдан ... келді. Жаңбыр бір апта ... жауды. Жұлдыздар ... көрінеді. Мен мектепті ... бітіргенмін. Нұрсейіт күндегіден ... тұрды.



Тапсырма 19.15. Найдите мекен үстеу. Переведите на русский язык. Біздің ауыл қаладан алыста орналасқан. Сәуле қырынан қарағанда әкесіне ұқсайды. Майра қаладан кеше келді. Құстар бұлттан төмен ұшады. Ол солға бұрылды. Ділмұрат бұл баспаға жақында ие болды.

Тапсырма 19.16. Найдите мөлшер үстеу и бейнелік үстеу. Маған неге сонша ренжідің? Асқар бірталай жүрді. Сен тез кел. Гүлнұр әнді жақсы айтты. Әлия қазақша да, орысша да еркін сөйлейді. Олар көшеде бетпе-бет кездесті.

Тапсырма 19.17.Түбір үстеулерді оқып, орысша. баламасын сөздіктен тауып, орыс тіліне аударыңыз.

ең аса ерте қазір ақырын

нақ кеш енді әбден әшейін

тым тез әрең зорға былтыр

дәл әлі әдейі нағыз бағана

жиі өте әуелі талай ілгері

әрі бері ылғи үнемі жылдам

сәл бірге кейін бұрын жоғары






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет