Сабаққа қатысушылар өз пікірлерін баяндады. Сөз сөйлеген


Денсаулық сақтау технологиясы



бет7/10
Дата18.07.2022
өлшемі0,52 Mb.
#147550
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ашық оқу қызмет хаттама, анықтама

Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен;
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.
Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.
Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама.
Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б
 
Зайцев технологиясы
Зайцев технологиясы бойынша оқыту бұл ойын арқылы оқыту.
Технологияның негізгі мақсаттары:

  • Мектепке дейінгі жастағы баланы санауға, оқуға үйрету;

  • Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Бүктеу арқылы оқыту;

  • Өлең айту арқылы оқыту;

  • Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету;

  • Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану-дыбыстық, моторлық, кинестикалық, түстік дағдыларын қалыптастыру;

  • Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану;

  • Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет